1-билет Гормондар, түсінік. Химиялық табиғаты бойынша жіктелуі



бет5/17
Дата26.04.2023
өлшемі45,53 Kb.
#87133
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
1-áèëåò Ãîðìîíäàð, ò?ñ³í³ê. Õèìèÿëû? òàáè?àòû áîéûíøà æ³êòåëó³

2 Гем туралы брдене
Гем-порфирин тобының темір қоспасы бар қосылысы. Гем — қан эритроциттерінің гемоглобині мен бұлшықет миоглобинінің құрамына еніп, күрделі бояғыш нәруыздарды түзеді. Бұлар организмдегі газ алмасу процесіне қатысады.
1. Алдымен дельта-аминолевулин қышқылы тузіледі. Бұл реакция митохондрияда аминолевулинат синтетаза ферментінің әсерінен сукцинил-КоА мен глицинің конденсациялануы нәтижесінде журеді
2. Келесі реакция цитоплазмада журеді Дельта аминолевулин кышкылының екі молекуласының конденсациялану реакциясы нәтижесінде порфобилиноген тузіледі
3. Содан кейін көп сатылы реакциялардың нәтижесінде порфобилиногеннің 4 монопирролды молекуласынан протопорфирин IX тузіледі ол гемнің тікелей негізі салушысы болып табылады.
4. Протопорфирин-IX ТeMip ионы косып алып гем түзіледі


3 Ұзақ уақыт бойы дене еңбегімен айналысқан студенттің бұлшық етінде, әсіресе, балтырында ауырсыну байқалды. Ұзақ уақыт және ауыр дене еңбегімен айналысқанда неліктен бұлшық ет ауырады? Біраз уақыттан соң осы ауырсыну сезімі неліктен басылады
Алғашқы жаттығу кезінде бұлшықет ауыруы сүт қышқылының болуымен байланысты болуы мүмкін. Ол әр адамның денесінде болады. Дене белсенділігі кезінде организмде көмірсулардың тұтынылуы артады. Глюкоза оттексіз ыдырайды, ал оның тотығуынан кейін сүт қышқылы иондары - лактаттар түзіледі. Өте қарқынды жүктемелер кезінде барлық лактаттар денеден шығарылмайды және сүт қышқылы жиналады, бұл бұлшықеттерде жану сезімін тудырады.
Алайда, келесі күні бұлшықеттердегі ауырсыну сүт қышқылының әсерімен ешқандай байланысы жоқ, өйткені жаттығу аяқталғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң, артық қышқыл ағзадан шығарылады. Мұның бәрі бұлшықет талшықтары бойымен өтетін жұқа жіпшелер (миофибриллалар) жаттығу жасағанда, бұл жіптер үзіліп, бұлшықеттерде өлі тіндердің аймақтары пайда болады, олар иммундық жүйеден ағзадан шығарылады. Алайда бос радикалдар пайда болады, ал жасушаларда судың жетіспеушілігі сезіледі. Осы күрделі процестің нәтижесінде ауырсыну рецепторлары қозады, сондықтан адам жаттығудан кейінгі күні бұлшық еттерінде ауырсыну сезінеді.Сондай-ақ, жаттығулар үнемі болуы керек. Тек осылай ғана дене тұрақты күйзеліске үйрене алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет