№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері



Pdf көрінісі
бет86/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   120
Байланысты:
Снимок экрана 2022—11—28 в 17.15.15

§ 5. Қиял жəне шығармашылық
Шығармашылық қиялмен тығыз байланысты. Қиялдың даму деңгейімен
ерекшеліктері шығармашылық үшін өте маңызды.
Шығармашылықтың психологиясы оның барлық нақты түрлерінде көрінеді. Сурет,
ғылыми, əдебиет көркем өнерде т.б. Нақты адамның шығармашылық мүмкіндігін қандай
факторлар айқындайды. Шығармашылықтың мүмкіндігі адамның білімімен жəне олардың
қабілеттілігімен сипатталады. Шығармашылық мəселесі тек психологтарға ғана қызықты
болған жоқ. Неге бір адамдар бір нəрсені ойлап табады. Екіншілерінде бұндай мүмкіндік
жоқ деген сұрақ көптеген ғалымдарды толғандырады. Ұзақ уақыт белгілі психологы
Т.Рибоның негізделген алгоритмизация мен шығармашылық процесске үйретудің мүмкін
еместігі туралы көзқарас үстем болды. Алайда бұл көзқарасқа кейін күмəндана қарай
бастайды. Бірінші орынға шығармашылыққа қабілеттілікті дамытуға болады деген
гипотеза шықты.
Ағылшын оқымыстысы Г.Уоллес шығармашылық процесін зерттеуге тырысты.
Нəтижесінде ол төрт кезіңін бөліп шығарды.
1. дайындық ( идеяның туы )
2. пісіп-жетілуі ( концентрация )
3. озарение (кенеттен шешім табуы)
4. тексеру
Г.С. Альтимуллер шығармашылық міндеттерді шешудің тұтас бір теориясын жасап
шығарды. Ол шығармашылықтың бес деңгейін көрсетеді. Бірінші деңгейдің мəселесі осы
мақсатқа тікелей бағытталған құралдармен шешіледі. Объекті бұл жағдайда өзгермейді.
Мұндай міндеттерді шешудің құралдары бір ғана арнайы саланың шеңберінде ғана
болады. Екінші деңгейдің міндеттері қежетті эффекті алу үшін объектіні өзгертуді қажет
етеді. Мұндай түрдегі міндеттерді шешудің құралы бір білім саласына жатады.
Үшінші деңгейдің міндеттері дұрыс шешімі жүздеген дұрыс емес шешімдердің
арасында жасырылған. Төртінші деңгейдің міндеттерін шешуде объекті толықтай өзгереді.
Шешімді ғылым саласында өте сирек кездесетін эффектілермен құбылыстар арасында
іздеуге тұра келеді. Бесінші деңгейде міндетті шешуде барлық жүйе өзгереді. Мұнда
қателіктер көп болады. Міндетті шешудің құралы бүгінгі күнгі ғылымның мүмкіндігінен
тыс жатуы мүмкін. Сондықтан да бірінші жаңалық ашу керек, содан соң жаңа ғылыми
негіздерге сүйене отырып шығармашылық міндетті шешу керек.
Альтилуллердің пікірі бойынша шығармашылық міндеттерді шешудің маңызды
əдістерінің бірі олардың жоғарғы деңгейден төменге түсуі борлып табылады. Мысалы:
егер төртінші немесе бесінші деңгейдің міндетін арнайы əдістер арқылы бірінші немесе
екінші деңгейге ауыстырса, онда ары қарай варианттардың əдеттегі салмағы асып кетеді.


Бұндағы бар мəселе ізденіс жиегін тез тарылту болып табылады.
Осылайша, пайда болған образдардың жеңілдігіне еріктілігіне қарамастан іс-
əрекеттердің шығармашылық қайта жасалуы қиялда өзінің заңдарына бағынады жəне
белгілі бір əдістермен жүзеге асады. Жаңа түсініктер санада болған түсініктердің негізінде
анализ бен синтездің арқасында пайда болады. Қиял процессі түсініктердің құрамдас
бөліктерге бөлінуінен жəне олардың жаңа үйлесімге бірігуімен яғни аналитикалық
синтетикалық сипат алуымен анықталады. Шығармашылық процесс қиялдың күнделікті
образдарын қалыптастырудағы механизмдерге сүйенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет