1 билет қР мектепте химия білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшеліктері


Эксперименттік білік пен дағдылардың жіктелуі



бет30/65
Дата28.12.2023
өлшемі360,43 Kb.
#144510
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   65
Эксперименттік білік пен дағдылардың жіктелуі:
Химиялық эксперименттерді мүмкіндігінше жиі жүргізіп отыру оқушыны өз бетінше жұмыс жасауға тәрбиелейді, оның бойында эксперименттік білік пен дағдының қалыптасуына үлкен септігін тиізеді. Көптеген әдебиеттерге шолу жасай келе және химия пәні мұғалімдерінің пікірлерін тыңдап, талдай отырып үздіксіз эксперимент жүргізіліп отыратын мектептердің оқушыларының бойында төмендегідей эксперименттік білік пен дағдылардың қалыптасуы мүмкін екендігін анықтадық:
Ұйымдастырушылық білігі мен дағдысы:
  • экспериментті жоспарлау;


  • экспериментті жүргізуге қажет реактивтер мен құрал-жабдықтарды іріктеп алу;


  • эксперименттік жұмыс жасау кезінде уақытты, реактивтер мен құрал-жабдықтарды, әдістерді. тәсілдерді ұтымды және орынды пайдалану;


  • әрбір іс-әрекетін түсініп жасап, өзін-өзі бақылау;


  • жұмыс орнында тазалық және тәртіп сақтау;


  • жұмысты өз бетінше орындау.





Техникалық білік пен дағды:
  • реактивтермен және құрал-жабдықтармен жұмыс жасай білу;


  • дайын бөлшектер мен ұсақ құралдардан аспап және қондырғы жинау;


  • химиялық операцияларды орындау;


  • техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау.





ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫ ӨТКІЗУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ.
Жалпы сипаты:
Ғылыми – зерттеу әрекеті барысында зертханалық жұмыстар теориялық - әдістемелік білімдер мен тәжірибелік дағдыларды біріктіруге мүмкіндік береді. Зертханалық сабақтарда оқушылар өздігінен эксперименттер қояды,бақылайды, табиғи құбылыстарды немесе технологиялық процестерді зерттейді, құрал-жабдықтармен танысады,олардың жұмыс істеу принциптерін игереді. Зертханалық сабақтар жеке және топта жұмыс істей білу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастырады, есеп шығару, тәжірибе қою, эксперимент жасау, жаттығулар орындау барысында ойлау қабілеттерін белсендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет