1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Ауески ауруының патанатомиялық өзгерістері



бет80/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   131
Байланысты:
Зооантропаноздық аурулар сессия 5-курс

32.Ауески ауруының патанатомиялық өзгерістері. Ауески ауруы – жіті өтетін, өкпе қабынған, орталық жүйке жүйесі зақымданған, шошқа, күзен және бұлғыннан басқа жануарларда денесі қышынған белгілерімен ерекшеленетін жұқпалы ауру. Қоздырушысы – Suid (alpha) herpesvirus 1 - құрамында ДНҚ бар герпес вирустар тұқымдастығына жататын, торшаның ядросында көбейетін вирус.

Шошқа, күзен және бұлғыннан басқа өлген жануарлардың денесінде үйкелген жерлерінің жүні түсіп, терісі бүлінген, тері астындағы шел жалқақтанып, қанталаған. Жоғарғы тыныс жолдарының кілегейлі қабықтары домбыққан, толық қанды. Ет қоректілердің қарны көп жағдайда желінбейтін заттармен аралас қоректік заттарға толы болады. Қарын мен ішектің кілегейлі қабығы гиперемиялы қанталаған. Үлпершек ағзаларда қан іркіліп, эпикардтың асты жолақтанып қанталаған, қуық несепке толып, кілегейлі қабығы қанталаған. Ми қабығының қан тамырлары білеуленіп, ми мен оның қабығы домбыққан.

Шошқада, негізінен, өліеттеніп ойылған тонзилит және өкпенің домбығуы қатарлы бронхопневмония ошақтары кездеседі. Әр түрлі үлпершек ағзаларда, лимфалық ұлпаларда, оның ішінде жұтқыншақ сөл түйінінде жекелеген немесе көптеген бозғылт-сары ұсақ өліеттенген ошақтар кездеседі. Екі айға дейінгі торайларда әдетте ми мен жұлын қабынып, ми домбығады, ал оның бүйіріндегі қарыншаларында едәуір сұйық зат жиналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет