25.Лейкоз ауруының патанатомиялық өзгерістері. Құстың лейкозы (Leucosis avium, лейкоз птиц) – жетілмеген қан түзу торшаларының көбеюі арқылы білінетін, қатерлі ісіктің пайда болуымен ерекшеленетін созылмалы жұқпалы ауру. Қоздырушысы – Avianleukemia oncovirus жалпы атауына біріккен онкарновирустардың екі тобын қамтиды. Олар лейкоз-саркома кешенінің вирусы (ALV) және ретикулоэндотелиоз вирусы (LEV).
Лимфоидты және миелоидты лейкоз бен ретикулоэндотелиоз кезінде бауыр біршама ұлғаяды. Ағзаның бозғылт қоңыр бетінде ақшыл-сұрғылт дақтар көрінеді, тіліп қарағанда майға ұқсайды. Бүйректері мен көкбауыр да ұлғайып, қансызданады. Ұлғайған аналық без гүлді капустаға ұқсайды. Ақшыл сұрғылт дақтар қарында, фабриций қапшығында, өкпеде және басқа ағзаларда ұшырасады. Эритробластоз кезінде тері мен бұлшық еттер бозғылт тартады. Бауыр мен көкбауырдың түсі шие тәрізді, ісінгенімен онша үлғаймайды. Сірі қабықтың астында ұсақ қанталаулар білінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |