11.Құтыру ауруының патанатомиялық өзгерістері. Құтырық (лат. Lуssа, ағыл. rabies) – судан қорқу, гидрофобия адам мен жануарлардың жіті жұқпалы ауруы, орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен сипатталатын ауру.1903 жылы Ремленже және Риффат – бейвирустың сүзгіден өтетіндігін дәлелдеді. Осы жылы венгр ғалымы А.Негри құтырықтан өлген адам мен жануарлардың ми клеткаларында вирусқа тән қосындылардың болуын хабарлады. Ал бұған дейін, 1887 жылы осы қосындыларды құтырықтың балауында шешуші рөлін анықтаған румын микробиологы Бабеш 1950 жылы Прагада микробиологтардың Халықаралық конгрессінің шешуі бойынша бұл клеткадағы қосындыларды Бабеш-Негри денешіктері деп атады.
Құтырық кезінде айтарлықтай ерекшеліктері болмайды, клиникалық белгілерімен қоса қарастырғанда ғана айтарлықтай диагностикалық маңызы бар. Өлексені сырттай қарағанда арықтағаны, тістелінген, үйкелген орындары көрінеді. Басындағы, мойнындағы жүңдері сілекейленген. Сойып қарағанда ішкі ағзаларында қан іркілген. Қарны бос, ет қоректі жануарлардың қарнында жеуге жарамсыз заттар болады. Күйіс қайтаратын жануарлардың дүңгіршек және жалбыршақ қарындарында тығызданған жын болады.
Мида шашыранды іріңсіз энцефалитке тән мынандай гистологиялық өзгерістер: гиперемия, қантамыры маңындағы ұсақ қанталаулар, мезенхима элементтерінің көбеюі ұшырасады.
Достарыңызбен бөлісу: |