12.Құтыру ауруының диагнозы және дифференциалдық диагнозы.Құтырық (лат. Lуssа, ағыл. rabies) – судан қорқу, гидрофобия адам мен жануарлардың жіті жұқпалы ауруы, орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен сипатталатын ауру.1903 жылы Ремленже және Риффат – бейвирустың сүзгіден өтетіндігін дәлелдеді. Осы жылы венгр ғалымы А.Негри құтырықтан өлген адам мен жануарлардың ми клеткаларында вирусқа тән қосындылардың болуын хабарлады. Ал бұған дейін, 1887 жылы осы қосындыларды құтырықтың балауында шешуші рөлін анықтаған румын микробиологы Бабеш 1950 жылы Прагада микробиологтардың Халықаралық конгрессінің шешуі бойынша бұл клеткадағы қосындыларды Бабеш-Негри денешіктері деп атады.