G/ тұрақты ұйқастар
H/ шалыс ұйқастар
22. «Әдебиет - өнер атаулының ең қиыны, күрделісі» және «өнердің ең жоғарға түрі» - деп атаған
А/ Ә.Марғұлан
В/ М.Ғабдуллин
С/ В.Радлов
Д/ Г.Потанин
Е/ М.Әуезов
F / Б.Кенжебаев
G/ О. Бальзак
H/ В.Белинский
23. Ауыз әдебиетінің жанрлық құрамы
А/ ертегілер
В/ романдар
С/ өтірік өлеңдер
Д/ әңгімелер
Е/ шешендік сөздер
F / повестер
G/ новеллалар
H/ тұрмыс-салт жырлары
24. Қазақтың ауыз әдебиетінің ежелгі үлгілері кездеседі
А / қытай жазбаларында
В/ славьян халықтарында
С/ ежелгі үнділерде
Д/ көне түркі жазуларында
Е/ көшпелі түркі халықтарында
F / Орхон ескерткіштерінде
G/ ежелгі тайпаларда
H/ көне дәуірлерде
25. Түркі халықтарына ортақ жырлар
А/ «Алпамыс батыр» жыры
В/ «Қобыланды батыр» жыры
С/ «Қыз Жібек» жыры
Д/ «Ер Тарғын» жыры
Е/ «Қамбар батыр» жыры
F / «Айман –Шолпан» жыры
G/ «Едіге батыр»
2- бөлім. Тұрмыс-салт жырлары
Тұрмыс-салт жырларында көне эпостық шығармаларға негіз болған мұң-шер өлеңдері мен саят жырларынан бастап, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты, қуаныш пен сүйініш-күйінішті көрсететін лирикалық ән-өлеңдер де, тарихи шағын жырлар да кездеседі. Соның ішінде наурыз жырлары, төрт түлік мал туралы өлеңдер ең көне түр болып саналады. Мұндай жырларда ежелгі адамдардың еңбек кәсібі, түрлі тотемдік түсініктері, табиғаттың жұмбақ сырына үңіліп, оған табынудан туындаған ұғым-түсініктері сипатталады. Мысалы, "Жылқышы”, "Шопан ата”, "Зеңгі баба”, "Ойсыл қара”, "Бозінген”, т.б.
Түркі халықтарының тұрмыс-салт жылы тақырып, мазмұн, түр, жанр жағынан ұқсас келеді. Мысалы, нәрестенің дүниеге келуі, үйлену, дүниеден қайту, жаңа жыл салтанаты, еңбек мерекесі, т.б. дәстүрлі салттар түркі халықтарында өлең-жырсыз өтпейді.
Қазақтың тұрмыс-салт жырлары жеке немесе топтасқан түрде белгілі бір әуенмен орындалады. Қазақ зерттеушілері тұрмыс-салт жырлары терминін түрліше қолданған салт өлеңдері (Ә.Диваев, Б.Кенжебаев), сарындама (А.Байтұрсынов), сыншылдық салт өлеңдері (М.Әуезов), салт өлең-жырлары (С.Сейфуллин), тұрмыс-салтқа байланысты туған шығармалар (М.Ғабдуллин), әдет-ғұрыппен байланысты өлеңдер (Б.Уахатов), т.б. Уахатовтың "Қазақтың халық өлеңдері” (1974) еңбегінде тұрмыс-салт жырларының көне түркілік дәуірден бергі үлгілері мен жиналу, зерттелу жайы жан-жақты қамтылып, өлеңдер жанрлық тұрғыдан 4 түрге жіктелген. Алайда халықтың тұрмысы мен салты үнемі өсу, жаңару үстінде болғандықтан жырларды жіктеу де өзгеріске ұшырап отырады. Ғылымдағы соны көзқарастар нәтижесінде тұрмыс-салт жырлары да жаңаша тұрғыдан саралана бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |