38.Сальмонеллез ауруының патогенезі. Сальмонеллез, немесе қылау, (Salmonellosis, паратиф) – жіті өткенде қызбамен және іш өтумен, ал созылмалы өткенде өкпенің қабынуымен ерекшеленетін төл ауруы.
Қоздырғыш организмге негізінен алиментарлы және аэрогенді, сонымен қатар құрсақтағы төлдерге және трансвариальды жолмен де енуі мүмкін. Организмге енген сальмонеллалар алдымен аш ішекте көбейеді де, ішек ворсинкалары арқылы лимфа жүйесі мен қанға өтіп, паренхиматозды органдарға таралып, сонда көбейе береді. Бактерия массалары жиналып, олардың ыдырауы салдарынан босап шыққанан эндотоксиндер ұлпаларды қабындырып, дистрофиялық, некробиотикалық және басқа да өзгерістерге ұшыратады, ішек, несеп жолдарының кілегейлі қабықшалары мен серозды қапшықтарына қан құйылады. Ауруға шалдыққан жануарлардың организмінен салмонеллалар нәжіс, зәр, ал құстардан жұмыртқа арқылы сыртқы ортаға бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |