№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері



Pdf көрінісі
бет114/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   120
Байланысты:
Снимок экрана 2022—11—28 в 17.15.15

XV ТАРАУ. ҚАБІЛЕТ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Адамның қабілетінің жалпы сипаттамасы. Қабілет туралы ұғым. Б.М.Теплов
бойынша қабілетті анықтау. Оқытудың табыстылығы мен қабілетінің сəйкестігі. Адамның
қабілеті мен дамуы. Қабілеттің жіктелуі. Жалпы қабілеттің сипаттамасы. Теориялық жəне
тəжірибелік қабілеттер.
Қабілетті дамыту дейгейлері жəне дербес ерекшеліктері. Қабілетті дамыту
деңгейлерінің негізгі жіктелімі. Туа біткен талаптылық пен генотип. Бейімділікті
əлеуметтік шарттастырылған үрдісте дамыту. Потенциалды жəне актуалды қабілеттер.
Жалпы жəне арнайы қабілеттердің сəйкестігі. Дарындылық. К.А. Гельвецияның қабілет
тұжырымдамасы. Шеберлік жəне талант. Данышпандық.
Адами қабілеттің жаратылысы. Қабілеттің алғашқы теориясы. Френология.
Ф.Галлей жəне Ф. Гальтонның қабілет тұжырымдамасы. Қабілетті зерттеудегі Егіздер
əдістемесі. Қабілетті дамытудағы тəрбиелеу ерекшелігінің маңызы. К.А.Гельвецияның
қабілет тұжырымдамасы. Адам қабілетінің биоəлеуемттік жаратылысы.
Қабілетті дамыту. Қабілетті дамытудың негізгі кезеңдері. Қабілетті
қалыптастырудағы ойынның маңызы. Қабілетті дамыту жəне жанұялық тəрбиедегі
өзгешеліктер. Қабілетті дамыту жəне макроортаның шарттары. Үгіт-насихаттың
мəселелері. Е.А.Климов бойынша мамандықты жіктеу жəне кəсіби жарамдылықты жіктеу.


§ 1. Адам қабілетінің жалпы сипаттамасы
Біз жеке немесе жекелеген жағдайларда қалатын адамдардың неге əр түрлі табыстарға
қол жеткізетінін түсіндіруге талаптанған кезде, көбінесе, қабілет ұғымын негізге аламыз,
адамдар табысының əр тектілігін тек осымен ғана түсіндіруге болатына тоқталамыз. Бұл
ұғым біреулердің дағдылар мен іскерлікті тез игеру немесе білімді жылдам қабылдап
алуының немесе басқалардың ұзақ, тіптен қиналып үйренуінің себептерін зерттеген кезде
пайдаланады. Қабілет дегеніміз не?
Тəжірибеде “қабілетң сөзінің алуан түрлі салада кең қолданыста қолданылатын
сөз екенін атап өтуіміз керек. Əдетте, қабілетпен қандайда бір немесе бірнеше іс-əрекеттің
табысты орындалу шарттары болып табылатын дербес ерекшеліктер түсіндіріледі.
Алайда, “қабілет” термині психологияда оның бұрыннан жəне кеңінен қолданғанына
қарамастан, көптеген авторлар бірнеше мəнде түсіндіреді. Егер қазіргі кездегі қабілетті
зерттеу барлық мүмкін нұсқаларды жинақтаса, онда оларды үш негізгі типке бөлуге
болады. Бірінші жағдайда қабілетпен барлық мүмкін психикалық процестер мен
жағдайлардың жиынтығын түсіндіріледі. Бұл “қабілет” терминінің неғұрлым кеңірек жəне
ең көне түсіндірмесі. Екіншіден қабілетпен іс-əрекеттің сан алуан түрлерін адамдардың
табысты орындауын қамтамасыз ететін іскерлік пен дағдылар, жалпы жəне арнайы
білімнің дамуының жоғары деңгейі түсіндіріледі. Аталмыш анықтама XVІІІ-XІX
ғасырдың психологиясында пайда болып, қабылданған жəне де қазіргі кезде де жеткілікті
дəрежеде жиі кездеседі. Үшінші бұл – біліммен, іскерлікпен жəне дағдымен сəйкес
келмейтін, тек қана олардың тəжірибеде тиімді пайдалануына негізделген .
Отандық психологияда қабілетті тəжірибелік зерттеу көбінесе соңғы ықпал
негізінде құрылуда. Оның дамуына елеулі үлес қосқан отандық белгілі ғалым Б.М.Теплов.
Ол “қабілеттің” төмендегідей негізгі үш түрін бөліп көрсетті.
Біріншіден, қабілетпен бір адамның келесісінен өзгешеленетін дербес-
психологиялық ерекшеліктер түсіндіріледі; барлық адамдар бірдей болатын қатынаста
қасиеттілік туралы сөз болған жерде қабілеттілік туралы ешкім сөз етпейді.
Екіншіден, қабілет деп қандайда бір немесе көптеген əрекеттердің орындалуының
табыстылығына қатысы бар жалпы алғанда дербес ерекшеліктерді атайды.
Үшіншіден, “қабілет” түсінігі аталмыш адамда қалыптастырылған дағдылармен немесе
іскерлікпен, сол білімділікпен сəйкес келмейді.
Қабілеттің онтогенезде даму мəселесі бойынша профессор С.М. Джакупов өзінің
еңбектерінде көрсетеді: Қабілеттердің нышандар негізінде қалыптасуы туралы мəселе
əлі күнге дейін шешілген жоқ. Іс- əрекет барысында нышан қабілетке айналады
дегентұжырымның өзі де əлі дəлелденбеген. Өйткені қабілетке айналуы үшін нышандар
іс- əрекетте қандай орын алатынын көрсету керек.
Қабілеттің генезис мəселесінің мəні , оны тек шешу арқылы қабілеттің даму
механизмін түсіну нəтижесінде олардың мақсатты қалыптасуы мен диагностикасын
жасауға мүмкіндік береді. Бұл мəселені шешудегі ерекше жетістіктер С.Л. Рубинштейннің
еңбектерінде көрінеді.Ол адамды жануарлардан бөлетін қабілеттер оның табиғатын
құрайды деген.Бірақ адам табиғаты – тарихи өнім болып табылады. Сондықтан да адам
табиғатының қалыптасуы мен өзгеруі тарихи процесс негізінде жүреді.( адамның еңбек іс-
əрекеті нəтижесінде қалыптасады) Бірақ Рубинштейн осы мəселені нақтылағысы
келгенмен, сол мəселенің шешімінен алшақтайды.” Нышандар- қабілеттің алғышарты,-
дейді С.Л. Рубинштейн. Қабілет нышандар негізіндн дамымағанмен, кабілет бəрі бір
нышанның функциясы болып табылмайды, керісінше нышандар алғышарт негізінде
дамудың функциясы болып табылады. Ол индивидтің даму негізіне кіріп, олар өздері
дамиды, яғни ауысып жəне өзгеріп отырады.
Ең қызығы көптеген зерттеушілер қолданбалы есептерді шешуде қабілеттер генезисі
мəселесін пайдаланбайды. Н.С. Лейтес бойынша: балалық шақта жас ерекшелік дамудың
ішкі жағдайлары қабілеттердің қалыптасу факторы болып табылады.лейтес жастық шақта
дамудың ішкі жағдайы ретінде бейімділікті көрсетеді. Оның рольі: бейімділік қабілеттің
алдында жүреді жəне дамудың алдында жүреді жəне дамудың негізгі факторларының бірі-
ми қатысатын процесстерге жағымды эмоциялық күй береді, еңбекқорлықты
жоғарлатады, ұйқыдағы күштерді оятады.
Бұл мəселе туралы Крутецский В.А неғұрлым анығырақ: „ Оқушыда математикаға
ешқандай қабілеті байқалмаса, онда математиканы меңгеруге еш қабілеттері де көмектесе
алмайды. Осындағы бейімділіктің рольі – қызығушылық болып табылады. Математикаға
қызыққан оқушы көп ізденеді, оқиды, демен өз қабілеттерін дамытып, жаттықтырады.”
Өзіміз көріп отырғандай, қабілеттер генезисі мəселесі мүлдем қарастырылмайды.Өйткені
қабілет мұнда бейімділікке тəуелділікте көрсетіледі, ал бейімділік қызығушылыққа
негізделеді.
Неліктен зерттеушілер қабілеттердің генезис мəселесінен қашып, оның қалыптасқан
түріне көбірек жүгінеді? Онда қажеттіліктің органикалық алғышарты мен нышандар мен
қабілеттердің функционалды көріністері арасындағы өтпелілік қайда деген сұрақ
туындайды.
Жоғарыда айтылғандай, бұл мəселені шешуде ерекше жетістіктерге жеткен С.Л.
Рубинштейн еді, бірақ он нақтылауға тырысқанда шешімнен алшақтағанын көруге
болады. Оның осы мəселені шешуге жақындағаны қабілетті еңбек іс- əрекеті нəтижесінде


құрылатын жəне өзгеретін адам табиғаты деп ашуында. Мұнда еңбек іс- əрекетін тарихи
тұрғыда, Энгельстің” Маймылдың адам болу процесіндегі еңбектің рольі” деген еңбегін
пайдалана, қарастырса, қабілеттің құрылымын оңай көрсетуге болар еді. Бірақ бұл сол
уақыттағы материализм мен идеализмнің тартысы, іс- əрекетті „субьект- обьект”
тұрғысында қараудың ықпалынан жүзеге асқан жоқ.
Басқаша айтқанда, зерттеуші психикалық функцияның құрылымына, соның ішіндегі
қабілеттілікке, индивидуалды іс- əрекет тұрғысынан келеді. Сөз арасында айта кетсек, іс-
əрекетті субьект- обьект қатынасында қарастыру тұрғысында ( жоғарыда айтып кеткендей)
көптеген психологтар болды. Солай бола тұра Л.С. Выготский психикалық функцияның
интерпсихикалық мінезін көрсетті. А.Н. Леонтев бұл жөнінде былай жазды: „ ... адамның
сыртқы спецификалық психологиялық процес стер тек адам мен адам арасындағы қарым-
қатынасында туады; басқаша айтқанда интерпсихологиялық болып табылады.” Тек одан
соң ғана жеке адам өзінің өмір жолын бастайды, соның барысында кейбіреулері бастапқы
сыртқы формаларын жояды, яғни интрапсихологиялық процесстерге айналады.
Осылайша, зерттеушілердің қабілет генезисінің мəселесінен алшақтауы кездейсоқ
емес, заңды түрде болады.Өйткені бұл мəселені əрекетті зерттеудегі индвидуалды жəне
обьект- субьект тұрғысында қарастыру барысында шешу мүмкін емес.
Қабілеттегі нышанның қайта құрылу механизмін түсіну үшін қабілеттерді біріккен іс-
əрекет тұрғысында жəне субъект – объект қатынасында қарастыру қажет. Мəселені тарихи
аспектте қарастырғанда, еңбек іс-əрекетін жүйелейтін қасиеттердің бірі болып
табылатыын, оның бірлескен мінездемесін еске түсіру жеткілікті. Бастапқы кезеңде адам
іс-əрекетіне потенциалды алғышарт (нышандар комплексі) ретінде тек еңбек іс-əрекетінде
өзі мəтіндермен біріксе ғана өзекті алғышарт (қабілеттер комплексі) бола алады. Бұл
процестің гипотетикалық нақтылауларын қалдырып, қорытынды жасайтын болсақ -
адамның органикалық нышанның алғышартын функционалды активті жүйеге қайта
құрылуының шарты- нышандардың бірлескен еңбек іс-əрекетіне енуі болып табылады.
Субъект – объект қатынасында қабілеттің онтогенезі анығырақ түсіндіріледі. Жаңа
туған нəресте адамның қарым-қатынас жүйесіне енгенде ғана қабілетке белсендіріліп
өзгере алатын, анатомо-физиологиялықтұрғыда нышандар жүйесі мен адамдық
потенциалды мүмкіндіктер болып табылады. Іс жүзінде адам баласы өзінің алғашқы
күндерінен – ақ міндетті түрде үлкендермен бірлескен іс-əрекетке енеді. Бұл жағдайда
псевдо бірлескен іс-əрекет туралы айтылады. Мұнда қажеттілікте мотивациялық
компоненттер болады, ал оны іске асыру ересек адамда шоғырланған. Тек кейін ғана
белсенділік үлкен адамның позициясынан баланың позициясына ауысады. Бірлескен іс-
əрекеттің индивидуалды іс-əрекетке интериоризациясы өтеді. Осы қабілеттің құрылымы
болып табылады. Осыдан мынадай тұжырымға келеміз. Нышанның қабілетке өзгеруінің
негізгі шарты олардың бірлескен іс-əрекетке енуі болып табылады. Бірақ бұл ңенуң
қалай өтеді? Бұл процестің психологиялық мазмұны қандай?
Қабілеттің концептуалды схемасы былай көрсетілуі мүмкін. Нышандар белсенділіктің
басым бөлігі үлкенде болатын псевдо бірлескен іс-əрекетке ене отырып, аклғашқы
қабілетке ауысады. Осының қалыптасуы бала дамуындағы үлкен секіріс, яғни
индивидуалды іс-əрекетте жасалатын элементарлы акттерді жүзеге асыру мүмкіндіктері
туады. Одан кейінгі кезеңде алғашқы қабілет деңгейінде атқарылатын белсенділік үлкен
адам мен бала арасында бөліне алатын, алатын бірлескен іс-əрекетке енеді. Мұнда екінші
қабілеттер алғашқы қабілеттің синтезі негізінде құрылады да басында осы процеске
ендеген қабілеттің нышандарына ауысады. Бұл екіншілік қабілеттің пайда болуын
баланың индивидуалды іс-əрекетінде неғұрлым күрделірек актілерде жүзеге асыруға
мүмкіндік береді. Кейін осы циклдер қайталанады жəне адамның əлеуметтік
позициясының ауысуымен келуі мүмкін. Бастапқы кезеңдерде қабілеттің қалыптасуы мен
дамуы осы бірлескен іс-əрекетте партнерға тəелді болса, онда кейінгі кезеңдерде жеке
адамдық факторлар мен компенсаторлы қабілеттер негізінде индивидуалды қасиеттер
біздің консептуалды схема бойынша санды сапалы нышандардың параметрлерімен
анықталады, яғни партнердің мінездемесі (ата-аналардың даму деңгейі, ұстаздардың
шеберлігі т.б.) мен бірлескен іс-əрекеттің құрылымдық қасиеттерімен анықталады.
Осылайша, көптеген факторларға тəуелді жəне мүмкіндік мінездемеге ие болатын
нышандар параметрі жəне бірлескен іс-əрекеттегі партнерлер, қабілеттің құрылуы мен
дамуы бірлескен іс-əрекеттің функциясымен жəне оның мазмұны мен анықталады. Тек
жалпы мағыналық фонд пайда болғанда жəне əр партнердің оны қабылдауында ғана
бірлескен іс-əрекеттің құрылуы мүмкін. Демек бірлескен іс-əрекетке нышандардың енуі
(кейін алғашқы, екіншілік болатын) жалпы мағыналық фондтың пайда болуымен жəне
оның индивидпен қабылдануы мен жүзеге асуы мүмкін. Бастапқы кезеңде жалпы
мағыналық фонд мазмұны бойынша эмоционалды болуы мүмкін, жəне элементарлы
жағдайда оны үлкен мен бала арасындағы эмоционалды контакт деп көрсетуге болады.
Берілген қабілеттің дамуының концептуалды жүйесі мазмұны бойынша танымдық
жəне формасы бойынша бірлескен іс-əрекетті эксперименталды зертеу нəтижесіне
негізделген. Бұл жүйенің жоғары эвристикалық жəне болжамды мүмкіндіктері жайында
ойлануға негіз бар. Өйткені ол жүйе қабілеттің генезисі туралы мəселені шешуде жəне
жеке адамның творчествалық потенциалын анықтауда жаңа əдіспен ерекшеленеді.
Жеке адамның творчествалық потенциалының мүмкіндіктері адамның вуздық оқу


барысында құрылады жəне танымдық іс-əрекеттің құрылымның ерекшеліктерімен
анықталады деп көрсетеді автор.
Өкінішке орай, күнделікті тəжірибеде “қабілет” жəне “дағдылар” ұғымы əсіресе
педагогикалық тəжірибеде əдеттегі қорытындыға келтіруге жиі теңдестіреді. Бұл тектес
классикалық үлгі ретінде соңынан белгілі суретші болып қалған В.И.Суриковтың сурет
Академиясына түсудегі сəтсіз əрекеті қызмет етуі мүмкін. Суриковтың қабілеттілігі
қаншалықты ерте берілгенімен де, оның сурет салудағы іскерлігі мен дағдылары əлі
болмаған. Академиялық педагогтар Суриковтың академияға түсуіне бас тартты. Онымен
қоса, академия инспекторы Суриков ұсынған суретті көріп, былай дейді: “Мынадай
суреттер үшін сізге академияның жанынан жүруге тыйым салу керек”. Академия
оқытушыларының қателігі олар қабілеттіліктің болмауынан іскерлік пен дағдының
болмауын ажырата алмауында. Суриков үш айдың ішінде тиісті іскерлікті меңгеріп,
нəтижесінде сол педагогтар бұл жолы оны академияға лайықты деп қабылдайды, ол
олардың қателіктерін ісімен дəлелдейді.
Қабілет іскерлік жəне дағды, біліммен сəйкеспейтініне қарамастан, бұл іскерлік пен
білімділік ешқандай байланыссыз дегенді білдірмейді. Іскерлік пен дағдыны, білімділдікті
жеңіл жəне тез қабылдап алуы қабілетке байланысты болады. Осы білім мен іскерлікті дер
кезінде игеріп алу, қабілеттің ары қарай дамуына ықпал етеді, сонда лайықты білім мен
дағдының болмауы қабілетті дамытудың тежеуі болып табылады.
Б.М.Теплов қабілет дамудың үздіксіз үрдісінсіз болуы мүмкін емес деп санаған.
Адамдар тəжірибесіндегі қолданыстан шыққан дамымайтын қабілет уақыты келе жоғалып
кетеді. Біз өзімізде бар қабілетті жүйелі сабақпен байланысты мынадай күрделі адамзат
əрекеттерінің түрлері музыка, техникалық жəне көркемдік шығармашылық, математика,
спорт жəне т.б. тек қана тұрақты жаттығудың арқасында қолдай жəне дамыта аламыз.
Кез келген əрекеттің орындалуының табыстылығы қандай да, болмасын əр түрлі
қабілетке байланысты болады, жəне де сол бір нəтижені беретін бұл байланыстыру əр
түрлі тəсілдермен қамтамасыз етілген болуы мүмкін. Бірдей қабілеттерді дамытуға
қажетті талаптың болмауы олардың тапшылығы басқаларының неғұрлым жоғары
дамуының салдарынан толықтырылуы мүмкін. “Адам психикасының маңызды
ерекшеліктерінің бірі қандай да бір қабілеттің салыстырмалы əлсіздігі салдарынан
басқаларының бірдей қасиеттері тетенше кеңінен орнын өтеу мүмкіндігі болып табылады,
тіпті осы қабілетпен неғұрлым тығыз байланысты əрекетті табысты орындау мүмкіндігі
ескерілмейді. Жетілдірілмеген қабілет сол адамның жоғары дамығанын өте кең шекте
басқалармен орын толытыруы-деп жазды Б.М.Теплов”. Жалпы алғанда психология
ғылымының көптеген мəселелерінің ішінде ең маңызды орынды қабілеттер мəселесі
алады. Мүмкін бұл ғылыми зерттеуге қиындық келтіруші мəселенің əрқашан да
қызығушылығын жоғалтпауы оның практикалық маңыздылығында болар. 50-60 жылдары,
Ананьев Б.Г., Ковалев А.Г., Крутецский В.А., Леонтьев А.Н., Платонов К.К., Рубинштейн
С.Л., Дружинин В.Н. жəне тағы басқа Кеңестік зерттеушілердің еңбектерінің арқасында
қабілет мəселесінің барлық басты аспектілерін ғылыми тұрғыда түсінуге маңызды қадам
жасалды. Рубинштейн С.Л. 30- шы жылдары қабілетке байланысты өз көзқарасын айта
бастайды. Оның алғашқы жұмысының мазмұны кейінірек „жалпы психология негіздері”
оқулығында баяндалды. Онда автор осы мəселеге деген көзқарасын айта отырып,
қабілетті дамытудың алғышарттарын негізге ала отырып, жалпы дарындылық пен арнайы
қабілеттер сұрақтарын қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет