Табиғи ----- жасалынды : болмыстық(объективтік) --- жасалған;
стихиялық ------ мақсаттылық;
өзінен - өзі туындаған ---- болжам, жоспар бойынша пайда болған;
еріксіздік ------ шығармашылық.
Алайда, екеуі де адам қызметінің нәтижесі болғандықтан, айқын шек қою мүмкін емес. Себебі, көп жағдайда жасалынды атаулар табиғи негізде жасалып, табиғи аталым факторына айналады.
Табиғи ТА: атаулану сөйлеу коммуникациясында жүзеге асырылады; атаулану үдерісінің сөйлеу жағдаятында орындалуының негізгі тірегі аталымдық қызмет атқаратын денотаттың вербалды белгіленуінің қажеттілігі болып табылады; атау берілетін нысанның нақты анықталуына мүмкіндік туғызатын ең жоғары ақпараттық сипатындағы белгілерін іріктеп көрсетуге тырысады; уәждегіш белгінің атаудың соңғы нұсқасында бекітілуі аталмыш белгінің атау берушіге де, адресатқа да объективтік маңызын дәлелдейді; аталымдық бірліктің узуалдауы халықтық тәжірибе сараптамасынан (апробациядан) өту нәтижесінде жүзеге асады.