1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Сібір жарасы ауруының диагнозы және дифференциалдық диагнозы



бет5/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131
4. Сібір жарасы ауруының диагнозы және дифференциалдық диагнозы. Топалаңмен – қой (топалаң), ешкі (шөкшек), ірі қара (қараталақ), жылқы (жамандат), түйе (ақшелек) және шошқа ауырады. Ол тез дамып, негізінен жіті өтетін аса жұқпалы ауру. Топалаңмен жабайы жануарлар да, адам да ауырады (адамда түйнеме, күйдіргі деп аталады). Қоздырғышы жер қыртысында ұзақ уақыт (жылдар) сақталады.Бұл ауруды бациллус антрацис деп аталатын, ұзындығы 5-8, ені 1-1,5 микрон, қозғалу қабілеті жоқ, таяқша тәріздес микроб тудырады. Бациллус антрацис микробы малдың қанында, етінде жақсы өмір сүреді.

Диагноз қою үшін міндетті түрде індеттанулық деректер, клиникалық белгілер, өлексені көрудің нәтижелері ескеріледі. Бірақ та түпкілікті диагноз лабораториялық зерттеуге негізделуі керек.

Ауруды клиникалық белгілеріне қарап, оның топалаң екенін дәл анықтау қиын. Сол себептен де аурудың толық диагнозын қою үшін арнайы бактериологиялық зерттеу жұмысы жүргізіледі.

Ол үшін өлексенің жерде жатқан астыңғы-жағындағы құлағын екі жерден буып байлайды да, кесіп алып, карбол қышқылының ерітіндісіндегі пергаментті қағазбен орап, сынбайтын ыдысқа салып, мал дәрігерлік лабораториялық тексеруге жібереді. Осымен қатар арнайы әйнекшеге өлексенің құлағынан, аяғынан бір-екі тамшы қан тамызылған бірнеше препарат (микроскоппен тексеру үшін) жасалынады.

Кейбір жағдайларда малды лажсыздан сойған кезде күдік туса, союды дереу тоқтатады да, бауыр мен талақтың кішігірім кесіндісін ыдысқа салып тексеруге жібереді.

Жалпы малда топалаң ауруы бар ау деп күдіктенгенде малшылар және мамандар тазалық ережелерін қатаң сақтаулары қажет. Малдың өлексесін қараған кезде қолға арнайы резина қолғапты, ал денеге арнайы халат қию керек. Әрқашан да малды ұстағаннан кейін қолды сабындап жууды естен шығармаған жөн.

Топалаңның жәй кезге көрінетін клиникалық кейбір белгілері және лажсыздан сойылған осындай малдың денесіндегі кейбір өзгерістер басқа ауруларға ұқсас болуы мүмкін. Осыған байланысты топалаңды немесе сібір жарасын жұқпалы аурулардың ішінде қарасаннан, пастереллезден зілді ісіктен, жыбырлақтан және гемоспоридиоздан, ал жұқпайтын аурулардың ішінде малдың іші кебуінен және түрлі уланудан ажырата білуі керек.

Ал аурудың толық анық диагнозы лабораториялық зерттеудің нәтижесі бойынша қойылады. Шаруашылықтың бөлімшесінде және фермасында жұмыс істейтін мал фельдшері ірі қараның қарасан мен зілді ісік ауруымен ауырған кезінде мал денесіне шыққан ісіктер қолымен басқан кезде сықырлайтынын еске алып, топалаң ауру еместігіне тұжырым жасауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет