20.Құс тұмауы ауруының емі, алдын алу шаралары. Құстың тұмауы (Grippus avium, грипп птиц) – септицемия, домбығу, тыныс және ас қорыту мүшелерінің зақымдануымен ерекшеленетін жұғымтал ауру. Қоздырушысы – Influenza A influenzavirus - ортамиксовирустар туыстастығына жататын, құрамында РНҚ бар, сүтқоректілер мен құстарға ортақ тұмау вирусының А тобына жатады.
Аурудың емі табылған жоқ. Тұмауға шалдыққан құсты емдеу тиімсіз. Індеттің жайылып кету қаупінен сақтанып, ондай құсты тез жойып, өртеп жібереді.
Ауырып жазылған құстарда 6 айға дейін стерильсіз иммунитет қалыптасады. Аурудың алдын алу үшін тұмаудың А типіне қарсы өлтірілген гидроокись аллюминий вакцинасын, құстың тұмауына қарсы сұйық және құрғақ өлтірілген вакциналарды қолдану ұсынылған. Негізінен құс шаруашылығында өлтірілген адъювант ретінде майлы эмульсия қосылған вакцина қолданыс тапты.
Аурудың алдын алу үшін құс фермалары мен фабрикаларында санитариялық реттілікті сақтаудың, зоогигиеналық талаптарды орындаудың маңызы зор. Шеттен құс әкелгенде, жем, транспорт, ыдыс кіргізгенде сақтық шараларын мұқият сақтау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |