№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері


§ 4. Əрекет физиологиясы жəне белсенділік физиологиясы



Pdf көрінісі
бет25/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   120
Байланысты:
Снимок экрана 2022—11—28 в 17.15.15

§ 4. Əрекет физиологиясы жəне белсенділік физиологиясы
Психомоторика туралы жалпы түсінік Осы бөлімде біз Кеңес психологиясының
орталық түсінігімен таныстық – ол іс-əрекет. Іс-əрекет – бұл өте күрделі жəне көп
аспектілі құбылыс. Бұл құбылыс психикалық жəне физиологиялық процестердің бірлігінің
арқасында пайда болады. Кеңес ғалымдарының ішінде өміріміздің керекті шарты ретінде
əрекетке ең алғаш болып көңіл аударған И.М.Сеченов. Бұл мəлелені ол “Бас мидың
рефлекстері” деген кітапты дамытқан.
Адамның əрекет пен іс-əрекетінің əр түрлі психикалық құбылыстарының байланысын
И.М.Сеченов психомоторика деп атаған. Оның ойынша, психомоторлық іс-əрекеттің
алғашқы элементі болып қозғалғыштық əрекет болып табылады. Жаттығу немесе
қайталану барысында дамитын қозғалғыштық əрекетті қозғалғыштық немесе
психомоторлық дағды деп атаған жөн.
Кез келген қозғалыс немесе саналы əрекеттің əрдайым мақсаты болады, яғни ол
бағытталған. Сондықтан да біздің күшіміздің жұмсалатын белгілі бір өрісі болуы тиіс.
Психомоторика проблемаларын қарастырғанда бұл өрісті моторлық өріс деп атайды.
Одан басқа саналы əрекет жасау үшін біздің күшіміз жұмсалатын өріс сенсорлық өріс
деп аталады. Бұл өрістен ақпарат қабылданады.
Психологияның дамуына орай іс-əрекеттің ұйымдастырылу жүйесі туралы түсініктер
өзгеріп отырды. И.М.Сеченовтің “Бас мидың рефлекстері” деген еңбегінің жарыққа
шығуымен жəне “психомоторика” терминінің дəлелденуімен, одан соң И.П.Павловтың
шартты рефлекстерді ашуына орай психологияда іс-əрекеттің рефлекторлық табиғаты
туралы түсінік берік сақталды. Əдетте əрекеттер қабылданған ақпаратқа жауап реакциясы
ретінде қарастырылады.
Қабылдау мен жауап əрекетінің байланысы сенсомоторлық процесс деп аталады.
Психомоториканың зерттеу барысында зерттеушілер жауап реакциясының үш тобын бөліп
шығарды: қарапайым сенсомоторлық реакция, күрделі сенсомоторлық реакция жəне де
сенсомоторлық координация.
Кез-келген сенсомоторлық реакция жеке əрекет немесе күрделі психомоторлық
акттың элементі ретінде қастырылады. Физиологиялық тұрғыдан алғанда сенсомоторлық
реакциялар шартты рефлекстер ретінде көрініс алады.
Психомоторлық процестердің ерекше түрі ретінде сенсоречивті жəне идеомоторлық
реакциялар ерекшеленеді. Сенсомоторлық реакциялар тəрізді сенсорлы реакциялардың да
үш кезеңі болады: сенсорлық, орталық жəне моторлық. Бірақ орталық кезең өте
күрделінген жəне де екінші дабыл жүйесінде өтеді, ал моторлық кезең сөлеудің қимыл
компоненті ретінде айқындалады.
Психомоторикада əрекет пен оның орындалуын түсінігін байланыстыратын
Психофизиологиялық функциялар.


идеомоторлық процестер ерекше орын алады. Бұл процестердің мəні жетік іс-əрекетті
меңгеру барысындағы автоматизмдер мен дағдының қалыптасуында.
Психомоторика мəселелерін өндіру өзінің жемісті нəтижелерін берді. Оның
нəтижелері спорт саласында, əскери істе, арнайы оқытуда, т.б. салаларда кеңінен
қолданылды. Бірақ психологияның дамуы барысында іс-əрекеттің компоненті болып
есептелетін əрекеттің сенсомоторлық процеске қарағанда құрылымы күрделірек болып
келеді. Психомоториканың ең басты кемшілігі қозғалыс актісі сенсорлық дабылға жауап
реакциясы ретінде қарастырылатындығы. Өзіміз білетіндей, əрекет əрдайым саналы
болады, яғни ол біздің сана өрісімізде болып, бақыланады. Сана əрдайым белссенді
болатынын ескерсек, саналы қимыл мен іс-əрекет те реактивті емем, белсенді болады.
Адам белсенділігі мен іс-əрекетінің қайнар көзі сыртқы ортаның əсері емес, адамның
психикасы, оның қажеттіліктері мен мотивтері болып табылады.
Əрине, сенсоморлық процестерді жоққа шығаруға болмайды. Олар адамның іс-
əрекетіне қатысады, бірақ сенсоморлық процестер саналы əрекеттердің барлық
механизмдерін түсіндіре алмайды.
Əрекет ұйымдастыруының механизмдері. Психологияда қазіргі таңдағы əрекет
физиологиясы туралы түсінікті экспериментальды түрде дəлелдеген белгілі Ресей ғалымы
Н.А.Бернштейн.
Жоғарғы білімі бойынша невропатолог-дəрігер, ал ғылыми қызығушылығы бойынша
физиолог болған Н.А.Бернштейн ғылыми əдебиетте белесенділік принципінің
жақтаушысы болды. Бұл принцип – іс-əрекеттің теориясының іргесі болып есептеледі.
1947 жылы Бернштейннің “Əрекеттің құрылымы” деген негізгі кітабы шықты. Бұл кітап
Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.
Бернштейннің зерттеу объектісі қалыпты организмнің жəне адамның қимылдары
болып табылады. Бернштейннің зерттеулерінде еңбек қимылдарына көп көңіл бөлінді.
Бернштейн жасаған алғашқы қорытынды мынандай болды: ол əрекеттерді
басқарудың жаңа принципін ұсынды. Ол сенсорлық коррекция принципі деп аталынды.
Бернштейннің ойынша, əрекеттерді орындау барысына əсер ететін факторларды
қарастырайық. Біріншіден, əрекетті орындау кезінде реактивті күштердің құбылысы
пайда болады.
Екіншіден, əрекетті орындағанда инерция құбылысы пайда болады, яғни инерциялық
күштер орын алады.
Үшіншіден, белгілі сыртқы күштер əрекеттің орындалуын өз ықпалын тигізеді.
Төртіншіден, тағы бір əрекетті орындаған кезде көп ескеріле бермейтін фактор бар,
ол – бұлшықеттердің бастапқы күйі. Бұлшықеттердің күйі əрекетті орындаған кезде
ұзындықпен қатар өзгереді.
Осылайша, əрекеттің орындалуына тікелей əсер ететін бірқатар факторлар бар.
Сондықтан орталық жүйке жүйесіне əрекетті орындау барысы туралы тұрақты ақпарат
қажет. Бұл ақпарат кері байланыс дабылдары деп аталады. Бұл дабылдар миға
бұлшықеттерде бір уақытта бірнеше каналдардан түсуі мүмкін. Мысалы, приприоцептивті
рецептерлерден, көру органдарынан, есту арқылы, т.б.
Осылайша, əрекеттердің іске асу механизмдерінің схемасы жайында қорытынды
жасауға болады. Бернштейн оны рефлекторлы сақина схемасы деп атады. Бұл схема
сенсорлық коррекция принципіне негізделген.
Қарапайым түрде бұл схеманың көрініс былайша болып келеді: Моторлық центрден
(М) бұлшықетке (бұлшықеттің жұмыс нүктесі) эфекторлық бұйрықтар келіп түседі.
Бұлшықеттің жұмыс нүктесінен сенсорлық орталыққа (S) афференттік кері байланыс
дабылдары түседі. ЦНС-те келіп түскен ақпараттың өңделуі жүреді. Басқарудың сақиналы
процесі құрылады.
М
S
М
S
Эф.дабыл. Аф.дабыл.
Бұл схемада келесі элементтер қатысады: Моторлық “шығыс” (эффектор), сенсорлық


“кірістер” (рецептор), жұмыс нүктесі немесе объект, бағдарлама, регулятор.
Рефлекторлық сақинадан басқа Бернштейн іс-əрекеттің құрылымдық деңгейі туралы
идеяны ұсынды. Өз зерттеулерінің барысында ол мынаны аңғарыпты – кері байланыс
дабылдарының ақпаратына байланысты – яғни бұлшықеттердің шиеленісуі туралы
ақпарат бере ме, дене мүшелерінің қалыпы туралы, əрекеттің заттық нəтижесі, т.б.
аференттік дабылдар əр түрлі деңгейдегі моторлық жолға өтеді. Əрбір деңгей өзінің
ерекше моторлық көріністері болады - əрбір деңгейге өзінің əрекет классы сəйкес келеді.
А деңгейі – ең төменгі жəне филогенетикалық ең көне деңгей. Адамда ол жеке мəнге
ие бола алмайды, бірақ кез-келген əрекеттің маңызды аспектісіне жауап береді –
бұлшықеттердің тонусы. Бұл деңгейге бұлшық проприорецепторлерінен дабылдар келіп
түседі. Жекеше бұл деңгей аз ғана əрекеттерді ретке келтіреді. Негізінен, ол тремор мен
вибрацияға (дірілге) байланысты. Мысалы, тоңған кезде тістің қағысы.
В деңгейі – синергия деңгейі. Бұл деңгейде негізінен бұлшықет-буын рецепторларынан
келіп түскен дабылдары өңделеді. Осылайша, бұл деңгей дене ауқымымен тұйықталады
жəне жеке əрекеттерге мимикалар жатады.
С деңгейі – бұл деңгейді Бернштейн кеңістік өрісі деп атады. Бұл деңгейге көру, есту,
сипап-сезу органдарынан сигналдар түседі.Бұл деңгейде объекттің кеңістікке бейімделген
қасиеттері – яғни олардың пішініне, қалпына, ұзындығына, салмағына, т.б.
D деңгейі – зат əрекеттерінің деңгейі. Əрекеттердің заттармен ұйымдастырылуына
жауап беретін бас ми қабығының деңгейі. Бұл деңгейдегі қимылдар əрекет ретінде
көрсетіледі. Мұнда қозғалғыш құрамы немесе қоғалыс құрамы бекітілмеген, тек қана
нақты нəтиже берілген.
Е деңгейі – ең жоғарғы деңгей – интеллектуалды қозғалыс актілер деңгейі. Бұл
деңгейге сөйлеу қозғалыстары, хат қозғалыстары жатады. Бұл деңгейдегі қозғалыстар
заттық сипатта емес, вербальдық сипатта болады.
Қозғалыс құрылымының деңгейлерін қарастыра отырып, Бернштейн бірнеше өте
маңызды қорытындылар жасайды. Қозғалыс ұйымдастырылуына əдетте бірнеше
деңгейлер қатысады. Мысалы, хат жазу – күрделі қозғалыс болғандықтан оған бес деңгей
қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет