1-билет Науқасты Фаулер қалпына жатқызу


) ЖЕКЕ ИНГАЛЯТОРДЫ ҚОЛДАНУ



бет3/68
Дата02.06.2023
өлшемі193,92 Kb.
#98302
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
ответы

3) ЖЕКЕ ИНГАЛЯТОРДЫ ҚОЛДАНУ
Мақсаты: емдік, науқасқа өз-өзіне қолдануын үйрету.
Қолдану көрсетілімдері: қан айналу және тыныс алу органдары ауруларында дәрігердің тағайындауымен.
Дайындаңыз: аэрозольді ингаляторды, оның сақталу мерзімін тексеріңіз.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшара жүргізу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
2. Науқасқа өз-өзіне ингаляторды қолдануын үйрету.
3. Науқасқа отыру немесе тұру қалпын жасаңыз.
4. Баллоншаның мундштугінен қорғаныш қалпағын алыңыз.
5. Баллоншаны аэрозольмен жоғарғы жағын төмен қаратып бұрып, бірнеше рет жігерлі сілкілеңіз.
6. Науқасқа асықпай ауыз арқылы терең демді шығаруды сұраңыз.
7. Баллоншаны аэрозольмен қолыңызға алып, ауызға жақындатып, балоншаның мундштугін еріндерімен қамтып ұстап, басын сәл артқа қарай шалқайтуын сұраңыз.
8. Науқастан терең дем алуын сұрап және бір мезетте баллоншаның түбін тығыз басыңыз – осы мезгілде ауыз қуысына дәрінің дозасы аэрозольді түрінде түседі.
9. Науқасқа аэрозольді ішке тартып, 10-12 секунд демін ұстауын сұраңыз. Ауызынан мундштукті шығарып, сосын науқас ақырын мұрын арқылы демін шығарады.
10. Баллоншаның мундштугіне қорғаныш қалпағын кигізіңіз.
Ескерту:
- аэрозольмен дем алғанда клапанның шашырататын басын 1 реттен артық басуға болмайды;
- аэрозольдің дозасын дәрігер анықтайды.


2-билет
1) Өлім үстіндегі жағдай организмнің тіршілік етушілік бұзылыстарының қиындау деңгейін, артериальдық қысымның кенеттен төмендеуін, газ алмасуынын және жасушылар мен тіндердегі заттек алмасуының терең бұзылыстарын сипаттайды.
Жанталасу басындағы, жанталасу және клиникалық өлім ақтық жағдайына жатады – бұл өмір мен өлім арасындағы шекаралық жағдай. Осы жағдайларда алғашқы реанимациялық көмек көрсету адам өмірін сақтауының жалғыз ғана әдісі болып табылады.
Жанталасу басындағы жағдай (Преагония):
- мәнгіру;
- есі шатасқан;
- артериальдық қысым 60 мм с.б. деңгейіне дейін және төмен кенеттен төмендейді;
- шеткері артериальды тамыр соғудын толысуы (жіп тәрізді) азаяды және жиеленеді;
- тыныс алуы жие, үстірт;
- ентігу (тахипноэ – тыныс алуы жиі);
- терісі және шырышты қабықтары бозарады, көгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет