16.Құс тұмауы ауруының клиникалық белгілері. Құстың тұмауы (Grippus avium, грипп птиц) – септицемия, домбығу, тыныс және ас қорыту мүшелерінің зақымдануымен ерекшеленетін жұғымтал ауру. Қоздырушысы – Influenza A influenzavirus - ортамиксовирустар туыстастығына жататын, құрамында РНҚ бар, сүтқоректілер мен құстарға ортақ тұмау вирусының А тобына жатады.
Жасырын кезеңінің ұзақтығы 2 – 5 күн. Ауру басталғанда күйзеліп, тұмсығынан сора ағады. Эксудат алғашында серозды – катарлы болып, кейіннен серозды – іріңге айналады. Аққан сора тұмсық тесігінің айналасында тобарсып кеуіп, құстың тынысы қиындайды. Синусит және синовит байқалады. Кей жағдайда көздің қабықтары қабынып, құстың басы ісінеді.
Мекен тауықтар жұмыртқалауын тоқтатады, бірақ жазылған соң қайтадан жұмыртқалай бастайды. Тыныс мүшелерінің зақымдануымен қатар ауырған құстарда дияреяның симптом комплекстері байқалады. Саңғырығы сұйылып, түсі қоңыр – жасыл болады. Атаксия байқалып, невроз құрыстану байқалады, құс бір орында айналшықтап, мойыны мен қанаттары дірілдейді. Аурудың клиникалық белгілері онша білінбей, жеңіл өтуі де мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |