1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Қойдың жыбырлақ ауруының диагнозы және дифференциалдық диагнозы



бет123/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   131
Байланысты:
Зооантропаноздық аурулар сессия 5-курс

33.Қойдың жыбырлақ ауруының диагнозы және дифференциалдық диагнозы. Қойдың жұқпалы энтеротоксемиясы немесе жыбырлақ (Enterotoxemia infectiosa ovium, инфекционная энтеротоксемия овец) – геморрагиялық энтеритпен, бүйректің зақымдануымен, жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуымен, дененің жалпы улануымен ерекшеленетін, өте ауыр өтетін жұғымтал емес ауру. Қоздырушысы – Cl. perfringens микробының әр түрлі типтері: негізінен Bac.oritoxicus аталатын Д-типі, Bac.paludis аталатын С-типі.

Энтеротоксемияға диагноз қою үшін індеттанулық деректерді, клиникалық белгілерін және патологиялық-анатомиялық өзгерістерін ескеріп, зертханалық зерттеу жүргізеді. Зертханаға ішкі ағзалардың кесінділерін, бір сүйем сау ішекті ішіндегісімен, жіліктің сүйегін, құрсақ қуысындағы экссудатты жібереді. Зертханада бактериологиялық зерттеу және ішектің ішіндегі сұйықты бейтараптау реакциясының көмегімен токсинге тексереді. Клостридиялардың Д-типі қоздырған энтеротоксемия кезінде ішектен үнемі токсин табылады, ал бұл микробтың С-типінен болған ауруда токсин табыла бермейді. Ондай жағдайда бактериологиялық зертетеудің нәтижесіне сүйенеді.

Клостридиялардың Д-типі тудырған ауру кезінде қойдың несебінде қант кездеседі. Ішектен токсинді анықтау үшін оның ішіндегі жынды екі есе артық физиологиялық ерітіндімен езіп, 30 мин. шайқап, Зейтц сүзгісімен сүзіп, алынған сүзіндіні үй қоянына 1 мл көк тамырына жібереді. Сүзіндіде токсин болса тәжірибедегі жануар 3-5 мин ішінде жүйке жүйесінің зақымдану белгілерімен өледі. Токсин табылған жағдайда токсинге қарсы оның әр типіне тән сарысумен бейтараптау реакциясы жүргізіледі. Патматериалдан Китт-Тароцци ортасына түсірілген себіндіні термостатта ұстап, 4-5 сағ. өткен сайын қайталап сеуіп, тез өсетін анаэробтардың таза өсіндісін алады. Алынған өсінді микроскопия арқылы және иммунофлуоресценция әдісімен тексереді.

Ажыратып балау. Жыбырлақты топалаңнан, секіртпеден, пастереллезден, пироплазмоздан, қарасаннан ажырату керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет