№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері



Pdf көрінісі
бет42/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   120
Инстинкттер теориясы” болды. Олар адам жүрiс-тұрысының қозғаушы күштерiнiң
себебiн тума инстинктерден iздеуге батыл қадам жасады. З.Фрейд бойынша мұндай
инстинкттер саны үшеу; өмiр сүру, өлiм, агрессивтiлiк инстинктерi.
У.Макдауголл инстинктiнiң негiзгi санына қатысты ретпен белгiленген ұғымды
кеңейтiп жəне он инстинктiден тұратын жиынтықты ұсынды: өнертапқыштық, құрылыс,


əуес, қашу, кезең, төбелесу, ата-аналық, жек көрушiлiк, өзiн кем тұту, өз-өзiн сендiру
инстинктiсi. У.Макдауголл өзiнiң кейiнгi жұмысында негiзiнен органикалық қажеттiлiкке
тиiстi тағы 8-инстинктiнi қосты. өсынылған инстинктер санының көбеюiне қарамастан,
оның теориясының негiзi жануарлардың жүрiс-тұрысымен ұқсастықта қолданылды.
З.Фрейд бойынша, мотивация биоэнергетика емес, психоэнергетиканы көрсетедi, бұл
жүрiс-тұрыстың психикалық себептiлiгiн бейнелейтiн оның динамикалық сипаттамасы.
Ол құрастырған мотивацияның бастапқы 3 компонентi бар: “Мен”- жеке адамның өзiндiк
санасы. “Оно”- санадан тыс құмарлық. “Жоғарғы-Мен” өмiр əрекетi барысында жеке адам
санадан тыс игерген моральдық стандарттары, тыйымдары, ынталандырулары. Жеке
адамның бағыттанған белсендiлiгi болып жоғарыда аталған компоненттердiң арасындағы
қарама- қайшылықтардың нəтижесi табылады.
Мотивация механизмдерiн зерттеу бихевиористiк мектепте орталық орын алған.
Мотивация мазмұнын анықтау үшiн бихевиоризм iлiмiнде “драйв” деген арнайы түсiнiк
енгiзiледi, яғни ол- адамды немесе жануарды белсендi болуға мəжбүр ететiн стимул
немесе қозғаушы. Өзiнiң психологиялық мазмұны бойынша, инстинкт түсiнiгiмен сай
келедi.
Осы проблеманы необихевиористер К.Халл, Э.Толмен, Б.Скиннер жəне басқалары
шешуге тырысады. Олар ұсынған 
S R
формуласының моделi аралық элементтер
қатарымен толықтырылған. Бүл жерде сана жүрiс-тұрысты итермелеушi жəне реттеушi
элемент ретiнде көрiнедi. Стимул тек сыртқы қозғаушы ғана емес, сонымен қатар, iшкi
“қажеттiлiк” ретiнде қарастырылады.
Мотивациялық теориялардың дамуының келесi күрделi кезеңi- ХХғ. 30-шы
жылдарынан басталды. Бұл тек адам мотивациясының қозғаушы күшiн түсiндiруге
бағытталған мотивацияның арнайы психологиялық теориялары. Бұл сол кездегi
психология ғылымындағы негiзгi психологиялық бағыттар немесе мектептердiң ғылыми
зерттеу жұмыстарымен тiкелей байланыста дамыды.
Гештальт психологиясының өкiлi-К.Левиннiң “мотивацияның динамикасы
теориясы. К.Левин мотивация динамикасын алғаш индивидуалды жүрiс-тұрыста, кейiннен
коллективтi 
жүрiс-тұрыста 
қарастырды. 
Өз 
теориясындағы 
“өрiс” 
ұғымын
“психологиялық кеңiстiк” ұғымымен сəйкестендiрдi. К.Левин концепциясы бойынша;
адам жүрiс-тұрысының негiзгi қозғаушы күшi өмiрлiк психологиялық кеңiстiктегi
адамдардың мотивтерiнiң iшкi шиеленiсi. К.Левин жəне Э.Толмен көзқарастары негiзiнде
жүрiс-тұрыс екi өзгермелiден: а) бiр нəрсенi күту; б) мотивтерге айналатын құндылықтар
ретiнде қарастырылады.
К.Левин бойынша, адам өз-өзiне берген тапсырмалар негiзiнде, “квази қажеттiлiктер”
соны орындауға деген қажеттiлiк пайда болады. Ол қойылған мақсатқа жетуге
бағытталған, iс-əрекетте шынығатын, шиеленiстер жүйесiн шақырады. Ал, егер де жаңа
тапсырма енгiзсе, онда бұл iс-əрекет тежеледi, шиеленiстiк қайта шынығуға əкелетiн,
үзiлiп қалған iс-əрекетке қайта оралуына деген ұмтылысты туғызады.
Психологиядағы мотивацияға байланысты күрделi теориялардың бiрi- американдық
психологтар Д.Макклелланд, Д. Аткинсон жəне немiс психологы Хекхаузен ұсынған iс-
əрекет түрлерiндегi “Табысқа жету мотивi”. И.Аткинсон жəне К.Берчтiң-
ңаисторическая и афизиологическаяң мотивациялық теориялары.
ңҮшiншi күшң ретiнде танылған жеке тұлғаны зерттеудiң тағы бiр бағыты
-ңөркендеу теориясың деп аталады. Бұл теорияны гуманистiк психология өкiлдерi
А.Маслоу, К.Роджерс жəне К.Голдштейн ұсынды. Өркендеу теориясы адамның жетiлуге
талпынуын, өз мүмкiндiгiн жүзеге асырылуын белгiледi.
А.Маслоудың мотивацияның ңтұлғалықң теориясы негiзiнде өз-өзiн актуализациялау
концепциясы жасалған. Негiзгi еңбектерi ңМотивация и личностьң (1954, 1957) А.Маслоу
осы уақытқа дейiн адамның психикасының дамуын зерттеуге жануарларға тəжiрибе жасау
арқылы қол жеткiзуге толықтай қарсы шықты.
Маслоу концепциясы бойынша, əрбiр адамда өмiрге келген сəттен бастап, белгiлi бiр
қажеттiлiктер жүйесi бiрге дамып отырады. Олар өзара иерархиялық деңгейлерге бөлiнiп
орналасқан. Қажеттiлiктердiң деңгейi неғұрлым төмендеген сайын оның адам өмiр сүруi
үшiн маңызы күрделiленiп, адам жүрiс-тұрысының қозғаушы күшi ретiндегi маңызы
артады. Осы төменгi деңгейдегi қажеттiлiктер өтелген кезде ғана одан жоғары орналасқан
қажеттiлiктерi бой көрсете бастайды.

Физиологиялық қажеттiлiктер; (тамақ, демалу, шөл, жыныстық қатынас)

Қауiпсiздiк қажеттiлiктерi;(өзiн, сəтсiздiк, қорқыныш жағдайларынан қауiпсiз
сезiну, өз-өзiн қорғау қажеттiлiгi),

Сүйiспеншiлiк жəне өзiн қабылдау қажеттiлiгi; (өзiнiң белгiлi бiр ортада
қабылдануы, танылуы, ұнатуы сезiмдерiне бөлену қажеттiлiгi),

Өзiн құрмет тұтуға қажеттiлiк (өзiнiң қажеттiлiгiн сезiну, бiлiктiлiк, табысқа
жету, құптау, жетiстiгiн мойындату).

Өзiн жүзеге асыруға немесе жетiлдiруге қажеттiлiк; (өз мақсатын, қабiлеттерiн
жүзеге асыру, жеке тұлғасын дамыту).
Бұл теория бойынша, ең маңыздысы- өз-өзiн актуализациялауға деген қажеттiлiк.
Қажеттiлiктердiң 
иерархиялық 
жүйесi 
бастапқы 
мотивацияның 
-өзiн-өзi
актуализациялауды жүзеге асыруға бағытталған. Өзiн-өзi актуализациялау олар арқылы


адамның даралылығының қалыптасуы үшiн бастапқы мотивациялық негiз ретiнде
анықталады. Өзiн-өзi актуализациялаудағы қажеттiлiк негiзiнде, адамда белгiлi бiр жеке
адамдық қасиеттердiң жиынтығын дамытуға мүмкiндiк беретiн мотивацияның ерекше
типi қалыптасады. Жүрiс-тұрыс қажеттiлiктер мен қабiлеттерге тəуелдi жəне iшкi, сыртқы
мотивтер арқылы анықталады.
ХХғ. 2-шi жартысында адам жүрiс-тұрысының мотивациясын түсiндiруде
“əлеуметтiк қажеттiлiктер” мен “гуманистiк” теорияларының маңызы зор болды. Оның
өкiлдерi Д.Аткинсон, Ю.Роттер, Г.Хекхаузен, Г.Маррей Г.Келли, А.Маслоу т.б. мотивация
сферасының жан-жақты феномендерiн қарастырғанымен олардың келген тұжырымдары
мен жасаған қорытындыларының бəрiне бiрдей ортақ жақтары бар. Олар:

Адам жəне жануар жүрiс-тұрысын бiрдей түсiндiретiн бiртұтас, əмбебап
мотивациялық теория жасау мүмкiн еместiгiн мойындау;

Адамның мотивациялық қозғаушы күшi тек iшкi шиеленiсу деңгейiмен
сипатталмайтындығына сендiру;

Адам мотивациясының қозғаушы күшi оның белсендiлiк принципiнiң негiзiнде
адам психологиясына байланысты екенiн бекiту;

Адам жүрiс-тұрысының сана арқылы реттелiп отыратындығы;

Адам мотивациясына ғана тəн ерекшелiктердi (əлеуметтiк қажеттiлiктер, мотив,
өмiрлiк мақсат, танымдық фактор) бөлiп шығару;

Адамның мотивациялық сферасын зерттеу үшiн жануарлардың жүрiс-тұрысын
зерттеуде қолданылатын əдiстердi терiске шығару;

Адам мотивациясын зерттеуге арналған əдiстердi iздеу жəне оны санамен,
тiлмен байланыстыра отырып жүргiзу.
Мотивацияның 
адам 
жүрiс-тұрысын 
түсiндiрудегi 
жаңа 
психологиялық
концепциялары арасында адам бiлiмi мен санасына ерекше маңызды орын беретiн
мотивацияның когнитивтi теориялары жоғары орын алады. Iс-əрекетке ынта адамдарда тек
эмоцияның əсерiнен ғана емес, сонымен бiрге танымның ықпалымен де пайда болуы
мүмкiн.
Осы кезде дүниеге келген қазiргi кезге дейiн адам жүрiс-тұрысын түсiндiруде көп
қолданылатын теориялардың бiрi-“Мотивацияның когнитивтi “ теориясы. Бұл теория
бойынша, негiзгi мəселе адам санасы мен бiлiмiне, оның танымымен байланысты
феномендерге тiкелей байланысты болып саналады. Бұл теорияның негiзгi ұғымдары-
когнитивтi диссонанс, табысты күту, табыстың жеке адам үшiн құндылығы, сəтсiздiкке
ұшырау қорқынышы, талаптану деңгейi. Бұлар бiр-бiрiмен өте тығыз байланыста, өзара
əрекеттестiкте болатын мотивациялық феномендер. Бұл факторға алғашқылардың бiрi
болып көңiл аударған- “Когнитивтi диссонанс” теоориясының негiзiн салушы
Л.Фестингердiң мотивации теориясы əлеуметтiк психология мен биология негiзiнде
қалыптасқан. Негiзгi еңбектерi-ңТеория когнитивного диссонансаң(1958), Оның
пiкiрiнше, адам бойындағы жалпы əлем туралы жəне өзi туралы бiлiмдер жүйесi өзара
келiсiмге ұмтылады. Өзара келiспеушiлiк немесе диссбаланс орнаған жағдайда адам оны
шеттетуге, бəсеңдетуге ұмтылады.
Бұл теория бойынша, адамда өзi қабылдаған шешiмiне маңызды құндылық беру жəне
осы таңдауының жалғыз дұрыс шешiм екендiгiн ақтайтын психологиялық қорғаныс
жүйесi жұмыс жасайды. Сонымен қатар, қабылданбаған шешiмдi жоққа шығаруға,
жарамсыздығын дəлелдеуге қосымша фактiлер iздеп, сол арқылы өз шешiмiнiң
дұрыстығына көңiл қояды. Когнитивтi диссонанс барлық уақытта туындамайды. Ол тек
адам өзiн келiспеушiлiктiң негiзгi себепшiсi ретiнде түсiнiп, өзiн тiкелей жауапты сезiнiп,
уайымдағанда пайда болады.
Отандық психология ғылымында А.Н.Леонтьевтiң “Адам мотивациясының iс-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет