1 дәріс Биохимияға кіріспе


Тірі ағзалардың химиялық құрамы



бет2/3
Дата13.12.2022
өлшемі74,9 Kb.
#56921
түріҚұрамы
1   2   3
Тірі ағзалардың химиялық құрамы
Тірі ағзалар құрамына 27 химиялық элемент кіреді. Тірі ағза массасының 96% - 4 элементтен тұрады: C, H, O, N. Бұл элементтер органикалық қосылыстардың негізін қалайды. Сонымен қоса ағзаға басқа да элементтер кіреді:
P, S, Ca, Na, K, Fe, Cl, Mn, Mg, Mo, Cu, Zn, Ni, F, I, Si, Se, Al, Li, Pb, Ag, Au, Cr, Co.
Тірі ағзалардың химиялық құрамы

Элемент

Масса, %

Элемент

Масса, %

Көміртек

18,5

Натрий

0,2

Сутек

9,5

Магний

0,1

Оттек

65,0

Күкірт

0,3

Азот

3,3

Фтор

Ізі

Фосфор

1,0

Кремний

Ізі

Кальций

1,3



Тірі ағзалардың химиялық құрамы
Қалған элементтер өте аз мөлшерде кездеседі, оларды микроэлементтер деп атайды. Алайда олар да ағзаның тіршілігі үшін өте маңызды қызмет атқарады.
Тірі ағзалар органдардан, органдар – ұлпалардан, ал ұлпалар жасушалардан тұрады.
Кейбір органдар мен ұлпалардың химиялық құрамы, %
/С.М. Рапопорт бойынша/

Органдар, ұлпалар

Су

Белоктар

Липидтер

Минералды заттар

Тері
Қаңқа
Бұлшық ет
Майлы тін
Бауыр
Ми

58
28
70
23
71
75

27
20
22
6
22
11

14
25
6
71
3
12

0,6
27
1
0,2
1,4
1,4

Биомолекулалар
Негізгі 4 элемент атомдарының арасында тұрақты химиялық байланыстар түзіледі. Көбінесе бұл ковалентті байланыстар: C – C, C = C, C – H, C – N, C – O және т.б.
Өзара байланысып, атомдар
- Ұзын тізбектер
- Тармақталған тізбектер
- Циклдар
  • Конденсирленген циклдар
  • Гетероциклдар түзеді.

  • Нәтижесінде күрделі молекулалар түзіледі.
    Тірі заттың құрамына кіретін молекулаларды биомолекула деп атайды, демек олардың ерекше құрылымы және өзара әрекеттесуі тіршілік негізінде жататын процестерді қамтиды.
    Барлық ағзалар бірдей биомолекулалардан тұрады: белоктар, нуклеин қышқылдары, липидтер, көмірсулар. Сонымен қоса, ағзада әрдайым су, минералды тұздар, қышқылдар, альдегидтер, аминдер, амидтер және басқа төмен молекулалық қосылыстар да бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет