куəлігі бар ма? Бұл сұраққа Бернштейн оң жауап береді.
Сонымен қатар белсенділік принципінің философиялық аспектісін айта кетейік.
Философияның орталық сұрауларының бірі – ол өмір жəне тіршілік əрекеті дегеніміз не
деген сауал. Əдетте бұл сауалға тіршілік əрекеті дегеніміз – қоршаған ортаға бейімделудің
үздіксіз процесі деп жауап береді. Бернштейннің ойынша ол қоршаған ортаға бейімделудің
үздіксіз процесі емес, ішкі бағдарламалардың іске асуы. Мұндай іске асу кезінде организм
əр түрлі кедергілерді бастан кешіреді. Бейімделу процесі де жүреді, бірақ оның маңызы
азырақ.
Қорытынды ретінде Бернштейн теориясының психологиядағы маңызына көңіл
аударайық. Осы теорияның арқасында психологияда физиология тұрғысынан белсенділік
принципінің əділдігі расталды. Яғни іс-əрекеттің психологиялық теориясы да мақұлданды.
Бернштейн зерттеулерінің нəтижелеріне сүйене отырып психика – адам іс-əрекетінің
белсенділігінің қайнар көзі деген қорытынды жасай аламыз, яғни белсенділік – тек
физиологиялық емес, сонымен қатар əлеуметтік жəне психикалық деңгейде көрінетін
əрбір адамға тəн қасиет.
Достарыңызбен бөлісу: