Австриядағы кадастрдың ерекшелігі Жер регистрында теміржол учаскелерінің арнаулы кітабы және тау кітабын жүргізу. Қазіргі кезде Австрияда автоматтандырылған жүйе құрылуда, онда Жер регистры және жылжымайтын мүлік кадастры жалпы жер және жылжымайтын мүлік туралы банкке біріктірілген.Конфедерация құрушы Швейцария кантондары, әдетте жер саясатына байланысты емес, сондықтан жерге және жылжымайтын мүлікке деген салықтар толық жергілікті кантондық бюджетке түседі. Кадастрлық қызметтер көп жағдайларда өздігінен ұйымдастырылған, тек Жер регистры кітабының формасы мен мазмұнын мемлекет белгілеген, ал регистр жүргізуші ведомствоны кантон анықтайды (бірінде сот бөлімдері, бірінде арнаулы қызмет).
Швейцарияда жер-кадастрлық құжаттар кадастрлық деректер базасына кіреді, олар жер учаскелері туралы мемлекекттік ақпараттық жүйеде болады және ол алғашқы деректер негізінде құрылады.
1975 ж. Нидерландтардыңкадастрлық қызметі үлкен масштабты базистік карта жасау жұмыстарын бастады, соңынан санды картографиялауға автоматтандырылған жүйе құрылды. Осылардың негізінде жер туралы ақпараттық жүйелер пайда болды, олар негізгі 5 элементтерден тұрады: мемлекеттік жер салықтары; жерді қорғау туралы заң мәліметтері; жер пайдалануды бақылау органдарына арнаулы деректер; жер пайдалану объектісі; жоспарлау үшін қажетті ақпарат.
Данияда кадастр Кадатрлық коллегияның басқаруымен жүргізіледі. Онда автоматтандырылған кадастрлық жүйе жұмыс істейді және деректер қатты дискілерде болады. Кадастрлық жүйедегі ақпарат учаскелер жайындағы мәліметтерден тұрады және олардың әрқайсысының өзінің нөмірі бар. Бұл деректерге учаске файлінің нөмірі, ақырғы өзгерістер енгізілген мезгіл және басқа да мәліметтер кіреді. Мәліметтердің маңыздылығын кадастрлық коллегия анықтайды. Сонымен қатар мәліметтер базасына геодезистерден түсетін ақпарат кіреді, олар: әр меншіктегі жол учаскелері, су қоймасы және т.с.с. ауданы. Сонымен бірге барлық міндеттемелер жайында мәліметтер болады және кадастрлық карталар кіреді.
Швеция кадастры көпмақсатты болып саналады, сондықтан 1976 жылдан бастап жер және жылжымайтын мүлік туралы көпмақсатты ақпараттық жүйеге қайта жаңарған. Ол үшін жылжымайтын мүлік туралы автоматтандырылған банк пен тұрғындар, экономикалық статистика, салық салу және түгендеу деректер банкі қосылады. Жер кадастрының өзі екі регистрдан тұрады: жер және жылжымайтын меншіктерден тұрады.
Норвегия кадастры швециялық жүйеге ұқсас келеді және оларда кадастрлық жүйені біріктіретін GAB жүйесі жұмыс істейді. Ол 3 реестрдан тұрады: жер учаскелері, адрестер және құрылыстар.
Финляндияда жер кадастры туралы деректер банкі 1995 жылы құрылған және санды кадастрлық карта жұмыс істейді. Сонымен қатар жер кадастры туралы деректер банкі мен санды кадастрлық карта біртұтас болып саналады.
Италиялық кадастр орталық Европада таралған жүйеге ұқсас келеді және учаскелер регистры мен иелер туралы деректер регистрынан тұрады, олар автоматтандырылған деректер банк базасына кіреді
Испанияда кадастрды құру учаскелер аумағының жоспарлары, фотограмметриясын жасау, оның мөлшері мен шекарасын, иелер санын анықтаудан тұрады. Жалпы жер-кадастрлық мәліметтер базасында машина оқитын тасымалдаушылар жоқ.