1. Батыс Қазақстандағы келтемір мәдениеті Солтүстік Қазақстандағы маханжар және атбасар мәдениеттері



бет6/6
Дата06.01.2022
өлшемі22,4 Kb.
#15174
1   2   3   4   5   6
Усть-Нарым, , Қызылсу, Сатшықыз;

Тас дәуірінің ең соңғы сатысы болып табылатын неолит кезеңіне жататын көрнекті ескерткіштерден тас құралдармен қатар, қыш ыдыс үлгілері көптеп табылған Усть-Нарым, Малокрасноярка тұрақтары жақсы белгілі (б.з.б. 3-мыңжылдық). Қола дәуірінде өлке тұрғындарының экономикасы мен қоғамы күрт дамыды, ескерткіштердің таралу аумағы анағұрлым кеңіп, адам тіршілігіне қолайлы, ұрымтал, нулы-сулы алқаптарда көлемді қоныс-мекендер мен қорым-зираттар пайда болды. Ғалымдардың пікірінше, көне экономиканың шұғыл көтерілуіне тікелей әсер еткен факторлардың арасында мал шаруашылығы мен егіншілікке қолайлы алқаптардың болуы ғана емес, әсіресе, бұл өлкелерде мыс., қалайы, алтын, қорғасын, темір сияқты металл кендерінің аса зор қорларының орналасуы маңызды орын алды. Мұны археол. барлау-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ашылған ондаған көне кен орындары нақты дәлелдеп отыр. Қола дәуірінің андронов тарихи-мәдени қауымдастығына жататын федоров мәдениеті ескерткіштерінің өте үлкен тобы анықталған. Қанай а. маңынан зерттелген қоныс, зират пен ғұрыптық орынның аса құнды деректері ғылымның алтын қорына енді. Зевакино зираты құрамында 500-ден астам нысан бар аса көрнекті ескерткіш.

4.Қазақстан аумағында сегізжүзге жуық неолиттік ескерткіштер табылған. Әдетте өзендік тұрақтарда, сондай-ақ көлдік үлгідегі тұрақтарда едәуір көп заттар табылады. Мұның өзі бұл жерде адамның тұрақты немесе ұзақ уақыт тұрғанын көрсетеді. Мұндай тұрақтардан негізгі құрал-саймандар – пышақ тәрізді қалақтар және қырғыштар.

Қазақстанда шөл далаларындағы неолиттік ескерткіштердің бір ерекшілігі, олардың көпшілігі-ашық үлгідегі тұрақтар. Олар: Шығыс Қазақстандағы Усть-Нарын, Орталық Қазақстандағы Қарағанды, Зеленая Балка, Солтүстік Қазақстандағы Пеньки т.б. тұрақтар. Бұлар Сарыарқаның солтүстігінде, Ертістен Есілге дейінгі аралықта орналысқан. Олар жаңа тас ғасырының ерте кезіне, яғни б.з.б. 5 мыңжылдыққа жатады.

Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай:


  • бұлақтық,

  • өзендік,

  • көлдік,

  • үнгірлік тұрақ деп төрт түрге бөлінеді.

Неолит кезеңінің ең көне б.з.б. 5 мыңжылдыққа жататын тұрақтарының бірі - Қараүнгір. Ол Түркістан облысы Түлкібас ауданында орналасқан. Қараүнгір тұрағынан шақпақтастан жасалған және сүйек бұйымдар – көзі бар инелер, біз, тескіштер, тегістегіш-жонғыштар және т.б. табылған.

Сексеуіл неолит тұрағы Қызылорда облысында орналасқан. Оның маңында су қоймасы болған және онда көп мал қалдықтары табылған. Демек Сексеуіл тұрағының тұрғындары мал өсірумен және аңшылықпен шұғылданған.

Солтүстік Қазақстанда Пеньки селосы маңындғы тұрақта тас шапқылар, жалпақ пышақтар, қырғыштар кездеседі ондағы адамдардың негізгі шаруашылығы орман, көлден құс, балық аулау, терімшілік болған.

Орталық Қазақстан Қарағанды, Зеленая Балка тұрақтарына үй малының сүйектері табылған.



Жезқазған өңірінен жұз елуге жуық тұрақ, көне кен және жерлеу орындары табылған.

Шығыс Қазақстан аймағынан табылған қоныстар неолит дәуірінде бұл аймақты мекендеушілер егіншілікпен, балық аулау және терімшілікпен айналысқан екенін дәлелдейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет