қойғандарын орындайды. Қалжың көтергiш.
8)
Эмотивтi тип- жарты сөзден ақ бiрiн бiрi түсiнетiн адамдар тобынан құралады.
Ренжiсе оны iшiнде ұстайды, сыртқа шығармайды. Жауапкершiлiк, орындаушылық
қасиеттерi бар, бiрақ жылығыш, тым сезiмтал жан.
9)
Демонстративтi тип- байланысты жеңiл орнатады, мақтанғанды ұнатады, билеушi мен
лидерлiкке талпынады, өзiнiң өзiне-өзi сенiмдiлiгiмен адамдарға ұнамайды.
Конфликтiнi өзi тудырып, өзiн өзi қорғай алады. Басқаларға ұқсамайтын əрекеттер
жасайды. Басқаша ойлайды, басқаларды қызықтырады, бiрақ эгоист, мақтаншақ,
жұмыстан қашады, екiжүздi.
10)
Экзалтацияланған тип- контактiге түсуi өте жоғары, сөзге құмар, тез ғашық болады.
Дауласады, бiрақ конфликтiге жеткiзбейдi, конфликт кезiнде белсендi, əрi енжар
болады. Достары жақындарына байланып қалады. Оларға көп көңiл бөледi. Талғамы
жақсы, шын сезiмге бейiм. Көңiл-күйi тез өзгергiш.
11)
Экстравертивтi тип- достары, таныстары өте көп. Сөзшең, əр түрлi нəрселер жайлы
сөйлесе бередi, достары мен жақындарына лидерлiктi бередi. Олардан бiр нəрсе сұраса
соны орындайды,зейiн қойып тыңдайды, бiрақ жеңiлтек. Басқалардың əсерiне бейiм,
ойланбай бiр нəрсе iстей салады, əңгiме айтып отыруға бейiм, ойланбай көп нəрсе
жасайды. Көңiлдi уақыт өткiзуге құмар.
12)
Интравертивтi тип- тұйық, шындықтан алшақ, данышпандыққа бейiм, жалғыздықты
сүйедi, тек өз өмiрiне басқа бiреу кiрiскенде ғана конфликтiге түседi. өстамды,
принциптерi көп, қатал сенiмдерi мен көзқарастары болады. Бiрақ бiрбеткей, өз
идеяларын дəлелдегiш, өз ойы қате болса да өз ойын дəлелдей бередi.
Адам мiнезiндегi əрбiр ерекшелiк белгiлi жағдайларға сəйкес көрiнiс бередi. Мұндай
ерекшелiктердiң өзiндiк физиологиялық ерекшелiктер бар. Адам мiнезiнiң физиологиялық
негiзiн ашып көрсетуде ерекше орын алатын жəйт жоғары жүйке қызметiнiң типтерiндегi
ауыспалы құбылыс. Осы орайда, И.И.Павлов қандай сигнал жүйесiнiң басым екендiгiне
қарай адам мiнезiнiң типтерiн мынадай үш типке бөледi:
1.Ойшыл тип-бұл негiзiнен сөзбен байланысты,екiншi сигнал жүйесi рефлекторлық
қызметiнiң басымдылығы.
2.Көркем тип-бiрiншi сигналдық шартты рефлекстiң басымдылығы.
3.Орташа тип-мұнда екi сигнал жүйесiнiң бiрде-бiрi басымдылық көрсете алмайды.
Адамдардың көпшiлiгi осы орташа типке жатады. Адам мiнезiнде бұлардан басқа да мiнез
ерекшелiктерiнiң пайда болуына əсер етiп отыратын арнайы типтердiң болуы ықтимал. Əр
мiнез ерекшелiктерiне сəйкес əр түрлi типтегi адамдардың еңбексүйгiштiгi мен
əрекетшiлдiгi де түрлiше болып келедi.
Адам мiнезiнiң құрылымы əрқилы қасиеттер жиынтығынан тұрады. Кейбiр мiнез
ерекшелiктерi бiр-бiрiне тəуелдi, өзара байланысты болып келедi. Мiнездегi осындай
əртүрлi қасиеттерден құрылған бiртұтас бiрлiктi мiнез құрылымы деп атайды. Ал,
мiнездегi өзара байланысты психикалық қасиеттердiң жүйесi симптомокомплекс не
факторлар деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: