себептерінің бірі, олардың əрдайым сəтсіздікке ұшырауында. Бірқатар сəтсіздікке ұшырау
нəтижесінде адам өз жоспарын жүзеге асырудан бас тартады да, тек армандап ғана жүреді.
Мұндай жағдайда арман саналы,
ерікті процесс ретінде, бірақ аяқсыз қалатын процесс
ретінде көрінеді. Арманның бұл түрі тек негативті құбылыс ретінде қаралмайды. Бұның
позитивті мəні организм жүйесін реттеу механизмдерін сақтап, қамтамасыз етуінде.
Мысалы: Сəтсіздік көп жағдайда адамның негативті психикалық күйге түсуіне ықпал
етеді, яғни дискомфорт немесе депрессивті реакцияға түседі.
Өз кезегінде негативті
психикалық күй адамның əлеуметтік- психологиялық адаптациясындағы қиындықтарға
себепші болатын, дезадаптивті бұзылулар мен қандай да бір аурудың преморбидті
сипаттамасын қалыптастыратын факторлардың бірі ретінде көрінеді.
Бұндай жағдайда
арман пайда болған проблемалардан уақытша кете тұруды қамтамасыз ететін
психологиялық қорғаудың өзіндік формасы түрінде роль атқарады.
Ол негативті психикалық күйдің нейтрализациясына жəне адамның жалпы
белсенділігі төмендеген кезде реттеу механизмдердін сақтауды қамтамасыз етуге ықпал
етеді.
Айта кету керек, арманның бұл түрлері белсенді ерікті саналы психикалық процесс
болып табылады. Алайда, қиял
пассивті формада кездеседі. Ол еріксіз ойынмен
сипатталады. Бұған мысал айтып кеткендей түс бола алады.
Егер ерікті немесе белсенді қиял əдемленіп жасалынса,
яғни ол пассивті қиял
ырықты жəне ырықсыз жасалынылуы мүмкін. Алдын-ала ойланып жасалынған мақстатты
түрдегі қиял ерікпен байланысты емес образдарды жасайды. Бұл образдар адамның
қиялында көрінеді. Адам өз қиялында өз күтіп жүрген белгілі-бір нəтижені ойлайды. Ал
қиял іс-əрекетті алмастыра бастаса, тұлғаның психикалық өмірінде үстем ала бастаса, бұл
психикалық дамудың бұзылғандығын көрсетеді. Бұл адамның шынайы өмірден алшақтап,
өзі елестететін əлемге кетуіне əсер етеді. Мысалы: мектеп оқушысы сабаққа дайындалмай
жəне дұрыс баға алмағасың, өзіне басқа бір өмірді ойлап табады.
Достарыңызбен бөлісу: