1-БӨлім. ӘЛеуметтік-психологиялық тренингтің жалпы негіздері


тұлғалық-бағыттаушылық тренинг



бет8/18
Дата15.11.2023
өлшемі412,5 Kb.
#123430
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

Тренингтің екінші типін біз тұлғалық-бағыттаушылық тренинг деп атадық. Тұлғалық-бағыттаушылық тренингке тұлғалық өсу немесе психотүзетуші (психокоррекционные) деп аталатын топтар жатады. Бұл топтардың негізгі міндеттері - өзара зерттеу, тұлғаның өзі туралы білім алу, оны дамыту мен ашу. Мұнда психологиялық ұстанымдардың теңдігі орнатылатын психологиялық әсер «субьект-субьектілі» жүйе қатынасында жүзеге асырылады. Аталған топтардағы негізгі процесс тұлғаның өсуі – оның ашылуының белсенді процесі және өзіңді ішкі әлеммен байланыстыра отырып дамыту болып табылады.

  • Тренингтің екінші типін біз тұлғалық-бағыттаушылық тренинг деп атадық. Тұлғалық-бағыттаушылық тренингке тұлғалық өсу немесе психотүзетуші (психокоррекционные) деп аталатын топтар жатады. Бұл топтардың негізгі міндеттері - өзара зерттеу, тұлғаның өзі туралы білім алу, оны дамыту мен ашу. Мұнда психологиялық ұстанымдардың теңдігі орнатылатын психологиялық әсер «субьект-субьектілі» жүйе қатынасында жүзеге асырылады. Аталған топтардағы негізгі процесс тұлғаның өсуі – оның ашылуының белсенді процесі және өзіңді ішкі әлеммен байланыстыра отырып дамыту болып табылады.

Психологиялық жұмыстардың топтық әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктері Тәжірибелі психологияның кез-келген әдісі секілді әлеуметтік-психологиялық тренингтің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері болады.К.Рудестам топтық жұмыстардың келесі артықшылықтарын көрсетеді:

  • Психологиялық жұмыстардың топтық әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктері Тәжірибелі психологияның кез-келген әдісі секілді әлеуметтік-психологиялық тренингтің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері болады.К.Рудестам топтық жұмыстардың келесі артықшылықтарын көрсетеді:
  • Топта эмоционалды жылулыққа қажеттілік және адамның басқа адаммен қатынасында жылулыққа қажеттілігі туындайды.
  • 2. Арнайы ұйымдастырылған топта жинақталған тәжірибе тұлғааралық өзара әрекетте туындайтын мәселелердің шешілуіне көмектеседі.
  • 3. Топтық шарттарда кері байланыс алу мүмкіндігі болады.
  • 4. Тренингтік топтарда топтың белгілі мүшесінен ортақ мәселелері мен толғаныстары бар адамдардан қолдау табады.
  • 5. Индивид бақылауға алынған ортада жаңа білім мен ақыл алуға қолдау табады.
  • 6. Топта әріптестердің қысымы, конформизм, әлеуметтік әсер ету, рольдерді бөлу сияқты жасырын факторлар айқындалады.
  • 7.Қатысушылар өздерін басқалармен қатар қойып және орнатылған эмоционалды байланысты өзінің толғаныстарын, сезімдерін, өзін-өзі ұстауын бағалауда пайдалана алады.
  • 8. топ өзін-өзі зерттеу процесін, интроспекцияны және индивидтің «Мен» концепциясының қалыптасуын жеңілдетеді.
  • 9. Экономикалық пайда – бір ғана жетекші психолог индивидтер тобымен жұмыс жасайды.
  • Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:Тренингтің мақсаттарына орай тренингті қандай екі типке (түрге) бөлуге болады?Әлеуметтік-психологиялық өзін-өзі ұстау тренингі тренингтің қай типіне жатады? Қысқаша сипаттаңыз.ӘПТ-ны оқу формасы ретінде сипаттаңыз.Тұлғалық-бағыттаушылық тренингті сипаттаңыз.Тұлғалық өсу топтарынан мысалдар келтіріңіз.Топтық психологиялық жұмыстардың артықшылықтарын атаңыз.Тренингтегі топтық жұмыстардың кемшіліктері неде?ӘПТ-ның процедуралық аспектілері болуы мүмкін ерекшеліктерін санамалап беріңіз.
  • Негізгі әдебиеттер:Вачков И. Основы технологии группового тренинга. – М., 1999.Джонсон Д.У. Тренинг общения и развития: Пер. с англ. – М.: Прогресс, 2001. – 248 с.Емельянов Ю.Н. Активное социально-психологическое обучение. Л.: Изд-во ЛГУ, 1985. – 167 с.
  • Қосымша әдебиеттер:Келли Г. Тренинг принятия решений. – СПб.: Питер, 2001. – 224 с.Клюева Н., Свистун М. Программы социально-психологического тренинга. – Ярославль, 1992.Кратохвил С. Групповая психотерапия неврозов. – Варшава, 1986.Кристофер Э., Смит Л. Тренинг лидерства. – СПб.: Питер, 2001. – 32 с.Робер М., Тильман Ф. Психология индивида и группы. – М., 1988.Сидоренко Е. Терапия и тренинг по Альфреду Адлеру. – СПб.: Речь, 2000. – 346 с.Смит М. Тренинг уверенности в себе. – СПб.: Комплект, 1999. – 243 с.Стюарт Дж. Тренинг организационных изменений. – СПб.: Питер, 2001. – 256 с.Фопель К. Психологические группы: Рабочие материалы для ведущего: Практическое пособие. – М.: Генезис, 2000. – 256 с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет