НЕГІЗГІ БӨЛІМ 1.Ежелгі елдердегі жер кадастрының даму тарихы
Біздін дәуірімізге дейінгі 600 жылдан бері пайда болған Грецияның коғамдық құрылымы, ұсақ жер иеленушілер өз иеліктеріндегі жерлерін жоғалтуға дейін жеткен зандарга негізделген. Осылайша, біздің дәуірімізге дейінгі 594 жылы кызметтік кадастрға негізделген Солон Заңнамасы коғамдық тәр- тіпті орната алды, жылжымайтын мүлікке катысты қарыздарды, карыз құлдығын және ірі жер кеңістігінің түзілуін жойды. Кар- жылык салыктың түсуін камтамасыз ететін жерлерді кайта беліп беру жұмыстары жүргізілді. Ен алгашкы Рим кадастры біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасырда Серв Тулль аркылы енгізіліп, «Табулес цензуалес» деп аталды. Бұл кадастрда жылжымайтын мүлік периметрінің түсірілімі жасалып, салық салуда топырақтың түрі, сапасы және өнімділігі есепке алынды. Түсірілім мағлұматы жер иелерінен алынып, егер күдік туған жағдайда арнайы өлшеуші адам тағайындалған. Жылжымайтын мүлік аумағының құны оны жыртуға кеткен уақыт, пайдаланылған өгіз немесе жұмсалған тұқым мөлшерімен анықталған.
Ұлы Карл дәуірінде жылжымайтын мүлікке салық салынған, ол ондык деп аталған. Бұл салыктардың жиналуы ежелгі Рим жазбаларына негізделген, алайда, тиімсіз болған. Біздің дәуірімізге дейінгі 900 және 1200 жылдар арасындағы феодализм кезінде сюзерендар және діни иелік ету кұжаттарына кол кою аркылы тіркеуге алған. 1162 жылдар шамасында Италияда каржылык максаттардағы жер кадастрлары құрылды. Миланда 50 жыл бойы (1260-1310 жылдар) кадастрлык түсірілім жүргізілді, алайда оның нәтижесінде салық салу жүйесін бекітуге кажетті мағлұматтар алынбады.Англияда ен алгашкы кадастр 1066 жылы жүргізілген, оның негізгі максаты жылжымайтын мүлікке салық салу болған. Ол кадастр ел ішінде «Domesday book» немесе «Жалпы сот күнінің кітабы» деп аталған, себебі ол өз кезегінде салыктык ұйымдарды алдагандарга колданылған.Францияда алғашқы кадастр 1269 жылы пайдаланылған. «есептесу кітабы» деп аталған, алайда оның жетістігі аз болды. Тек <<Кадастр адамдарды олардың дәрежесіне карамастан теңестіреді» деген сөздердін авторы Луи XIV кезінде француздар кадастрлык жүйе кезінде каржылык жүйені сәтті енгізе алды. Жаңа дәуір кезінде кадастрлық түсірілімге қомақты әсер ете алған әдістер мен кұралдар жасалды. 1608 жылы Галилео Галилей 100 есе арттырып көрсететін телескоп ойлап шығарды. 1590 жылы Австрияда математик Ян Притериус «Мензула Преториани» деп аталатын жана планшет, ал 1615 жылы Снеллиус атты голландиялык тап- кыш топографияда пайдаланылатын триангуляция әдісін ойлап тапты. 1730 жылы ең алғашкы теодолит пайда болды.Бұл кезенде әртүрлі елдер кадастрлык түсірілімдер жасай бастады. Испанияда Филипп 11-нің билік кұру кезінде жылжы- майтын мүлікті бағалауға бағытталған алғашқы статистикалык жұмыстар жүргізілді. Сол кездерде ірі латинфундистердің оппозициясы тиімді фискалдык жүйені пайдалануға мүмкіндік бермеді. Орта ғасырларда кадастрлык түсірілімдер мазмұны және жер кадастрын жүргізудің негізгі принциптері Рим империясының кадастрынан еш айырмашылығы болмады (жерлерді елшеу таяқшалар мен жіптердің көмегімен тек тіке өлшенді, геомет риялық білім мен есептеулер аз колданылды), алайда, 1718 жылдан бастап, миландык Джовани Джакомо ғылыми әдістерге сүйеніп жасалган триангуляция әдісі бойынша және полигонометриялык желілер аркылы шекараларды анықтайтын ең алғашқы кадастрды ойлап тапты. Бұл кадастр кұжаттар ретінде 1:2000 көлемінде мензулаларды пайдаланып жасалған барлық ауылдық қауымның ситуациялык карталарын камтыған. Карталарда жекелеген кауымдык иеліктердің парцелдері (жер телімдері) көрсетілген, сонымен катар, иеліктердің аудандары, топырак түрлері, салык салуға негіз болатын таза пайда аныкталған. Өзінің сапасы мен дәлдігінін аркасында бұл миландык деп аталатын кадастр 1760жылдың 1 қаңтарында іске косылып, XIX ғасырдағы Францияның, Бельгияның, Австрияның, Голландияның, Швейцарияның ка- дастрларының құрылуына үлгі болды.
Кадастрдың дамуы үшін ерекше рөл атқарған француз кадастры болып табылады. 1801 жылы Наполеон Франция аймағында жылжымайтын мүлікке әділ түрде салық салуды зерттеу максатында комиссия құрды. 1800 муниципалдық округ- тарда кадастрлық түсірілім жүргізілді. Түсірілген аймақтың салық көлемін баска да аймақтарға бөле отырып аныктау көзделген. алайда, одан нәтиже шыкпады, сондықтан Франциянын барлык аймағын түсіруге шешім қабылданды. 1814 жылға дейін 9 мың муниципалдык округтарда 12 миллион гектар аймақта 36 миллион объектілерге түсірілім жасалды. Кадастрлык түсірілімдер негізінен каржылық және заңдық сипатта болды.
2. Шетелдік жер – кадастрлары және оны жіктеу
Жерді жалпы қабылданған мағынасы бойынша кеңістік ресурсы (аумақ) деп қарастырады, ал заң түрінде шетелдерде жылжымайтын мүлік атрибуты немесе белгісі (жеке мекшік институты болған жағдайда). Сонымен қатар бұл мағынаны жеке меншіктегі жер, табиғат ресурстары, ғимарат және құрылыстар деп түсініледі.
Жылжымайтын мүліктің құқықтық жағынан ерекшеліктері: иеленудің жариялығы және заң жүзінде жерді пайдалану тәсілі мен басқа да жылжымайтын мүлікке бекітілген қоғамдық бақылау.
Көптеген шетелдерде иелену жариялығы арнаулы тіркеу жүйесімен – жер кадастрымен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар жерге деген меншік құқығын мемлекеттік тіркеу жүйесі қолдайды.Европа елдерінің жер кодекстерінде жер учаскелерін келесі құқықтық ережелер бойынша айырады: меншік, құрылыс салуға мұрагерлік құқығы бар жалға беру, жалға беру мезгілін ұзарту құқығы бар, белгілі бір мезгілге жалға беру.Сонымен қатар көптеген елдердің жер кодекстерін салық салу жүйелеріндегі құқығына және жылжымайтын мүлік нарығында меншіктік құқық алу және беру заңды шарттарына байланысты айрықшаланады.Көптеген елдерде келесі меншік түрлері болады: мемлекет; муниципалиттер, қауымдар, қалалық және ауылдық кеңестер және коммуналар; діни немесе қоғамдық табысы жоқ ұйымдар; кооперативтер, серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, фирмалар; жеке тұлғалар;шетел мемлекеттері, шетел ұйымдары немесе шетелдік жеке тұлғалар. Кадастрлар әртүрлі жіктеледі:бірінші кезектегі қызметтеріне қарай (мысалы, жылжымайтын мүлікке деген құқықты беруді рәсімдеуде құжаттарды құруда салық салуды қолдау, жерді бөлу немесе көпмақсатты жер пайдалануды басқару шаралары);жазылған құқық түрлері бойынша (мысалы, меншік, пайдалану құқығы, материалдарды дайындау үшін тау ашымдары);
мәліметтердің дәлділігі мен дұрыстығына мемлекеттің жауапкершілік дәрежесіне қарай (мысалы, мемлекеттің толық мандаты, жауапкершілікті қоғам мен жеке тұлға арасында бөлу);орналасуына және заң құзыретіне қарй (мысалы, қалалық және ауыл қадастры, орталыққа бағынған және бағынбаған);жер учаскелері туралы ақпараты жию әдістерін байланысты (оның ішінде жер бетінде түсіру, аэрофототүсіру, мәліметтерді санды түрге айналдыру және т.с.с.).
Көптеген шетелдерде кадастрлық ақпараттарды басқару жауапкершілігі тарихы жүзінде бірнеше мемлекеттік үкімет органдары мен мамандар арасында бөлінген. Мысалы, жерді тіркеу сот органдары мен заң қызметкерлері; картографиялау, жер учаскелері шекараларын белгілеу және қаржы мақсаттары үшін жер учаскелерін құжаттау - түсіру жұмыстарын жүргізушілерге жүктелген.
Батысевропалық кадастрлар жүйелері жалпы сипаттары бойынша бірдей: учаскелер регистрі, кадастрлық карталар және құқықтық жазуды жүргізу. Иеленулерді есепке алу техникасы – Жер бойынша регистр (Жер кітабы) немесе оның құрамдыөқ бөлігі. Кадастр (немесе кадастрлық түсірулер нәтижелерін жиынтығы) және Жер бойынша регистр, әдетте бірыңғай ұйымдастыру қызметі жүргізеді, бұл қызеттердің әртүрлілігі сирек келеді, олар бірімен-бірі бірігіп жұмыс жасайды және өзара бақылайды да көпмақсатты кадастр құрайды.
Батысевропалық кадастрлық ақпараттар жүйесінің жалпы сипаты мынада: олар барлық аумақты қамтиды және мәліметтерді үздіксіз жаңғыртып отырады.Сонымен қатар тағы бір жалпы сипатына регистрлерда ақпараттарды жүргізу техникасын (жар пайдалану типі, ауданы, құрылыстардың орналасуы, орналасуы, иелері туралы ақпараттар және басқа да регистрлер мен ақпарат жүйелеріне сілтемелер) жатқызуға болады.Жалпы ережелерден ерекше болып англиялық кадастр саналады, онда тек картографиялық ақпарат болады, негізінен жер учаскелерінің шекаралары мен жылжымайтын мүлік құрамы туралы.
Батыс Европа кадастрлары тарихи себептерге байланысты ұқсас сипаттамалары бар және негізінен франциялық кадастр принциптерін ұстайды, оны 19 ғ. басында I Наполеон белгілеген болатын. Басты принципі екі бөлімнің болуы: сөзбен жазу және карта, олар барлық жер учаскелерінің орналасуы мен шекарасын бейнелеген. Континенттік Европада қазіргі түсініктеме бойынша кадастр деп топографиялық негізде жерді жіктеу және бағалау, меншіктердің шекарасын көрсету және учаскелер мен иеленушілер реестрін жүргізу. 1985 ж. Жерге орналастыру және жер пайдалану бойынша ақпараттық жүйе бойынша халықаралық эксперттер тобы келесі анықтаманы бекітті: «Кадастр –бұл ел аумағы немесе өңірі бойынша меншік учаскелер шекарасын топографиялық түсірумен анықталған жүйелі қолданылатын және үлкен масштабта бейнеленген мәліметтердің жариямалы реестрі».