адамның даралылығының қалыптасуы үшiн бастапқы мотивациялық негiз ретiнде
анықталады. Өзiн-өзi актуализациялаудағы қажеттiлiк негiзiнде, адамда белгiлi бiр жеке
адамдық қасиеттердiң жиынтығын дамытуға мүмкiндiк беретiн мотивацияның ерекше
типi қалыптасады. Жүрiс-тұрыс қажеттiлiктер мен қабiлеттерге тəуелдi жəне iшкi, сыртқы
мотивтер арқылы анықталады.
ХХғ. 2-шi жартысында адам жүрiс-тұрысының мотивациясын түсiндiруде
“əлеуметтiк қажеттiлiктер” мен “гуманистiк” теорияларының маңызы зор болды. Оның
өкiлдерi Д.Аткинсон, Ю.Роттер, Г.Хекхаузен, Г.Маррей Г.Келли, А.Маслоу т.б. мотивация
сферасының жан-жақты феномендерiн қарастырғанымен олардың келген тұжырымдары
мен жасаған қорытындыларының бəрiне бiрдей ортақ жақтары бар. Олар:
❑
Адам жəне жануар жүрiс-тұрысын бiрдей түсiндiретiн бiртұтас, əмбебап
мотивациялық теория жасау мүмкiн еместiгiн мойындау;
❑
Адамның мотивациялық қозғаушы күшi тек iшкi шиеленiсу деңгейiмен
сипатталмайтындығына сендiру;
❑
Адам мотивациясының қозғаушы күшi оның белсендiлiк принципiнiң негiзiнде
адам психологиясына байланысты екенiн бекiту;
❑
Адам жүрiс-тұрысының сана арқылы реттелiп отыратындығы;
❑
Адам мотивациясына ғана тəн ерекшелiктердi (əлеуметтiк қажеттiлiктер, мотив,
өмiрлiк мақсат, танымдық фактор) бөлiп шығару;
❑
Адамның мотивациялық сферасын зерттеу үшiн жануарлардың жүрiс-тұрысын
зерттеуде қолданылатын əдiстердi терiске шығару;
❑
Адам мотивациясын зерттеуге арналған əдiстердi iздеу жəне оны санамен,
тiлмен байланыстыра отырып жүргiзу.
Мотивацияның
адам
жүрiс-тұрысын
түсiндiрудегi
жаңа
психологиялық
концепциялары арасында адам бiлiмi мен санасына ерекше маңызды орын беретiн
мотивацияның когнитивтi теориялары жоғары орын алады. Iс-əрекетке ынта адамдарда тек
эмоцияның əсерiнен ғана емес, сонымен бiрге танымның ықпалымен де пайда болуы
мүмкiн.
Осы кезде дүниеге келген қазiргi кезге дейiн адам жүрiс-тұрысын түсiндiруде көп
қолданылатын теориялардың бiрi
-“Мотивацияның когнитивтi “ теориясы. Бұл теория
бойынша, негiзгi мəселе адам санасы мен бiлiмiне, оның танымымен байланысты
феномендерге тiкелей байланысты болып саналады. Бұл теорияның негiзгi ұғымдары-
когнитивтi диссонанс, табысты күту, табыстың жеке адам үшiн құндылығы, сəтсiздiкке
ұшырау қорқынышы, талаптану деңгейi. Бұлар бiр-бiрiмен өте тығыз байланыста, өзара
əрекеттестiкте болатын мотивациялық феномендер. Бұл факторға алғашқылардың бiрi
болып көңiл аударған- “
Когнитивтi диссонанс” теоориясының негiзiн салушы
Л.Фестингердiң мотивации теориясы əлеуметтiк психология мен биология негiзiнде
қалыптасқан. Негiзгi еңбектерi-ңТеория когнитивного диссонансаң(1958), Оның
пiкiрiнше, адам бойындағы жалпы əлем туралы жəне өзi туралы бiлiмдер жүйесi өзара
келiсiмге ұмтылады. Өзара келiспеушiлiк немесе диссбаланс орнаған жағдайда адам оны
шеттетуге, бəсеңдетуге ұмтылады.
Бұл теория бойынша, адамда өзi қабылдаған шешiмiне маңызды құндылық беру жəне
осы таңдауының жалғыз дұрыс шешiм екендiгiн ақтайтын психологиялық қорғаныс
жүйесi жұмыс жасайды. Сонымен қатар, қабылданбаған шешiмдi жоққа шығаруға,
жарамсыздығын дəлелдеуге қосымша фактiлер iздеп, сол арқылы өз шешiмiнiң
дұрыстығына көңiл қояды. Когнитивтi диссонанс барлық уақытта туындамайды. Ол тек
адам өзiн келiспеушiлiктiң негiзгi себепшiсi ретiнде түсiнiп, өзiн тiкелей жауапты сезiнiп,
уайымдағанда пайда болады.
Отандық психология ғылымында А.Н.Леонтьевтiң “
Адам мотивациясының iс-
Достарыңызбен бөлісу: