1 дəріс. Əлеуметтануға кіріспе Жоспар: Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял


Лекция №13 Денсаулық және медицина



бет39/52
Дата15.12.2023
өлшемі395,61 Kb.
#138465
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   52
Лекция №13

Денсаулық және медицина
  1. Денсаулық және медицинаны зерттеудің әлеуметтанулық бағыты. Денсаулық және қоғам.


  2. Әлеуметтік маңызды аурулар.


  3. Денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігі.




Тірек сөздер: медицина, ӘДҰ, қоғам және денсаулық, маңызды аурулар, әдістер, медициналық көмек.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы 1948 жылы «денсаулық - ауру немесе физикалық кемшіліктердің жоқтығы ғана емес, толық физикалық, рухани және әлеуметтік амандық жағдайы» ден сипаттады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы «денсаулықтың жоғарғы дәрежесін меншіктену бұл әрбір адамның негізгі құқықтарының бірі» деген қағиданы жария етті. Денсаулықты зерттеудің 4 дәрежесі белгілі:
1-ші дәреже — жеке адамның денсаулығы.
2-ші дәреже — кіші немесе этникалық топтар денсаулығы — топтық денсаулық.
3-ші дәреже— халық денсаулығы, яғни белгілі бір әкімшілік-териториалдық бірлікте (облыс, қала, аудан және т.б.) тұратын адамдар денсаулығы
4-ші дәреже – қоғамдық денсаулық — қоғамның, мемлекет континент, әлем тұрғындарының денсаулығы.


Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау — әлеуметтік факторлар мен қоршаған ортаның шарттары халық денсаулығына әсерін зерттейтін және халықтың денсаулық дәрежесін көтеру мақсатында денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыруды нығайтуды әлеуметтік факторлардың кері әсерін болдырмау немесе алдын алуға бағытталған, ғылыми дәлелденген нұсқауларды жасайтын ғылым. Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау халық денсаулығын қорғау аймағында әр түрлі медициналық аспектілерді, әлеуметтік, экономикамық, басқарушылық, фәлфәфиялық мәселелерді зерттейді
Әр түрлі клиникалық пәндерге қарағанда қоғамдық денсаулық жеке дараның денсаулығын қарастырып қоймай, ұжым, әлеуметтік топ және қоғамның денсаулығын әлеуметтік шарттармен өмір салтымен байланыстыра отырып зерттейді. Физика, химия, биология аясындағы заманауи ұлы жаңалықтар, XX ғ. Тұрғындар урбанизациясы, өнеркәсіптің құрлыстың тез дамуы экологияны өзгертуде, бұл өз әсерін тұрғындар денсаулығына тигізіп әр түрлі аурушаңдықты тудырады. Ал бұндай аурушаңдық эпидемиологиялық болып кетуі мүмкін.
Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтаудың өзіндік әдістемесі мен зерттеу әдістері бар. Олар статистикалық, тарихи, экономикалық, тәжірибелік, социологиялық хронометраждық зерттеулер және т.б. әдістер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет