1. Әдебиет теориясы ғылымының әдіснамалық қағидалары Әдебиет теориясы


https://www.freepapers.ru/77/gogolge-xat/246752.1655026.list1.html



бет58/65
Дата31.12.2021
өлшемі233,12 Kb.
#23703
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   65
https://www.freepapers.ru/77/gogolge-xat/246752.1655026.list1.html

48. Н.Буалоның «Поэтикалық өнер» атты еңбегі

Француз классицистерінің теоретигі Н.Буало болды. Көпшілік оның алдында құрақ ұшып жүгіріп, оның кекесінді бағасынан, әділ сынынан қорқатын. Алайда сыншы шын дарындарды қадірлейтін. Оның өнер теоретигі ретіндегі зор беделі күллі Еуропада ХҮІІ ғасырдың жетпісінші жылдарынан басталып романтизм дәуіріне дейін дүркіреп тұрды. Буало француз классицизмі қалыптасып, өз жемісін беріп жатқан уақытта әдеби сахнаға шықты. Ол негізінен ақындардың тәжірибелерін жалпылап, қорытындысын шығарып берді. Классицизм теориясы, оның жетістіктері мен кемшіліктері Буало атымен тығыз байланысты. Н.Буалоның классицизм теориясы жөнінде жазылған еңбегі «Поэтикалық өнер» деп аталды. Буало авторларға «дарын» дегеннің түсіндірмесінен бастайды да, тым алшаққа кетіп трагедияны «қайғыға толы жүздеген өліктермен» толтыра бермеуге, ештеңеге қажеті жоқ майда-шүйдені суреттей бермеуге, тым асқақтап аспанға көтеріліп кетпеуге, тым төмендеп, былғаныш лайсаңға түсіп кетпеуге» кеңес береді.[3] Яғни жазушыларды салмақтылыққа, ұстамдылыққа, мазмұндылыққа, әр нәрсенің шегін, өлшемін сезіне алуға шақырады. «Ақиқаттан асқан әдемілік жоқ» деген Буало сөздерімен келіспеуге болмайды. Жекелеген ақындарға баға беру үстінде де ол нәзік талғам танытады. Саналылық, ақыл, ой әдеміліктің синонимі ретінде қарастырылады. Ақыры «Сананы сүйіңіз, ол сіздің өлеңіңізде өмір сүріп, оған көрік беріп тұрсын» дейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет