1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері



бет79/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   131
Байланысты:
Зооантропаноздық аурулар сессия 5-курс

31.Ауески ауруының патогенезі. Ауески ауруы – жіті өтетін, өкпе қабынған, орталық жүйке жүйесі зақымданған, шошқа, күзен және бұлғыннан басқа жануарларда денесі қышынған белгілерімен ерекшеленетін жұқпалы ауру. Қоздырушысы – Suid (alpha) herpesvirus 1 - құрамында ДНҚ бар герпес вирустар тұқымдастығына жататын, торшаның ядросында көбейетін вирус.

Вирустың денеге ену жолына, жануарлардың түр және жас ерекшеліктеріне қарай дерттің дамуы әр түрлі өтеді. Ауыз бен тыныс жолдарының кілегейлі қабықтары арқылы енгенде вирус инфекция қақпасында шошқаның денесінде тез, ал басқа жануарларда баяу көбейеді. Аз уақыттан кейін ол жүйке мен сөл жолдары арқылы миға жетеді де, вирустың көбеюі ми мен оның қабықтарының жіті қабынуына әкеп ,соғады. Бұндай жағдай жануарларда, әсіресе ет қоректілерде сонымен қатар торайларда энцефаломиелиттің клиникалық белгілері білінеді.

Тері арқылы енген вирус кірген жерінде тез көбейіп, гематогендік және лимфогендік жолмен денеге тарағанымен миды онша зақымдай қоймайды. Вирустың пантроптылығы әсіресе шошқада байқалады да, соның нәтижесінде қоздырушы барлық ішкі ағзаларда жиналып, жүйкені зақымдаумен қатар өте ауыр септицемия тудырады. Оның нәтижесінде дененің ыстығы көтеріліп, әртүрлі ағзаларда домбығу мен қанталау (геморрагиялық диатез) байқалады. Аурудың нәтижесінде минералдық заттар белок және көмірсу алмасуы бұзылады, орталық жүйке жүйесі мен теріде ацетилхолин мен гистаминнің мөлшері өзгереді де, дене қышынады (гиперестезия). Дерт процесі тыныс және ас қорыту жүйесін қамтығанда өкпе домбығып, пневмония байқалады, іш өтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет