1 Дәріс Психологияға кіріспе Жоспары



бет20/40
Дата15.11.2023
өлшемі0,52 Mb.
#123993
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40
Қорытынды
Өмірде біз адамның қалай жұмыс істейтінін, оқитынын, тынығатынын, сүйікті ісімен шұғылданатынын байқаймыз. Біз оның белгіленген мақсатқа жету жолында, ұзақ уақыт талпынатынын, күш-жігер, ақыл-ойын жұмсайтынын, көптеген кедергілерден өтетінін, бойын кернеген сезімді тежеп отыратынын, шаттық пен қанағат әкелмейтін, бірақ қажетті іс үшін кейбір жағымды жайттардан бас тартатынын көреміз. Мұның бәрінде де адам еркі көрініс береді.
Сонымен ерік мінез-құлықтың реттегіші ретінде өмір мен іс-әрекет процесінде қалыптасады. Адам өз еркін коллектив ішінде бола отырып және еңбек, оқу, ойынмен шұғылдана жүріп тәрбиелейді. Іс-әрекеттің қай түрінде болсын, қызығу, көтеріңкі жағымды эмоциялық күй туғызатын элеметтер болады. Бірақ еңбек, оқу және тіпті ойынның өзінде бірсарынды, еш қызықсыз, эмоциялық тартымдылығы жоқ, алайда маңызды, қажетті болып саналатын жайттар да аз кездеспейді. Адам белгілі іс-әрекетпен шұғылдана отырып, субъективтік және объективтік қиындықтарды да жеңеді, бастаған істі әрі қарай жалғастырып, аяқтап шығуға өзін-өзі күштеп көндіреді. Нақ осындай жағдайда, мінез-құлықты саналы түрде реттеу қажет болатын қиын шақта адамның еркі нығайып, шынығып отырады. Осыған байланысты мынаны айта кету керек. Жеке адамның ерік-жігерінің жалпы және өзіндік көрсеткіштері болады. Еріктің дамуы мен адамның еріктік қасиеттерінің қалыптасуында ең маңызды орын алатын күнделікті тұрақты еңбек болып есептеледі. Еңбекте жеке адам коллективтің басқа мүшелерімен міндеттік байланыста болады: бұл міндеттерін орындау үшін ол өз мінез-құлқын коллектив алдында тұрған еңбектік міндетке бағындырып отыруға тиісті.
Сонымен қорыта келгенде ерік деп саналы түрде алға тұтқан мақсатқа жету үшін жұмсалстын жан қуатының белсенділігін және адамның өзін меңгере алу қабілетін айтамыз. Ерік іс-әрекеті туралы әр ғалымның теорияларын сараптай келе, қысқаша қорыта кетейін. Ерік ұғымы тарихи сипатқа ие. Ежелгі қоғамда ерік құбылысын бүгінгі біздің түсінігіміздей танып білмеген. Ол кезде ерік туралы сөз болмаған, олар «даналық мұраты» ұғымын қолданған. Ортағасырлық заманда ерік дербес жасайтын, нақты қайырымды не жауыз құбыжық күштер түріне енген құбылыс деп есептеген. Олардың бұлай түсінуі қоғамның адам әрекет қылығының негізі оның өзінде екенін мойындамаудан. Абай болса, ерікті қырық үшінші сөзінде жибили яғни еріксіз болатын тілек, кәсіби яғни еңбекпен табылған нәрсе деп түсіндірген. Ол ерікті еңбекпен, қайрат-жігермен, ақылмен байланыстыра айтады.
Сонымен қатар ерік табиғаты жөнінде бір-біріне қарама-қайшы екі көзқарас қалыптасты. Олар материалистік және идеалистік. Идеалистер ерікті ми қызметімен де, қоршаған ортамен де байланысы жоқ рухани күш деп айтады. Бұл бірақ қате пікір еді. Ал материалистік көзқарас керісінше оны мидан бөліп алуға болмайтындығын және де қоршаған ортамен тығыз байланыста болатынын айтады. Бұл бірден-бір дұрыс пікір. И.М Сеченов пен И.П. Павлов осы материалистік көзқарасқа қосылады. Олардың ілімі бойынша ерікті әрекеттердің негізі мұндағы материалдық процестер, сыртқы әсер мен мидың уақытша байланыстары шартты рефлекстер деп түсідіреді.
Германия ғалымы Э. Мейманның пікірінше, еріктік әрекеттердің барлығы ақыл-ой, интеллекпен байланысып, солардың нәтижесінен пайда болады, яғни ерік адамның мұқтаждығы мен қажеттілігі секілді рухани күшінен туындайды дейді. Ал З.Фрейдпен оның шәкірттерінің тұжырымдары бойынша ерік санадан тыс, ақылдан алшақ «либидо» жыныстық құмарлықтың энергиясы деп қарастырады. Мен бұл пікірді мүлдем қолдамаймын. Себебі ерік саналы әрекеттен туындайды, адам ақыл-ой арқылы ойлап, қандай да бір әрекетті мақсат қою арқылы жүзеге асырмай ма?
Біз жоғырыда айтып кеткендей ерік әрекеті сонымен қатар түрлі амал кезеңдерден тұратынын білдік. Ерік пайда болу үшін, ең алдымен, оны тудыратын себеп, түрткілер болу керек. Бұлар адмның мұқтаждықтарынан туындайды. Кісінің күн көруі, тіршілік ету үшін оған өзінің табиғи және рухани мұқтаждықтарын қанағаттандыру керек. Ол мақсат қоюдан басталады. Ал мақсат адам мұқтаждықтарын өтеу үшін пайда болып отырады. Қорыта айтқанда амал кезеңдері мынадай сатылардан өтіп отырады. Алдымен адам мақсат қойып соған жетуге ұмтылады. Мақсатқа жету барысында түрлі мүмкіншіліктерді түсіну қажет. Осыдан келіп түрлі ниет-тілектер пайда болады. Ниет-тілектер арасында өзара тартыс болып, қалау туындайды. Қалау мүмкіншіліктерін пайдалана отырып адам бір тоқтамға келіп, ақыр соңында шешім қабылдайды. Міне, сонда ғана адамның қалауы толығымен орындалып, мақсаты жүзеге асады.
Еріктік әрекет себептері сонымен адамның сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынаста келуінен туындайды. Еріктің себепті болуы адамды қандай да қылыққа мәжбүрлеп, көндіруді білдірмейді. Адам табиғатынан қоршаған орта жағдайлары болмай, өз өмірін қолдай да, жалғастыра да алмайды. Ерік бостандығы – табиғат пен қоғамның жалпыланған заңдылықтарын терістеу емес, керісінше, адамның оларды жете танып, өз әрекетін соларға сай реттестіре білу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет