1. Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары Жауабы


Дәстүрлі қазақ қоғамындағы билердің алатын орны мен әлеуметтік маңызы, олар дәріптеген әлеуметтік және рухани-адамгершілік құндылықтар



бет36/67
Дата15.02.2023
өлшемі325,34 Kb.
#68026
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   67
45. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы билердің алатын орны мен әлеуметтік маңызы, олар дәріптеген әлеуметтік және рухани-адамгершілік құндылықтар.
Әдеттік-құқықтық жүйенің мәдени және демократиялық дәстүрлеріне негізделген қазақ құқығы өзінің реттеушілік мәнін ХІХ ғасырға дейін сақтап келді. Дала өркениетінің тарихында ғасырларға ұласқан оқиғалар мен өзгерістер болып отырған. Осындай жағдайда көне дәуірдің мұрасы ретінде қазақтар өзінің негізгі құндылықтарын сақтап қалды. Қазақ халқының тарихи құндылығының бірі – әдеттік-құқықтық жүйе. Әдеттік-құқықтық жүйенің мәдени және демократиялық дәстүрлеріне негізделген қазақ құқығы өзінің реттеушілік мәнін ХІХ ғасырға дейін сақтап келді. Қазақтың әдеттік-құқықтық жүйе- сінің өміршеңдігінің екі себебі болды. Алғашқысы – көшпелі өрке- ниеттің шаруашылық-тұрмыстық негізі, екіншісі дүниетанымдық құндылығын жоғалтпаған қоғамның сұранысы болды. Қазақтың әдеттік-құқықтық ескерткіші – көшпелі өркениеттің мәдени бай- лығы. Ол мыңжылдық тарихымен және өміршеңдігімен, адам еркіндігін жақтаған сипаттарымен ерекшеленді. Қазақтың құқық- тық жүйесінің тарихын зерттеу қазақ қоғамының өмір тіршілігін және мемлекеттің саяси билік, әлеу-меттік құрылымы маңындағы күрделі мәселелерді анықтауға жол ашады. Қандай құқық болса да қоғамның талаптарына орай туындайды, бұл жағдай қазақ қоғамына қатысты күрделі мәселелерді қарастыруда әдеттік- құқықтық қатынастардың маңыздылығын көрсетеді. Көшпелі мемлекеттердің құқықтық қатынастарды реттеу әрекеті түрлі тари- хи кезеңде өткенімен, оның қызметі және ішкі мәні жақын болды. Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы, саяси билік формасы, құқықтық мәдениетінің даму үдерісі ертеден бастау алады. Қазақ- стан территориясында көне дәуірде өмір сүрген тайпалардың және табиғи-дәстүрлі кезеңдегі қоғамдық қатынастар мен құқықтық жүйесінің сипаты қазақ қоғамының өзіне тән құқықтық негіздерінің қалыптасуына ықпалын тигізді. Қазақ құқығының тарихи бастауларын, ең алдымен дағдылы құқық немесе әдет-ғұрып нормалары құрайды. Екінші кезеңде - қазақ әдеттік-құқықтық қатынастарына ықпал жасаған шариғат заңдары. Үшінші - кезең қазақ даласында билік құрған жеке билеу- шілердің құқықтық заң ережелері, «хан жарлықтары». Төртінші кезеңді қалыптасқан дәстүрлі қазақ қоғамының заң шығармашы- лығымен айналысқан билер институты құрайды. Қазақтың құқықтық жүйесін құрайтын дағдылы ережелер алғашқы адамзат қоғамының қалыптасуымен қатар жүрді. Қоғам- дық қатынастардың күрделенуі әдеттегі нормалардың құқықтық негізде сипат алуына әсер етті. Алғашқы құқықтық қатынастардың пайда болуы әлеуметтік үдерістің жемісі болды. Көшпелі қоғам жағдайында рулық қатынастардың үзілмей сақталуында, көшпелі мал шаруашылығындағы қатынастарды реттеуде әдет-ғұрып құқы- ғы тиімді жол болып табылды. Қоғамдағы сұранысқа ие ереже- лердің қалыптасуы үшін оның ішкі саяси құрылыммен, шаруашы- лықпен және рухани мәдениетпен ұштасып жатуы қажет болды. Осы ережелер қоғамның өз ішінде пайда болып, оның іске асуын қадағалау нәтижесінде ру мүшелерінің міндеттері мен құқықтары қалыптасты. Құқықтық жүйенің пайда болуына әлеуметтік және табиғи орта барынша ықпал етті. Осыған орай әр қоғамның өзіне сай құқықтық тәртібі мен меншік құқығы енді. Көшпелі қоғамдағы рулық қатынастың беріктігі индивидтік құқықтың қалыптасуына тосқауыл болды. Қоғамдағы жеке индивидтің іс-әрекеті рулық құқық негізінде қарастырылды. Құқықтық қатынастардың күрде- ленуіне төтенше жағдайлар да әсер етті. Сыртқы жаудан қорғану мақсатында рудың әр мүшесі жауынгер болды, ал ерекше қабілеті бар ру мүшесіне басқару құқығы берілді. Бейбіт өмірде құқықтық қатынастар әдет-ғұрыптарға негізделді. Бұл құқық отбасы, шаруашылық, қылмыстық істерді қамтыды. Көптеген зерттеулерде халықтардың дәстүрлі құқықпен қатар халықаралық, сауда құқығының болуын ол халықтың мемлекеттік құрылыс деңгейіне көтерілгендігінің айғағы ретінде қарастырылады. Әдеттегі құқық индивидті рулық құқықтан тыс қарау мүмкін еместігін анықтайды. Сондықтан әдет-ғұрып құқығы негізінде азаматтық, қылмыстық, шаруашылық тағы басқа құқық жүйелері туындады. Әдеттегі құқық көшпелі қоғамдағы мемлекеттіліктің тетіктерінің қалыптасуына жағдай жасады. Қазақ құқығының тарихи бастауы болып табы- латын ру ішінде қалыптасқан әдеттік-құқық ғасырлар бойы мазмұнын өзгертіп, негізгі мәнін сақтап қалды. Қазақтың әдеттегі құқық негіздерінің тарихи бастаулары өте ертедегі қоғамдық қатынастардың қалыптасу кезеңдерінде жатыр. Сабақтастық қай кезде де үзілмеген. Бұл тіршіліктің даму заңдылығы. Көшпелі тіршіліктің ықпалындағы жеке-жеке тайпалар белгілі бір кезде одақ болып бірігуі негізінде елді басқаруда жаңа ұйымдар қалыптасып, олармен бірге жаңа құқықтар мен жаңа билік ережелері тәріздес түрлі категориялар да туындап отырған, соның нәтижесінде қоғам мүшелері жаңа бір қоғамдық тәртіп билігіне түсу арқылы жалпы халықтық мәдениетке қарай бұрынғысынан гөрі бір қадам болса да ілгерілеп, жаңа бір қоғамдық сананың тууына негіз қалаған. Осындай негіздің алтын арқауы үзілмей жалғасып келе жатқан заңдылық, ұлан байтақ қазақ жерін мекен- деген сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпаларының әр кезеңде өрлеп, күшейіп билік құрғаны болып табылады. Қытай жазба деректеріне сүйенетін болсақ, қаңлы тайпасының ресми құқық жинағы болған. Бұл құқық жинағының негізгі мазмұны толық белгілі болмаса да, қаңлы қоғамы осы ереже бойынша қылмыстыларды жазалап, өрескел ауыр қылмыс жасағандарды өлім жазасына кесіп отырған. Үйсін қоғамындағы биліктің ағадан ініге өту тәртібі, «әмеңгерлік», мұрагерлік жол қазақтардың әдеттік-құқықтық нормаларында із қалдырды. Ежелгі Қазақстан тарихындағы ғұн тайпаларының алатын орны ерекше. Олардың бізге дейін қытай деректері арқылы саяси тарихы, шаруашылығы мен мәдениеті туралы мағлұматымен қатар құқықтық жүйесі туралы мағлұматтар бар. Шицзиде ғұнның империя ретінде тарих сахнасына көтерген билеушісі Мөде туралы мәліметтермен қатар бұл елдің заңын баяндап береді. Деректе ғұндардың жоғары билеушілері және ақсақалдары жаңа жылдың алғашқы айында шаньюдің ордасына маңызды мәселелерді шешу үшін жиналады. Бесінші айында көк тәңіріне, жерге, аруақтарға құрбандық шалу үшін жиналады. Күзде халық және мал санағын өткізеді. Қылмыстық құқығында суық қаруды себепсіз қолдан- ғандары үшін өлім жазасына кесілді. Ұрлық жасағаны үшін мүлкін тәркіледі, жеңіл қылмыс түрлері үшін беттерін кесетін болған. Ауыр қылмыстыларға өлім жазасын қолданды. Сот он күнге дейін созылады. Мемлекетте тұтқындар өте аз, болса да он шақты. Жоғарғы билік құқығы шаньюге берілген. Ол таңертең күнге, кешқұрым айға бас иетін болған. Ол үнемі сол жақта, бетін сол- түстікке қаратып өзінің тағында отырады. Шанью мемлекет ішіндегі барлық құқықтық қатынастарды реттеп отыратын билік иесі болғандығын қытай деректеріндегі мәліметтер толықтыра түседі. Қазақстанның ерте мемлекеттеріндегі қылмыстыны жазалау түрлерінде қытай елінің жазалау тәсілдері жиі қолданылғаны белгілі. Әрине, алғашқы тайпалық бірлестіктерде шаруашылықтағы ортақтық қауымдық құқықты туындатты. Рулық қатынастағы индивидтің құқығы осы ру ішіндегі әдет-ғұрып арқылы реттелді. Әдеттік-құқықтық жүйе ежелден бастау алып, сипаты жағынан рулық қатынасқа негізделсе де, бұл көшпелі қоғамдағы құқықтық түсініктің және құқық салаларының қалыптасуы арқылы мемле- кеттік органдарды институциализациялаудың алғышартын ту- ғызды. Шаруашылықтың күрделенуінің тарихи бастапқы жағдайы кезеңі «күнә түсінігінен», отбасылық қатынас нормаларынан, көптеген әдеттік-құқық нормаларының ішінен қоғамдық қатынас- тарды реттейтінінің бөлініп шығып, өз алдына қалыптасуына әкелді. Бұл нормалар биліктегі қатынастарға және меншік түрлерінің пайда болуына тікелей байланысты болды. Барлық халықтар өз тарихында әдет-ғұрыпқа негізделген құқықтық реттеудің үстемдік ету дәуірін басынан өткерді. Бірақ мұндай кезең көптеген халықтар үшін тұрақсыз, әрі қысқа мерзім ішіндегі өтпелі дәуір болды. Құқық жүйесі билік үшін күресте жаңа деңгейге жетіп отырды. Батыс Еуропа тайпаларының арасында кең тараған, зерттеушілер арасында «Тағылар ақиқаты» деп атайтын Салика, Вестготтық, Бургундық әдеттік-құқық нормалары бекітілген заңға айналды. Ұлы халықтардың қоныс аударуы Еуразия тарихына үлкен өзгеріс немесе жаңа серпіліс әкелді. VIІ ғасырда Еуропа картасында Батыс империяның орнына жаңа мемлекеттер пайда болды. Галлияны және Германияның бір бөлігін қамтыған Франк мемлекеті өмір сүрді. Осы мемлекеттің билеушісі Хлодвиг тұсында франктердің алғашқы әдеттік-құқық норма- ларына негізделген «Салика ақиқаты» заңы қабылданды. Бұл әдеттік нормалар халық арасында ертеден қалыптасқан заңдар болып саналады және ол Рим империясының қабылдаған заңдары- нан өзгеше болды. Латын тілінде жазылған бұл құқық ескерткіші мазмұны жағынан Бумын қағанның тұсында қабылданған заңға ұқсас. Мұнда ортағасырлық заңға сәйкес әрбір қылмыс түрін жеке атап, оған қатысты қолданылатын жаза түрлері көрсетілген. Жалп, Салика заңы міндеті, қызметі және мазмұны жағынан казақ дала- сында пайда болып, ғасырлар бойы өзінің дамушылық жалғасын тапқан әдеттік-құқықтық ескерткіштермен ұштасып жатыр. Салика заңында адам өліміне құн төлеу, ол адамның кім болғанын анық- тап, құн мөлшері белгіленіп отырған. Ерікті франк үшін төленетін құн - галл- римдіктен жоғары болды. Тәуелді адам мен құл үшін төленетін құн төмен болды. Адам денесіндегі әрбір жарақатқа қатысты құн мөлшері анықталды. Адам өмірі үшін төленетін құнды вергельд деп атады. Егер кісі өлтіргені үшін вергельд төлей алмаған жағдайда, туыстары тарапынан кек алу жиі болып отыр- ған. Кісі өлтірген қылмыскердің туыстары ол үшін құн төлеуге міндетті болды. Оны жүзеге асырудың дәстүрі болды. Кісі өлтірген адам үйінің төрт бұрышынан топырақ жинап, оны руластарына теріс қарап тұрып лақтыруы тиіс. Егер кімге топырақ тисе, сол ру мүшесі құнды төлеу міндеткерлігін алды. Бұл әдеттің міндетті түрде орындалуы қадағаланды. Кей жағдайда руластары құн төлеуден бас тартса, туыстық қатынасты бұзатындығын көрсететін дәстүр орындалды. Мұнда баса назар аударатын жағдай, Франк мемлекетіндегі рулық құқықтың қатаң сақталуы. Франк ерікті адам деген мағынада сол заманда қолданылса да, оның құқығы рулық қатынас төңірегінде анықталды. Келесі ерекше атап өтетін баптар ұрлыққа қатысты. Ұрланған заттың құндылығына, көлеміне қарай жеке өтелетін құн немесе жаза баптары белгіленген. Заңды құрастырушылар ұрлықты жалпы емес, жеке қылмысқа қарай бөліп қарайды. Барлық әдеттік норма- ларды жан-жақты көрсетуді мақсат тұтқан. Алғашқыда мемлекет билеушілері ішкі әдеттік-құқық нормаларының мәніне ерекше көңіл бөлмеген. Хлодвигтің мұрагерлері тұсында бұл нормаларға толықтырулар енгізіліп, мемлекеттік дәрежеде қабылдана бастады. Германдықтардың түсінігінде құқықтың басты қасиеті «көне» болғандығы, сондықтан ол «әділ» және «ақиқат» ретінде қабылданды. Еуразия территориясындағы халықтардың өзіндік тарихы болғандығына қарамастан, олардың құқықтық ескерткіштерінің арасындағы сабақтастық байқалады. Біріншіден, Франк мемлекеті мен Түрік қағанатындағы әдеттегі нормаларды заң ретінде қабыл- дауы хронологиялық жағынан жақын жатыр. Екіншіден, бұл құқықтық ескерткіштердің пайда болуының тарихи бастаулары мемлекеттіліктің қалыптасуымен қатар тұр. Үшіншіден, қоғамның ішіндегі атқарған қызметі және міндеті ортақ болды. Батыс Еуропа- ның қоғамдық қатынастарында индивидтік құқықтың қалыптасуы әдеттік-құқықтық нормалардың реттеушілік қызметін тоқтатты. Ал қазақ құқығының қалыптасу тарихының ерекшелігі – әдеттік- құқықтық дәстүрлердің көшпелі өркениет шеңберінде туындап, ғасырлар бойы өзінің сипатын түрлендіріп отырғандығында. Қазақтың дәстүрлі құқығы көшпелі өркениеттің төл туын- дысы, әрі мәдени жемісі мен мұрасы. Көшпелі қоғамдағы құқықтық қатынастардың дамуы мемлекеттіліктің қалыптасуымен қатар жүрді. Қазақ хандығына мирас ретінде жеткен түркі мемлекет- терінің дағдылы құқығын, саяси, азаматтық, қылмыстық құқықтық ережелерін осы мемлекеттердің қалыптасуы, өрлеуі, құлдырауы кезеңдерінің көрінісі ретінде қарастыруға болады. Біртұтас мемле- кеттіліктің іргесі қалануында қоғамдағы құқықтық қатынастардың реттеу ісінің күрделене бастағанын біз түрік кезеңінен байқаймыз. VІ ғасырда Орталық Азиядағы көптеген тайпалық одақтардың бірігуі негізінде Түрік мемлекетінің құрылуы, оның іргесін салушы Бумын қағанның мемлекеттің тұтастығын, қоғам мүшелерінің азаматтық құқықтарын қорғаған заң жүйесін қабылдағаны белгілі. Оның баптары қытай деректерінен белгілі. Бұл заңның негізін құраған баптарды атап өтуге болады: 1) Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілер өлім жазасына бұйырылсын; 2) Түрік жұртының мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім жазасына кесілсін; 3) Ру ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына кесілсін; 4) Өзге біреудің әйеліне зинақорлық жасап, ақ некені бұзушылар өлім жазасына бұйырылсын; 5) Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісі өлім жазасына бұйырылсын; 6) Төбелесте мертігудің түріне қарай мүліктік құн төленсін; 7) Ұрланған жылқы үшін құнды мүліктің он есе артық құны төленсін. Осы заң баптары іргесі жаңа қаланған мемлекет үшін ішкі тұтастық және бірлік идеясын қалыптастырған негізгі тетік екенді- гін аңғаруға болады. Оның түрік жұрты үшін маңызды болған- дығына руна жазуларындағы билеушілердің ел бірлігін дәріптейтін сөздері дәлел бола алады. Бұл құқықтық ескерткіш алғашқы Түрік қағанатының тәуелсіз мемлекет ретінде тарих сахнасына көтерілгендігінің айғағы болды. Алғашқы Түрік қағанатының заңы қоғамының талаптарына сай азаматтық, қылмыстық, отбасылық істерді шешіп отырған. Әрине, бұл заң ерте ортағасырлық мемле- кеттік сипатқа тән болған. Мемлекетті басқарудағы саяси тәсілдер, көшпелі қоғамдық қатынастар жөніндегі зерттеулерде «көшпелі мемлекет» ұғымын туындатты. Мұндай саяси билік түркі қоғамындағы құқықтық құрылымды үш бағытқа бөлді. Азаматтық, қылмыстық, отбасылық, мұрагерлік істер әдеттік-құқықпен рет- телді. Мемлекеттегі билік тұтқасын ұстаған «Ашина әулетінің» құқығы ерекше болды. Бұл құқық қағанаттың билеушілері тарапы- нан қабылданған заң түрі «Төреге» бірікті. Қаған билігі билеуші әулет ішінде мұраға беріліп отырған. Биліктің атадан балаға ғана емес, ағадан ініге берілу дәстүрі болған. Үшіншіден, мемлекет және тайпа аралық қатынастардың ережелері халықаралық құқықты құрады. Түркі қағанатындағы жоғарыда аталып өткен нормалар VIІІ ғасырларда жинақталған құқық жүйесі «Төреге» біріктіріліп, біртұтас заң ретінде қарастырылды. Түркі елінің қалыптасуымен қатар заң шығармашылығы мемлекет ішінде «Төренің» заң ретінде таралуына ықпал жасады. «Төре» заңы елді басқару, билік жүргізу құқығын атқарды. Оның негізгі мақсаты – мемлекеттің ішіндегі тұтастықты сақтау, ру арасындағы қайшылықтарды, қарым-қаты- насты реттеуді көздеді. Түркі қоғамындағы әдет-ғұрып құқықтары және «Төре» кейінгі осы қоғамның мұрагерлерінің құқықтық қатынастарында жалғасын тапты. Қазіргі кезеңде ғылыми айналымға еніп, жан-жақты зерттелген ХVI ғасырға жататын қып- шақ-армян «Төре бітіг» заңдар жинағы және армян-қыпшақ процессуальды кодексі сынды әлемдік тарихи құқықтық ескерткіш- тер қатары осыған айғақ болады. Дала өркениетінің тарихындағы көшпенділерді құраған ірі мемлекеттердің бірі – Монғол империясы ХІІІ ғасырдың басында тарих сахнасына көтеріліп, өзінің саяси ықпалын таратты. Монғол ұлысының құрылуы тұсында мемлекетті нығайту мақсатында көшпен-ділердің әдеттік-құқықтық нормаларының жиынтығына сол кезеңдегі монғол қоғамының талаптарына орай өзгерістер енгізіліп, жетілдіріп қабылданған заң жинағы «Ұлы жасақ» деп аталды. «Ұлы» деп аталу себебі – монғолдардың барлығына қатыс- ты ортақ заң болуы. Осы жағынан алғанда, жергілікті ұлыстық деңгейдегі жасақтардан ерекшеленді. Жасақ – монғолша джасақ, йосун деген сөзінен алғанда «қаулы», «заң» мағынасын береді. Жасақ – Шыңғыс хан қабылдаған монғолдардың заңдар жиынтығы және ережелері. Рашид ад-Диннің мәліметіне қарағанда, бұл заң монғолдардың 1206 жылы өткен құрылтайында қабылданған. Бұл заңның Шыңғыс ханның керей, найман, меркіттерге жасаған жеңіс- ті жорығынан кейін жиналған Ұлы құрылтайда қабылдануы оның билігінің нығаюына жол ашты. Кейінірек 1218 жылы Түркістанға қарсы жорықты ұйымдастыру мақсатында жиналған құрылтайда толықтырулар енгізіліп, 1225 жылы қайта қабылданған. «Ұлы жасақтың» түпнұсқасы толығымен сақталмаған. Оның үзінділері араб, парсы тарихшыларының еңбектерінде кездеседі. «Ұлы жа- сақтың» толығырақ мазмұны ХІІІ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген парсы жылнамашысы Ала ад-Дин-Ата Мәлік Жувей- нидің «Тарих-и Джахангушай» (аудармасы «Әлемді бағындыру- шының тарихы») атты еңбегінде берілген. Өзге авторлар әл-Омари, әл-Маркизи, Мирхонд Жувейнидің еңбегіндегі берілген мағлұ- матты қолданған. Бұл жағынан алғанда, «Ұлы жасақты» зерттеуде Жувейнидің шығармасының маңыздылығы арта түседі. Жувейни- дің көрсетуі бойынша бұл заң ұйғыр жазуында монғол тілінде тұмарға түсірілген. Бұл тұмарлар беделді, жасақтың білгірі ретінде танымал ханзадаларда сақталған. Қалмақ ғалымы Э.Хара-Даван өзінің Шыңғыс хан тарихына арнаған еңбегінде «Ұлы жасақтың» әл-Маркизи, Мирхонд, ибн-Батутта, т.б. деректердегі үзінділерін берген. Зерттеушілер арасында жасақтың баптарына қатысты пікір- лер сан алуан. Оған қатысты орыс, қытай, монғол, қазақ, қалмақ, татар зерттеушілері өздерінің көзқарастарын ұсынған. Соңғы зерт- теулер ішінен Зардыхан Қинаятұлының «Қазақ мемлекеті және Жошы хан» атты еңбегінде қарастырылып отырған мәселе төңірегінде жан-жақты талдаулар жасалынады. Осы уақытқа дейін «Ұлы жасақты» қарастыруда орыс зерттеушілерінің пікірлеріне тоқталатын болсақ, осы еңбекте қытай, монғол ғалымдарының тұжырымдары берілген. Қытай ғалымы Ли Зу Фин «Ұлы жасақты» негізгі сегіз тарауға бөліп, оларды жіктеп қарастыру арқылы талдағандығын атап өтеді. Тарихшы Б. Сайшал бұл заңды жан- жақты зерттеу нәтижесінде деректерде берілген үзінділерді мазмұ- нына қарай алты бөлімге бөліп, 54 бабын ашып берген. «Ұлы жасақтың» қабылдануына қатысты Зардыхан Қинаятұлының бұл заңның Шыңғыс ханның құрған мемлекеті мен қатар пайда болмағандығы, оның бастауы Монғол үстіртінде әр тарихи кезеңде билік құрған Түркі, Тунгус, Монғол мемлекет- терінің тұсында қалыптасып, кейінге мұра болып қалған құқықтық ережелер болғандығы жөніндегі пікірі өте орынды. Себебі көшпелі мемлекеттің тарихында ертедегі қалыптасқан құқық нормаларын қоғам талаптарына сәйкестендіру заң шығармашылығынан жоғары тұрды. Қоғамдық қатынастардың күрделене түсуі, мемлекеттіліктің қалыптасуы құқықтық мәдениеттің дамуымен қатар жүреді. Сондықтан Шыңғыс ханның құрған мемлекетін өзіне дейінгі осы территориядағы бір кезде қалыптасып, нығаю үстінде болып, ыды- раған мемлекеттердің тікелей мұрагері ретінде қарастырған жөн. Сонымен, Монғол империясындағы негізгі құқықтық ескерткіш «Ұлы жасақ» заңы болды. Бұл заңның ерекшелігі – Шыңғыс хан ұрпақтары Монғол империясынан қаншалықты қашықтықта билік құрса да, осы заңға бағынып, оның талаптарын берік ұстауға тырысуы. «Ұлы жасақтың» мазмұны халықаралық құқық және әкімшілік, азаматтық, қылмыстық құқық, сауда, отбасы құқығын қамтитын баптардан тұрды: Тақ мұрагері Хан деген лауазымды иеленсін. Өзге халық- тар, оның ішінде мұсылмандарда кездесетін ханға және оның туыстарына түрлі есімдерді қоюға тыйым салынсын. Әрқайсысы бастапқыда қойылған өз есімдерін қолдануы тиіс; Кімде-кім құрылтайдың шешімінсіз, өзгелерді мойындамай өзін-өзі хан жариялағанды қаталдықпен өлтіру керек; Мемлекет ішіндегі жағдайды біліп отыру үшін сұлтандар тұрақты байланыс мекемесін ашуы тиіс; Әскерге 20-ға толғандар алынсын. Әр ондық, жүздік, мың- дық, түменде басшы тағайындалсын; Кімде-кім арсыз әрекет жасайтын болса өлім жазасына кесіледі; Кімде-кім мақтаншақтықпен өтірік айтса, біреудің соңынан әдейілеп қудаласа, таласып тұрған екі жақтың біріне көмектессе өлім жазасына кесілсін; Кісі өлтірген қылмысы үшін құн төлеу арқылы құтылуға болады; Кімде-кім ат ұрласа оның құнын тоғыз есе артық төлеуі тиіс. Егер мүмкіндігі болмаса ол баласын беруі тиіс; Кімде-кім тұтқынға рұқсатсыз киім немесе тамақ берсе өлімге кесіледі; Кімде-кім қашқын құлды тауып, оны қожайынына қайтармаса өлімге кесіледі; Құран оқитын дін жолындағылар, шариғаттың білгірлері, дәрігерлер, ғылым жолындағылар, дәуіріштер барлық салық түрлерінен босатылады; Әркім таңдамай барлық дінге құрмет көрсетуі тиіс; Кімде-кім үш мәрте қарыз алып, оны үш мәрте уақы- тында қайтара алмаса өлімге кесіледі; Кімде-кім зайыбының көзіне шөп салса, ешнәрсеге қара- май, яғни ол үйленген болсын, не үйленбеген болсын өлімге кесіледі; Кімде-кім малдың етін жегісі келсе, алдымен оның ішін жарып, жүрегін қолмен қысып өлтіріп оның етін жеуіне болады; Сатқындық жасағандар және сәуегейлікпен айналысқан- дар өлім жазасына кесіледі. Шыңғыс ханның ұрпақтарының арасында бұл заңның берік орнығуын Рашид-ад-Диннің шығармасында берілген үзінді нақтылай түседі. Еңбекте: «Шыңғыс ханның қалдырып кеткен салт-дәстүрлері (йусун) мен заңдарын (иасак) сақтап, оларды өзгертпей қатаң ұстанса, онда көктен олардың елдеріне көмек келіп, олар әрқашан қуаныш пен шаттықта өмір сүреді», - деп берілген. Осы шығармадағы келесі үзінді осы заң мемлекеттің іргетасының шайқалмауына ықпал жасағандығын көрсетеді: «егер осыдан кейін дүниеге келген мемлекет басшыларының ұлдары тұсындағы ұлы адамдары, батырлар мен әмірлер заңды қатаң ұстанбаса, онда мемлекет істері шайқалып, тоқтайды, олар Шыңғыс ханды өте қатты іздейді, бірақ оны таппайды». «Ұлы жасақ» Шыңғыс хан құрған мемлекеттің негізгі заңдық тірегі болды. Сонымен қатар саяси биліктің тұрақты құралы қызметін атқарды. Шыңғыс хан және оның ұрпақтарының жоғарғы билігінің өзі бастапқыдан-ақ заңдастырылды. Деректердегі мәліметтерге жүгінсек, Шыңғыс ханның билігі бірнеше тарапта дәріптеліп бекітілді. Монғол мемлекетінің негізін қалаушы Шыңғыс ханның көктен, құдайдан, ертедегі әулеттік биліктің мұрагері ретінде қабылданып, осы сипаттағы дала тарихында орын алатын тарихи тұлғалардан жоғары тұратындығын айқындайтын идеялық саясат орын алды. «Ұлы жасақтың» алғашқы бабы түрік- монғол тарихындағы Шыңғыс хан ұрпағының жоғары билікке ие болу құқығын дәріптеді. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары «хан» атағының заңды түрдегі мұрагері болды. Шыңғыс хан ұрпақ- тарының билігі «алтын ұрықтан» тарағандығы арқылы жүзеге асты. Бұл ұрықтың әр мүшесі өзінің шежіресі арқылы билік құқығын анықтады. Оның ішінде, ұрпақ арасындағы билік те құқықтық негізде реттелді. Ал енді Шыңғыс тұқымы еместердің хан атағын иеленуге әрекеттенулері түрік-монғол және басқа да халықтардың санасында құқыққа қарсы, тіпті бейәдеп қылық болып саналғандығы жөнінде шығыстанушы В.П.Юдин атап өтеді. Мұндай істі жүзеге асырғысы келген кісінің құқығын құқықтан тыс қойғандай болды. Шыңғыс тұқымынан емес билікке ұмтылған Әмір Темірдің шежіресі, оның билікке деген құқығын нақты- лағандай болды. Бірақ ол шыңғысизмнен аттап кете алмады, өзін хан жарияламады. Моғолстандағы іс жүзіндегі билік дұғлат тайпа- сында болғанымен, Шыңғыс тұқымынан хан көтерілді. Бұл құбылыс Моғолстан мемлекетінің идеологиясындағы биліктің көзі – Шыңғыс хан тұсындағыдай Шыңғыс тұқымынан шыққандардан хан сайлау іспеттес болды. Дала тарихында бұл құбылыс тарихи кезең ретінде сипатталғанымен, бес ғасыр бойғы өміршеңдігі ерекше назар аударарлық мәселе. Оның тарихи бастауы «Ұлы жасақтың» қабылдануынан басталды. «Ұлы жасақ» бойынша «хан» атағын алған Шыңғыс ұрпағына өзіне жанама лауазымды есімдер алуға рұқсат берілмеді. Бірақ бұл баптың орындалуы ислам дінінің мемлекеттік дәрежеге көтерілуі- нен кейін тоқтатылды. Өзбек хан 1321 жылы ислам дінін қабыл- даған соң, мұсылманша Сұлтан Мұхаммед есімін алды. Бұл құбылыс «Ұлы жасақтағы» маңызды және саяси қару ретінде қолданған бапта бұл дінге деген еріктіліктің берілуімен байланысты болды. Мұның басты себебі ретінде монғолдар ара- сында дәстүрлі діни сенімдердің орны жоғары болмағандығына қатысты деген көзқарастар да бар. Тереңірек қарастыратын болсақ, бұл бап Монғол империясының басып алу тәсілінің, құрамына енген жаңа территориялардағы билік жүргізудің және дипломатия- лық қатынастың құралы болды. Жетісуды моғолдардың басып алуында осы баптың рөлі ерекше болды. Найман және қарақытай- лардың билігінде болып, будда және христиан дінінің қысымын көрген жергілікті мұсылман халық оларды өздерінің құтқарушысы ретінде қабылдады. Дінге берілген құрмет Шыңғыс ұрпақтарының ислам дінін мемлекеттік дәрежеде қабылдауына ықпал жасады. Монғол шапқыншылығынан кейін исламға дейінгі ежелгі дәстүр- лер мен ислам дәстүрлерінің ұштасуынан қоғамның нақты діни өмірін сипаттайтын синкретикалық дін нысандары қалыптаса бастағандығы жөнінде «Қазақстан тарихының» авторлары атап өтеді. Мұнда тағыд В.П. Юдинге жүгініп, «шыңғысшылдық» деп атаған дүниеге көзқарас синкретизмін байқауға болады. «Шыңғыс ханның шыққан тегі, оның руы, ата-бабалары туралы аңыздар... адамзаттың шыққан тегі туралы мұсылмандық түсініктерге және сол арқылы дүниенің мұсылмандық көрінісіне енгізілді. Мұсылмандардың тарихи шығармаларында адам баласының шығу тарихы, әдетте, адамның жаратылуынан және пайғамбарлар тарихынан басталатын. Ол Оғыз туралы аңыздар циклімен, Шыңғыс хан руының генеалогиясымен және көшпелі дүние руларының, тайпалары мен халықтарының одан кейінгі тармақ- тарымен толықтырылды». Осы кезеңде көшпелі қоғамда шыңғыс- шылдық дүниетаным дәріптелгенімен, сайып келгенде Қазақстан аумағына ислам діні өзінің үстемдігін орнатты. Қазақ даласында билік құрған Шыңғыс ұрпақтарының басым бөлігі мұсылмандықты қабылдап қана қоймай, оның орнығуына өз іс-әрекеттерін жасады. «Шыңғыс наме» авторы Өтеміс қажы Берке ханның мешіттер мен медреселер салуға себепші болғандығын атап өтіп, «Дешті уәлаяты Берке ханға қараған кезде, ол кәпірлердің көбін мұсылман қылды» деп мағлұмат береді. Тіптен бұл деректе Берке дүниеге мұсылман болып келді деп, оның Сығанақ шаһарындағы Шейх әл-алам Сәйфуддин Бахарзидің шейхқа қызмет жасағандығы туралы мәлімет айтылады. Өзбек ханның ислам дінін қабылдағаны туралы әңгіме Шыңғыс ұрпақтарының Дешті Қыпшақтағы билігі тұсында ислам діні ел ішінде қең таралуына барлық мүмкіндіктер жасалған- дығын байқаймыз. Берке хан заманынан ислам дінінің орнығуы басталса, Өзбек хан мұсылмандардың нағыз қолдаушысы болды. Сонымен қатар бұл бапқа қатысты айтылатын ой монғол- дардың өздерінде ертеректе болған дүниетанымын, идеологиясын негіздейтін және қоғамның сұранысын қанағаттандыратын дінді іздеуде болды. Бұл дін қазақ даласында Шыңғыс ұрпақтары үшін ислам діні болды. Монғол империясының саяси өмірінде Шыңғыс ұрпақтары- ның арасынан хан билігінің жариялануы құрылтайда өтті. Сондық- тан құрылтай хан билігінің заңдастырылуының негізгі орталығы болды. Құрылтай ресми түрде жоғарғы өкімет билігінің органы. Осы заң бойынша өзін құрылтайсыз хан жариялаған билеуші өлім жазасына кесілді. Құрылтай іс жүзінде Шыңғыс ұрпақтарының, әскер басыларының және азаматтық-әкімшілік қайраткерлерінің қаған мен оның айналасындағы жақындарының күні бұрын қабыл- даған шешімдерін құлақтандыру әрі орындау үшін қабылдауға арналған жиналысы болды, ол империя әміршісінің билігін шекте- меді. Монғол империясында 1259 жылы Мөңке хан өлгеннен кейін жалпы монғолдық құрылтайлар шақырылған жоқ. Монғол қоғамы нағыз әскери-әкімшілік басқару жүйесінің көрінісі болды. Монғол қоғамындағы әрбір ер адамның жауынгер болуы және олардың арасынан әскерді басқара алатын қолбасшы- лардың шығуының міндеткерлігі туралы «Ұлы жасақтың» бабында аталып өтеді. Оның жалғасы ретінде Шыңғыс ханның билігіндегі өз үйін басқара алатын әр адам түменді де басқара алады деген сөздері нақтылай түседі. «Ұлы жасақта» қоғам ішінде орын алатын келеңсіз жағдайлар ұрлық, қарызды қайтармау, зинақорлық, әдепсіз іс-әрекеттер жан- жақты қарастырылып, оған қатысты тиісті жазалар белгіленген. Бұл баптар түркі дәуіріндегі заңдардан бастау алатынына баптардағы белгіленген жаза түрлері айқын дәлел бола алады. Сонымен қатар «Ұлы жасақта» ерекше атап өтетін бап ол ғалым, дін жолындағы адамдарды салықтан босатуы. Осы мазмұндағы бап Әмір Темірдің заңдарында ерекше аталып өткен. Әмір Темір өзінің ережелерінде оған кеңес берілгендей өзінің қол астындағыларды 12 санатқа бөліп, әрқайсысының құқығын және берілген міндеттерін атап берген. Жыл санауымыздың он екі мүшесі және менің билік құрған жылымның он екі айы сияқты мемлекетіміздің тірегі осы он екі санат болсын деп Әмір Темір қаулы қабылдаған. Бірінші санаттағы Пайғамбардың ұрпағы, ғалымдар мен заңтанушыларға менің есігім әрқашан ашық. Осылармен кеңесе отырып қана діни танымды және заң бойынша дұрыс немесе бұрыс әрекеттерді біліп отырамын деп көрсетеді. Темірдің ережесінде «Ұлы жасақ» және түркілер арасында қолданылған әдеттік-құқықтық баптармен қатар шариғаттың барынша қолданыста болғандығын айқын көреміз. Жоғарыда атап өткендей, Темір өз елінің тірегін 12 санатқа бөліп, олардың әрқайсысының қоғамда алатын орнын белгілеп берді. Бірінші санат туралы айтып өткендіктен, екінші санаттан бастасақ, оған әрқашан орынды кеңес бере алатын зиялы қауым, жасы келген қарияларды жатқызды. Үшінші санатты өзі көп жағдайда жасырын көмек алатын сәуегейлерге берді, олардың көмегіне Темір Тоқтамыспен болған соғыста жүгінді. Төртінші санатқа әмірлерді, шейхтарды және әскери шенеуніктерді жатқыз- ды. Бесіншіге жауынгерлерді, алтыншыға қарапайым, бірақ ақыл- гөй адамдарды, жетіншіге кеңестің мүшелері болып табылатын визир және хатшыларды, сегізіншіге дәрігер, астрология, гео- метриямен шұғылданатын адамдарды, тоғызыншы санатқа тарих- шылар мен жылнамашыларды, оныншы санатқа дәруіштер мен құдай туралы ғылымды игергендерді, он бірінші санатқа қол- өнершілерді, он екіншіге санатқа жиһанкездерді орналастырды. Темірдің ережесінде осы аталған санаттардың қоғамда алатын орнына қарай міндеттері мен құқықтары анықталды. Осы ережеде қоғамның барлық сұранысын қамтитындай баптар жинақталды. «Ұлы жасақты» берік ұстау Шыңғыс хан ұрпақтары үшін қаншалықты маңызды болса, олардың билік құрған мемлекеттері- нің тұрғындарының бағынуы міндеткерлік болды. Әрине, бұл жағдайдың орындалуы қиындық туғызды. Оның себебі «Ұлы жасақ» көшпелілер өміріне негізделген болса, Түркістан немесе Иран сияқты бағындырылған отырықшы аймақтардағы ертеден қалыптасқан құқықтық жүйеге бағынатын әлеуметтік-тұрмыстық өмір бұл заң аясынан тыс қалып отырды. Бұлардың баптары арасындағы қайшылықтар жергілікті билік иелері мен Шыңғыс хан әулетінің билеушілері арасындағы қақтығыстардың туындауына себеп болды. Түркістан иелігінде билік құрған Шағатайдың «Ұлы жасақты» орындату мақсатындағы әрекеттерін Жувейни былай баяндайды: «Ол өзіне бағынышты халықты «Ұлы жасақ» арқылы қорқытып, оны бұзғандарды жазалайтындығын білдірді, оның әскері әрқашан дайындықта болды, әсерлеп айтқанда, кез келген әйел басына алтын толтырылған табақпен жалғыз еш қорықпай жүре алатын. Ол кішігірім қаулылыр қабылдап отырды. Бұл қаулылар мұсылмандар үшін ауыр болды. Мысалы, қойды бауыздамау туралы қаулысының әсерінен Хорасанда ашық мал бауыздаудан қорықты. Мұсылмандарды өлген мал етін жеуге мәжбүрледі». «Ұлы жасақ» өте қатаң заң болды. Мұндағы әрбір теріс әрекет қылмыс ретінде қарастырылып, қатаң жазаға тартылып отырған. Осыған қарамастан уақыт өте келе Монғол империясының батыс иелігі мұсылман мәдениетін қабылдай отырып, «Ұлы жасақты» міндетті түрде орындауды тоқтата бастады. «Ұлы жасақтың» күшінің әлсіреуін Хамдаллах Казвинидің қалдырған мәліметінен көре аламыз. Мұнда монғолдардың қалада тұруына «Ұлы жасаққа» қайшы болса да, Шағатай, Жошы ұлыстарындағы Шыңғыс ұрпақтары да бұл талапты орындауды ұмытқандығын көрсетеді. Монғол ұлыстарында «Ұлы жасақтың» іс жүзіндегі қызметі қаншаға созылғаны белгісіз. Темірдің құрған Мауреннахр мемлекетінде түркі тілінде «Төре» деп Шыңғыс ханның заңын атады. Сирия және Хорезмде Темір және оның ұрпақтары «Төрені» шариғаттан жоғары қойған деп айыпталып, олардың қол астын- дағылар мұсылмандар ретінде қабылданбады. Темірдің ұлы Шахрух тұсында (1409-1447 жж.) шариғатты ғана мойындау, Шыңғыс ханның білігін және заңының күшін жою туралы қаулы қабылданды. Ал Шахрухтың баласы Ұлықбек, керісінше, Шыңғыс ханның барлық заңдарын орындауды дұрыс көрді. Тимуридтердің соңғы билеушісі Бабырдың «Ұлы жасақ» жайында пікірі оның жазбаларында анық берілген: «Біздің ата-бабаларымыз Шыңғыс ханның төрелігін қалтықсыз орындап отырған. Құрылтайда, тойда, тамақ ішерде, отырса да, тұрса да төреге қайшы әрекет жасамаған. Шыңғыс ханның өсиеті барлық адам орындауға тиісті Құдайдың жазғаны емес. Кім болмасын өзінен кейін құнды өсиет қалдырса, оны ұмытпау қажет. Егер әкең жақсы заң қалдырса орындау қажет, нашар заң қалдырса, оны жақсысымен ауыстыру керек». «Ұлы жасақтың» негізгі баптары ХV-ХVI ғасырларда Моғолстан мемлекетінде өз күшін жоғалтпады. Шығыс Дешті- Қыпшақтың өзбек, қазақ билеушілері маңызды мәселелерді шешуде «Ұлы жасаққа» жүгінген. Сонымен, ғасырларға созылған Шыңғыс хан ұрпақтарының билік құрған тұстарында «Ұлы жасақ» негізгі заң ретінде қабылданып, барлық істерді шешуде осыған жүгінді. Әрине, ұлан-ғайыр аймақты алып жатқан Монғол империясының барлық жері «Ұлы жасақты» ғана мойындады десек қате болар. Жоғарыда атап өткендей, «Ұлы жасақ» жергілікті жаулап алынған халықтардың дәстүрлі құқық заңдарымен қатар өмір сүрді. Шыңғыс ханның монғол мемлекетін күшейту мақса- тында қабылдаған бұл заңының кейбір баптары кейінгі көшпелі мемлекеттердің құқықтық ескерткіштерінде, олардың қылмыстық құқығында сақталып қалды. Қазақтың дағдылы құқығында Шыңғыс ханның өзінің ұрпа- ғына қалдырған білігі - «білімі» немесе өсиетінің маңызы айрықша. Қазақ халқының рухани мұрасы болып табылатын ауызша әдеби шығармаларда бұл біліктің мазмұнында көтерілетін мәселелер жиі кездеседі. Тарихшы Тұрсын Сұлтановтың пікіріне жүгінсек ХІХ ғасырдағы зерттеушілер Шыңғыс ханның «Білігін» «Ұлы жасаққа» араластырып дұрыс қарастырмаған. 1901 жылы П. Мелиоранский «Ұлы жасақтың» мазмұнын Шыңғыс ханның білігімен қатар зерттей отырып, олардың айырмашылығын ашып берген. «Ұлы жасақта» қылмыс түрлері және оған қарай қолданылатын жазаны белгілейтін ереже берілсе, білікте сот өндірісі және өзіндік процессуалды кодекс ретінде «Ұлы жасақ» заңын бұзушыларды айыптау немесе олардың іс-әрекеттеріне баға беру орын алған. Мемлекетті басқару ісінде, халыққа билік жүргізуде Шыңғыс ханның ұрпақтары осы білікке жүгінген. Мұнда Шыңғыс ханның өзінің тікелей ұрпақтарына ғана емес, өзінің халқына дұрыс өмір сүру жолын бағыттап, өсиет ретінде қалдырған. Оның толығырақ мәтінін Рашид-ад-дин Фазлуллах Хамаданидің «Шыңғыс ханның жеке басының мақтаныш тұтатын қасиеттері және оның әр түрлі жағдайларға қатысты қалдырған біліктері» атты бөлімінде өсиетті әңгімелері деп берген. Рашид-ад-дин біліктердің түрлі кітаптардан тұратындығын және жеке кісілердің берген мәліметі бойынша жазылғандығын айтып өтеді. Тарихи зерттеулерде Шыңғыс хан тұлғасына байланысты әлемді бағындырған қолбасшы, бытыраңқы тайпаларды біріктірген Монғол мемлекетінің негізін қалаушы, дәстүрлі, яғни тайпалық басқаруды өзгертіп, әкімшілік басқару жүйесін енгізген мемлекет қайраткері ретінде іс-әрекеттері қарастырылса, екінші жағынан Шыңғыс ханның шапқыншылығы оның жаулап алған аймақтарының рухани және материалдық мәдениеттің күйреуі, қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасуын бірнеше ғасырға шегерткендігі туралы пікірлер қозғалады. Шыңғыс ханды тарихи тұлға ретінде жаңа бір қырынан қарауға оның қалдырған біліктерін талдау арқылы мүмкіндік аламыз. Мұнда өзінің ұрпақтарына елді басқару әдісі мен жаулап алған жерлерге тәртіп орнату тәсілдері жөнінде кеңес берілген. Бұл біліктерде Шыңғыс ханның өзінен кейін қалдырған өсиетінің қазақ жырауларының, билерінің, ақындарының, мақал- мәтелдердегі көтерілген идеяда жалғасын тапқандығын байқаймыз. Мемлекеттің өз ішіндегі тұтастық отбасынан басталатынын Шыңғыс ханның мына бір өсиеті мақұлдай түседі: «Ұлдары әкелерінің билігімен жүрмеген, кіші бауырлары үлкен ағаларының сөзін сөйлемеген, күйеуі әйеліне арқа сүйемей, ал әйелі күйеуінің еркіне көнбеген, енелері келіндерін жақтыртпаған, ал келіндері енелеріне құрмет көрсетпеген, үлкендері кішілерді қорғамай, кіші толқын үлкендердің айтқандарын тыңдамаған, ұлылары құдайға құлшылық етушілердің жүректеріне жақын жүре тұрып, бұл ортадан алыс жүргендерді өз жағына тартпаған, адамдары дүниенің игілігін қолында ұстай отырып, өз елінің жақсы өмір сүруіне жағдай жасамаған, оған қолдау көрсетпеген, салт-дәстүрді (йусун), заңды (йаса) сақтамаған және осы себеппен мемлекет басшылары- ның қарсыласына айналған халық: мұндай елде ұрылар, айлакер- өтірікшілер, жаулар және бұзақылар сол халықтың паналаған жерінің күнін күңгірттендіреді, басқаша айтқанда, өз халқын тонап, оның жылқылары мен басқа да табындарына мазабермей, жорыққаттанарда алдыңғы қатардағы жауынгер сабының аттары шаршайтындықтары соншалық, олар көтерем болып құлап, өліп, шіріп жоқ болатындай дәрежеге жеткізеді». Шыңғыс ханның біліктері мемлекетті басқару жолын түсін- діріп қоймай, осы басқару ісінде қандай әрекеттер жасау қажет- тілігіне бағыт-бағдар сілтейді. Билеушінің өз қарамағындағыларға қамқорлық жасау керектігі түсіндіріледі. Оған отбасында, ел ішінде қандай істер атқару керек, қандай адам әскер басқара алатынын, бейбіт өмірдің билеушісіне тән қасиеттер, өзін қалай ұстаса жақсы болады деген сұрақтарға жауап беріледі. Осы жерде оның айтып өткен біліктерін келтірген жөн: «Бейбіт халықтың ішінде кішкентай бұзаудай тыныш болың- дар, ал соғыс майданында өзінің олжасына түйірілген қырандай шайқасыңдар»; «Жыл басында және соңында келіп Шыңғыс ханның билігіне мойынсұнып, кері қайтатын түмен, мыңдық, жүздіктердің әмірлері ғана әскер басшылығында тұра алады. Ал өз жұртында отырып, билікті мойындамайтындар терең суға түсіп кеткен тасқа немесе қалың шөпке қарай атылған жебеге ұқсайды, екеуі де ізсіз жоғалады ғой. Мұндай кісілер басшылық жасауға жарамайды»; «Өз үйін таза ұстай алатын әрбір адамға және өзінің иелігін, мүлкін таза, әрі дұрыс ұстай алатын, шайқасқа он адамды ретпен сапқа тұрғыза алатын әрбір адамға мыңдықты немесе түменді басқаруға беруге болады, ол шайқасқа әскер бастап бара алады»; «Біз көп аңшылық жасаймыз, жорыққа аттанып көптеген жауларымыздың көзін жоямыз. Бізге жолды құдайдың өзі бағыттап отырғандықтан, бұл біздің қолымыздан келеді. Кейбіреулер мұны ұмытып басқаша ұғынады». Шыңғыс ханның іс-әрекеттері оның біліктерінде айтылған ойлармен қатар жүргендігін Рашид ад-дин айтып өтеді. Оның берекесіз, бытырап жүрген халыққа тәртіп орнатып, ақылды, әрі батыл адамдарды әскер басы етті, ал икемді, әрі шапшаңдарына жылқы беріп табыншы қылды, ал надандарға қамшы беріп мал бақтырып, әр адамды икеміне қарай өз мақсатына, әрі келісті қолдана білгендігін көрсетеді. Қазақ халқы сөз қадірін бағалай білген, сөздің маңызына ерекше көңіл бөлген. Тауып айтқан сөз даналықтың куәсі, ал ақыл- мен айтылған сөз адамға бақыт әкелсе, жұғымсыз сөз адамға қасірет әкеледі, сондықтан адамның өз тілі өзіне бірде дос, бірде қас, тіліңе сақ бол, әр сөзді ойлап айт, сөзге мән бермесең басың кетеді, - дейді түркі ойшылы Жүсіп Баласағұн. Қазақтың арасында: «Жақсы сөз жарты ырыс», «Айтылған сөз атылған оқпен тең», «Сөйлей білмеген сөз қадірін кетірер», «Өзінен кейін жақсының сөзі қалар» және тағы басқа мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер кең таралған. Бұл нақылдың барлығы Шыңғыс хан біліктерінде жазылып, ерте заманнан мирас болып бір арнаға түскен ойлар. Осы ойды жалғастырған біліктердегі үзінділерді келтірер болсақ: «Ойланып айтылған сөзді жақсы болсын, шындық болсын, қалжың болсын қайтару мүмкін емес»; «Үлкен кісінің алдына барып отырып сөзді өзің бастамай үлкеннің сұрағын күт, осы кезде барып сұраққа сәйкес жауап бер, асығып сөз бастаған кішінің сөзі қызбаған темірді соққанмен тең», «Үш ақылгөй данышпанның дұрыс баға берген сөзіне, қай жерде болса да жүгінуге болады». Көшпелілердің қоғамдық қатынастарында ер адамның рөлі ерекше болған. Әрқашан халық ер жігіттің бойындағы жеке қасиетін бағалай білген. Білікте ер адам ең алдымен өз бойындағы жаман қасиеттерімен күресу керектігін, сонда ғана ол еліне ізгілік жолын ұсына алатындығын ұғындырады. Білікте осыған сабақтас мына үзінді берілген: «Өзінің ішкі дүниесін жамандықтан арылта алған әрбір ер адам бүкіл иелікті ұрылардан тазарта алады». Білікте қоғамдағы әйелдің алатын орнына баға берілген. Отбасының берекесі мен тазалығы көбінесе әйелге байланысты. Үй ішінің ажары жақсы әйел, соған орай жар таңдауға көп көңіл бөлінген. Қай тарихи кезеңді алсақ та, әйелге қойылатын талап ортақ. Сондықтан ер адамның қоғам ішіндегі беделі тікелей әйеліне қатысты болатындығын білікте айтылып өткен: «Ер адам барлық жерде бірдей қажет көрініп тұратын күн емес. Ері аң аулауға немесе соғысқа кеткен кезде әйелі үйді таза, әрі жинақы ұстап, елші немесе қонақ тоқтаған кезде оған дәмді тағам дайындап, қонаққа көрсетілетін барлық сый-сияпатты жасауы қажет. Мұндай әйел ерінің беделін үлкен жиындарда тау іспеттес көтереді. Күйеуінің жақсы екенін әйелінің жақсы қасиеттері арқылы білуге болады. Егер әйелі ақылсыз, әдепсіз болса, күйеуін осы арқылы тануға болады. Үйдегінің бәрі иесіне тартады». Қазақтың ақын–жыраулары да бұл тақырыпта ой қозғаған. Дешті-Қыпшақта 1465-1560 жылдары өмір сүрген Шалгез жырау ер азаматтың жарын дұрыс таңдаудың қажеттілігін атап өткен: Жақсыға қоссаң басыңды, Отырар орның төр болар Жаманға қоссаң басыңды, Саз балшыққа аунаған Бөрімен орның тең болар... 1748-1819 жылдары өмір сүрген Шал ақын қазақ әйелдерінің жақсы немесе жаман қасиеттерін бағалай келіп, ер жігіттің жақсы болуы әйеліне байланысты болатындығын мына өлеңінде айтып өтеді: Кез болса ер жігітке жақсы қатын, Жақсы қатын шығарар ердің атын, Жаман болса өз қылығын істерімен, Еріне қалдырады жаман атын. Жақсы сол ерін күліп шаттандырса, Атқарып тапсырмасын мойнына алса. Ері жоқта күйзелтпей шаруасын Ағайын, көршілерін жадына алса Сапардан ері келсе үйге кіріп, Жылы жүзбен қарсы шығып қолын алса. Сонымен, сан ғасырлар бойы отбасылық құқықтың тірегі ер мен әйел қатынасы қоғамның өзекті мәселесі болғандығын айқын көреміз. Көшпелі қоғам мүшесі үшін рухани құндылықтары қашанда іс-әрекетімен ұштасып жатуы тиіс болды. Қоғамның ішкі жағынан ыдырауы адамның азғындауынан туындайтынын орта ғасырдың өзінде анық білген, бұл келеңсіз әдеттермен күрес жүргізген. Жүсіп Баласағұнның дастанындағы мына жолдар «Арақ ішкен – ақылын ішеді», «Мас кісіде ақыл жоқ», «Шарап деген білім мен ақылға жау» Шыңғыс ханның білігінде жалғасын тапқан сияқты: «Арақ пен шарапқұмар адам ішіп алған кезде соқырға айналады - ол ештеңе көре алмайды, керең болады, оны шақырған кезде естімейді, мылқауға айналады, онымен сөйлескен кезде жауап бере алмайды. Мұндай адам ішіп алған кезде өліге ұқсайды, ол тік отыруға әрекет жасаса да нәтиже бермейді. Арақ пен шараптан ешқандай пайда жоқ немесе жігер, не жақсы тәлім жоқ». Жүсіп Баласағұн шарап ішсең кедейлікке жол ашылады десе, Шыңғыс хан білікте: «Қарапайым халық бүкіл малын және мүлкін ішкілікке құмарлықтан сатып кедейленеді. Бұл ішімдік адамның жақсысын не жаманын таңдамайды. Егер ішуге қарсы еш құрал таппаса, айына үш рет ішу керек, одан артық ішкен адам жазаға тартылсын». Шарап ішу қоғамды аздыратын жаман кесел болған- дығын айта келіп, онымен күресу жолын білікте көрсетіп береді. Сонымен, Шыңғыс ханның қалдырған өсиетінің негізгі мазмұнында түркі дәуірінде де, Қазақ хандығы тұсында да қоғамдық сұранысқа ие мәселелер төңірегінде айтулы ойларды қозғады. Тіптен олардың мәні қазіргі қоғамның талаптарына да сай келеді. Шыңғыс ханның біліктері осы тарихи кезеңде қоғамның талаптарына сәйкес қалыптасқан құқықтық қажеттіліктерді барынша орындауға мүмкіндік туғызды. Көшпелі мемлекеттердегі құқықтық кодификациялау әрекеттерін Шыңғыс ханның құқықтық қатынастарды заңдастыруымен қатар зерттеу кезеңі жағынан қатар келмесе де, мазмұны ұқсас болғандықтан көптеген мәселелерді тереңінен қарастыруға мүмкіндік береді. Шыңғыс ханның заңы кейінгі қабылданған қазақтың Дала заңдарында «Қасым өлім жазасына кесілетін, ал қазақтарда табалдырықты басу жаман ырым деп саналған. Сондай-ақ, «Ұлы жасақта» қонақ түскен үй иесі өзі тағамнан дәм татпайынша басқалардың асқа қол сұғуына тыйым салынған. Мұндай әдет қазақ тұрмысында да бар, оған қазақ арасындағы «ас иесімен тәтті» деген мақал дәлел бола алады. Сондықтан алдымен отбасының иесі астан дәм татуға тиісті. Дәстүрлі қоғамға тән қабылданған «Ұлы жасақ» заңы әскери- әкімшіл басқару құрылымының нағыз көрінісі болды, ал «Жеті жарғыда» саяси басқару жүйесіндегі әлеуметтік қатынастар айқын көрініс тапқан. «Жеті жарғы» ислам дінінің қазақ қоғамында мәртебесі жоғары, кең тараған тұсында қабылданған. «Ұлы жасақ» бойынша барлық дінге құрметпен қарау, өзге дінге кіруге рұқсат берілсе, «Жеті жарғы» бойынша ислам дінінен бас тартқандарды ауыр жазаға тартып отырған. Қазақ әдеттік құқығына шариғаттың ықпалы анық болды. Бұл тақырыпта арнайы зерттеуді профессор Нұралы Өсеров жүргізіп, ғылыми нәтижелерін ұсынған. Шариғат – барлық мұсылмандар үшін орындалуы тиісті, исламда көрсетілген адамгершілік заң құрылымдары. Басқа құрамына білім және діни талаптар енеді. Ислам заңын тануда шариғаттың негізгі мазмұны Құран, Сунна, Иджма және Қияс деп танылады. Шариғатты жетілдіру үдерісінде кез келген жағдайға байланысты негізгі кате- гориялар жасалған. Ондай категориялардың қатары бесеу: оның екеуі мұсылмандардың міндеттеріне байланысты: парыз – қатаң міндетті бұйрықтар, мандуб – мақұлданатын, бірақ міндетті емес бұйрық. Екеуі шектеу салатын категориялар: харам – тыйым салынатын әрекеттер және макрух – тыйым салынбаған, бірақ мақұлданбайтын әрекет. Соңғы категорияға мухаб, бұл әрекетке ислам бейтарап қарайды. Шариғаттың өзіне тән көптеген әдет- ғұрыптық талаптары бар. Қарапайым адамның күнделікті іс- әрекетіндегі міндеттер мен талаптар, ережелер орнатылған. Шари- ғатта қоғамдық қатынастардың барлық жақтары қарастырылады. Далалық заңдардан шариғаттың айырмашылығы әр мұсылманның өз іс-әрекеті үшін жауаптылығы. Шариғатта жеке адамгершілік құқығы жоқ, бірақ дінге сенушілердің моралы бар. Бұл ортағасыр- лық құқықтық қатынастардың дамуының белесі болды. Мұндағы азаматтық, қылмыстық, отбасылық, шаруашылық құқықтары жинақта-лып, оның басты нормасы ретінде мұсылманның адал өмір сүру заңын құрады. Шариғат заңдары қоғамдық қатынас- тарды күшейтіп, нығайтуға жол ашты. Орта ғасырларда қазақ халқы исламның негізгі талап догмаларының кейбірін толығымен орындай бермеген. Бірақ іс-әрекеттерінде исламға қайшылық болмады. Қоғам ішіндегі даулы мәселелерді шешу, қылмысты- ларды жазалау шариғатпен қатар қарастырылды. Шариғат ісі де көпшілік алдында билер ісі секілді ауызша жүргізілді. Қарыз беру, алу жолдары, шариғат бойынша мұсылмандар үшін бір-бірінің жоғын жоқтап жәрдемдесу мақсатында маңызды болып табылды. Мұрагерлік мирастық жол-жобалар шариғат бойынша мұрагерлік болса, ер адамға толық, қызға жартысы берілді. Жеке меншікке қол сұғушыларды жазалау шариғат заңы бойынша өлім жазасына бұйырылады немесе «үш тоғыз» айып төлетіледі. Шариғат заңдарының «Жеті жарғы» баптарында көрініс тапқандары осылар болды. Шариғатта әдет-ғұрып ретінде еніп, кейін заң негізіне дейін көтерілген ережелер де бар. Оның біразы отбасылық құқық бойынша неке қию, талақ ету, қалыңдыққа қалың мал беру сияқты қазақ дәстүрлерімен сәйкес, бір өзгешелігі – күйеу жағы жер, бақша махр берді. Шариғатта адамгершілік нормаларының жүйесі Құран мен Суннаның негізінен құралған. Шариғат қоғамдағы рухани, әлеумет- тік қатынастарды реттеп отырған. Бірақ мұнда ортағасырлық қоғамдық қатынастарға тән сипат көрініс тапқан. Сондықтан болар шариғат мазхаб тарапынан үнемі жетілдіріліп отырған. Қазақ құқығы шариғатты өзіне тиімділігі жағынан, шектен шығармай үйлесімді жағдайда қолданып отырған. Сонымен, «Жеті жарғы» қазақ қоғамындағы өзіне дейінгі құқықтық ережелердің жиынтығы ретінде қалыптасу жолын жалғастырды.

1.2 «Жеті жарғы» – қазақ мемлекетінің тарихи құқықтық ескерткіші «Жеті жарғы» мазмұны жағынан, біріншіден, қазақтың ертедегі әдет-ғұрып құқықтары болса, екіншіден, қазақ құқығының жүйеленген қайнар көзі «Қасым ханның қасқа жолына» негізделсе керек. Қасымның тұсында Қазақ хандығы алғаш рет мемлекеттік құрылым ретінде әлемдік тарих сахнасына танымал болды. Алғашқы болып Мәскеу мемлекетімен байланыс жасаған кезеңдер Қасым ханның тұсына сай келеді. Бұл кезең хандықтың ішкі саяси билігінің нығайған сәті болды. Мұхаммед Хайдар Дулати Қасым ханды жекедара рухани байлығы жоғары адам ретінде сипаттайды. Қасым хан миллионнан астам халықты бір елге біріктіріп, бағындырып, оларға билік жүргізе білген. Халық жадында сақталған «Қасым ханның қасқа жолы» заңының орны ерекше. Бұл заңға енген ережелер мынандай болды: 1. Мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері); 2. Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, ұрлық қылмыстарына жаза); 3. Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат); 4. Елшілік жоралары (шешендік, халықаралық қатынастарда сыпайылық, әдептілік); 5. Жұртшылық заңы (шүлен тарату, ас, той, мереке үстіндегі ережелер міндеті). Қасым ханнан кейін «Жеті жарғыны» толықтыра түсетін жүйеленген «Есім ханның ескі жолы» заңы. Заң жүйесінің ескі заң аталу себебі ертеден келе жатқан дәстүрлі құқық ережелерінің сақталуында болып отыр. Бұл заңның ерекшілігі құн төлеу мөлшері қараша-сұлтан, бай-кедей деп бөлмей барлық топ өкілдері үшін бірдей болған. Сонымен қатар «Жеті жарғыда» кездесетін өнер құны және сүйек құны осы Есім хан тұсынан бастау алады. Қазақ хандығы мемлекеттік іргетасын қалағаннан бері «Қасым ханның қасқа жолы», «Хақназардың хақ жолы», «Есім ханның ескі жолы» әдеттік құқыққа негізделген хан заңдары мазмұны жағынан «Жеті жарғыда» жалғасын тапты. Мұны «Жеті жарғының» бапта- рын қағазға түсірген ғалым А.И.Левшиннің еңбегіндегі берілген мына үзінді нақтылай түседі: «Бұл билер ертеден келе жатқан Қасым хан мен Есім хан тұсындағы әдеттік-құқық жүйелерді «Жеті жарғы» заңына жинастырды». ХІХ ғасырдың өзінде бұл әдеттік- құқықтық жүйе өзінің реттеушілік мәнін жоғалтпады. Сонымен, «Жеті жарғы» – бұл әдет-ғұрып талаптарына негізделген көшпелі өркениеттің шығармашылыққа бейім тайпа- арының көптеген ғасырға созылған іс-әрекетінің жемісі екені анық. Қазақстан тарихында ХVIІ-ХІХ ғасырлар аралығындағы құқықтық ескерткіштердің ең танымалы осы - «Жеті жарғы». Бұл заңның дайындалған кезеңіне, қабылдануына қатысты нақты пікір жоқ. Зерттеушілердің бір тобы оны ХVIІ ғасырдың соңына жатқызса, ал екіншілері оның қабылдану кезеңін ХVIІІ ғасырдың алғашқы ширегі деп көрсетеді. ХVIІ ғасырдың екінші жартысындағы саяси ахуал бір орталыққа бағынған мемлекеттің нығаюы үшін нақты іс- әрекеттерді қажет етті. Осы кезеңде ортаазиялық мемлекеттердің басым бөлігі шариғатты қолданып отырған. Қазақ хандығының саяси-әлеуметтік жағдайы биліктегі бөліністе далалық билеуші әлеуметтік топтардың ықпалының күшеюі, генеалогиялық жақтан билік иелеріне құқықтық барлық артықшылықтарын сақтай отырып, қоғамдағы қатынастарды реттеуге заңды түрдегі іс-қимыл- ға итермеледі. Бұл «Жеті жарғының» қалыптасуының бір себебі, екіншіден, хандықтың сыртқы саясатының барысына осы кезеңде ықпал жасаған ойрат шабуылдарының күшеюі және Жоңғар қонтайшысының мемлекеттегі құқықтық заңдастыру («Цааджин бичик» немесе Дала ережелері) әрекеттеріне қарсы шаралар болды. Үшіншіден, қазақ қоғамындағы сұранысқа сәйкес құқықтық нормалардың ескіргенін жойып, талапқа сай реттеп заңдастыру қажеттігі еді. Сондықтан да «Жеті жарғы» заңының туындаған кезеңі ХVIІ ғасырдың соңы болу керек. Бұл жайлы нақтылай түсетін тағы бір дерек жаппас руының старшинасы Көбек Шүкірәлиевтен жазып алған Г.Спасский үзіндісі: «Байырғы қырғыз (қазақ) халқы Тәуке сұлтанды хан жариялап, сол кезде қырғыздың үш тармағынан Ұлы, Орта, Кіші ордаларынан би сайлап, хан олармен келісе отырып, қырғыз (қазақ) ішіндегі жиі болатын ішкі қырқысты тоқтату үшін төмендегі ережені қабылдады». «Жеті жарғы» бізге толық күйінде жеткен жоқ. Оның ертеден келе жатқан әдет-ғұрып ережелері ел санасына сіңіп, оның баптары ауызша түрде ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырған. Қазақ халқының әдеттегі құқық баптарының жиналып, жазбаша түрге айналуы Ресейдің отарлау саясатын жүзеге асыру мақсатында ұйымдас- тырылған экспедиция мүшелері мен жеке чиновниктерінің еңбек- терінің нәтижесі деп айтуға болады. Осыған орай қазақ тарихын зерттеудегі орыс тарихнамасын екі кезеңге бөліп немесе екі бағыт- та қарастыруға болады. Бірінші – қазақ жеріндегі отарлау саясатын жүзеге асыру бағытындағы жазылған еңбектер. Бұлар қазақ жерінің географиялық жағдайына, жер байлығы мен шаруа- шылығына қатысты мағлұматтардан тұрды. Екіншісі – тұрмыс-салт дәстүрі тіршілігіне, фольклорлық мағлұматтар жинастыруға, әдет- ғұрып заң нормалары жүйелеріне аса көңіл бөлген еңбектер. «Жеті жарғыны» және қазақ халқының әдет-ғұрып құқықтарын жинақтау- да А.И.Левшин, Л.Ф.Баллюзек, П.Е.Маковецкий, Н.И.Гродеков, Д.Я.Самоквасов, Л.А.Словохотов, Г.Спасский, Я.И.Гурлянд еңбектерін атауға болады. «Жеті жарғы» заңының мазмұны жағынан екі түрлі нұсқасы белгілі. Алғашқысын 1804 жылы Г.Спасский жаппас руының ақсақалы Көбек Шүкірәлиевтен жазып алып, 1820 жылы «Сібір хабаршысына» мақала етіп жариялады. Г.Спасский он бір фраг- менттен тұратын «Жеті жарғыны» келтіре отырып, қазақ халқының тұрмыс-салты жөнінде 1816 жылы өзі қатынасқан экспедицияға сипаттама береді. Екінші нұсқасы А.И. Левшиннің еңбегінде беріл- ген. Осында «Жеті жарғы» ережесінің отыз төрт фрагменттік нұсқасы берілген. Әрине, бұл нұсқаны А.И.Левшин жарғы қабылданғаннан кейін жүз жылдан соң қағаз бетіне түсірді. Бұл жағдай оның нақты тарихи құндылығын төмендетеді десек те, әдеттік-құқық нормаларының ерекшелігі ғасырлар өтсе де оның негізгі мазмұны өзгеріссіз қалып отырады. Қазақ халқының арасында болған әдет-ғұрыпқа еніп кеткен құқықтар жүйелері Кеңес өкіметі тұсында этнографиялық экспеди- циялар шығару арқылы жинақталды. Кейінгі халық арасындағы осы құқықтық ескерткіштің мазмұнын толықтыратын материал- дарды жинастырып, ғылыми айналымға енгізген заңгер Нұралы Өсерұлы. Халық арасындағы «Жеті жарғы» нұсқаларын сақтаушы- лардың бірі – Шантайұлы Молдиман. Ол атақты шежіреші, ақын әрі шешен. 1846 жылы туылып, 1927 жылы дүниеден өткен. Одан кейінгіс Көлдейбекұлы Ерінбет. Бұл да ақын, шежіреші, 1844 жылы туылып, 1916 жылы қайтыс болған. Тағы бірі – Орманұлы Тоқболат, 1861 жылы туылып 1931 жылы дүниеден өткен. Ал осы ақын-шежірешілердің деректерін жинап, оны халыққа жеткізген қызылордалық шежіресі – Әлқуат Қайнарбайұлы. Қайнарбайұлы Әлқуат Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының тұрғыны, ол қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, тарихын толық білетін, ескіше сауаты бар кісі болған. «Жеті жарғының» ең көне нұсқасы қызылордалық Ералы Саққұлақ (1846-1932 жж.) шешеннің жазбаларынан табылған. «Жеті жарғының» бұл нұсқалары Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының кітапханасындағы қолжазбалар қорында сақтаулы. Мұнда берілген нұсқалар дәл Тәуке ханның «Жеті жарғысының» түпнұсқасы деп айту артық болар еді. Өйткені бертін келе оларға өзгеріс енгендігі оның баптарынан анық көрінеді. Бұл нұсқа- лардағы ортақтық құрылымы жағынан жеті мәселені қамтығаны. «Жеті жарғы» әдеттік-құқық заңының біршама толығырақ сақталған мағлұматтық жақтарын қарастыра отырып, халық арасында сақталған баптарын жинақтап, оның негізгі мазмұнын үлкен жеті тарауға бөліп берген заңгер ғалым Нұралы Өсеров болды. «Жеті жарғы» негізін құрайтын баптарына тоқталып өткен орынды: І. Мемлекет тұтастығы. 1-бап. Мемлекет билігіне іріткі салған адам өлім жазасына кесіледі. 2-бап. Әрбір қазақ түтіні ханның, бидің жасағы мен шабарманын жазда да, қыста да қабылдап, ат-көлік, азық-түлікпен қамдауға міндетті болды. 3-бап. Дауларды шешу ханға немесе билерге жүктеледі. 4-бап. Арнайы тегіс барлық мал-мүлікке таңба белгіленуге тиіс болады және салық түрлері белгіленеді. ІІ. Тән тазалығы. 5-бап. Жеті ата ішінде қан алмастыру өлімге немесе ағайындар белгілеген жазаға бұйырылады. ІІІ. Дін беріктігі. 6-бап. Жеті адам куә болып, Құдайға тіл тигізгені дәлелденсе, тас лақтырып өлтіріледі. 7-бап. Өзге дінге кіріп, кәпір болған адам мал-мүлкінен айырылады. 8-бап. Өзіне-өзі қол салғандар бөлек жерленеді. IV. Отбасының бірлігі. 9-бап. Егер әйелі ерін өлтірсе, ол өлім жазасына кесіледі және ешқандай құн төлеумен ауыстыру мүмкін емес. 10-бап. Егер ері әйелін өлтірсе, ол әйелінің құнын төлейді. 11-бап. Егер екіқабат әйелді атты кісі қағып кетсе, одан өлі бала түссе 5 айлық бала үшін - 5 ат, одан әрі 1 түйе төлейді (1 түйе – 3 ат немесе 10 қой). 12-бап. Әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі. Өзі зорлаған қызға қалың төлеп үйленсе, жазадан босатылады. 13-бап. Әйелі ерінің көзіне шөп салу үстінде ұсталса, ері өлтіруге хақылы. Әйелінен сезіктенген еркекке төрт сенімді адам дәлелдеп беруі керек, егер теріске шықса әйел жазадан босатылады. 14-бап. Біреудің әйелін алып қашса, өлімге бұйырады немесе әйелдің қалың малын төлеуі қажет. 15-бап. Ата-анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым байлаған күйінде қара сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды айналдырып шығады. Ал қыз болса, аяқ-қолын байлап анасының билігіне береді. 16-бап. Ерінің ұрлығын біле тұра хабарламаса, әйелі мен баласы жазаға тартылмайды. Өйткені үлкеннің үстінен мәлім айту әбестік саналады. V. Қылмыс пен жаза. 17-бап. Қанға қан алу принципі жұмсартылып, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құны төленеді (ер адамға - 1000 қой, әйелге 500 қой). 18-бап. Ұрлық, қарақшылық жасаған адам өлім жазасына кесіледі. 19-бап. Денеге зақым келтірілсе, соған сәйкес құн төленеді (бас бармақ -100 қой, шынашақ – 20 қой ). 20-бап. Ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды. Ал анасы баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі. 21-бап. Ұрлық жасаған адам үш тоғызымен қайтаруға тиіс. 22-бап. Ұрлық пен кісі өлтіруді қоса жасаған адам екі бірдей жазаға тартылады. 23-бап. Барымтадан қайтқан мал төлімен қайтарылуға тиіс. 24-бап. Сарбаз атын ұрлаған адам өлім жазасына кесіледі. 25-бап. Өлтірілген аңшы иті немесе бүркіті үшін иесінің құл немесе күң беруді талап етуге қақысы бар. VI. Адам құқығы және мүлік меншігі. 26-бап. Егер әкесінен енші алған ұл баласыз болып өлген болса, онда оның қожалығы өзінің әкесіне беріледі. Жасы кіші балалар жақын туыстарының қарамағына беріледі. 27-бап. Әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауы тиіс, әйтпесе айып салынады. 28-бап. Кімде-кім азғындыққа жетелеген болса немесе аз- ғындыққа зорлықпен әйелді итермелесе, сол адам 200 қой төлейді. 29-бап. Төре мен Қожаның құны қарадан 7 есе артық. 30-бап. Құлдардың иелері олардың өмірлерінің қожайыны болып есептеледі. VIІ. Билік тәртібі. 31-бап. Үлкен дау-дамайды хан шешеді немесе билер, ақсақал- дар кеңесі шешеді. 32-бап. Егер жауапкердің билерге күмәні болса, онда оларды өзгерте алады. 33-бап. Куәлікке екі немесе үш адам жүреді. 34-бап. Өсиет ағайындар мен молданың қатысуы арқылы жасалады. Қарастырылған ісіне қарай жеті ірі тараудан тұратын «Жеті жарғының» қағазға түсірілген мағлұматтарына қарай осындай 34 баптан тұрды. «Жеті жарғы» атауының ұғымына түсінік беретін болсақ, «жарғы» сөзі әділдік шешім деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз түркі, парсы тілінде, монғол сөздігінде де билік, шешім деген мағынада. Зерттеушілер бұл заңның «Жеті жарғы» аталуына түсіндірме береді. Н.И.Гродеков пікірінше: «Тәуке ханның тұсында жеті би жеті іс бітірген қызметкерлер жиналысы», – деген. Л.А. Словохотов: «Жеті бидің туындысы»,- деп көрсетеді. Ол жеті бидің қатысуынан «Жеті жарғы» атауы шықты деген қорытынды жасайды. «Жеті жарғы» жеті бидің шешімі болғандығы жөнінде ел арасында сақталған. Ал енді дәстүрлі ауызша тарихтағы мағлұмат- тарға сүйенетін болсақ, «Жеті жарғының» қабылдануында болған көрнекті билердің аты тегіс аталады. Олардың саны барлық жерде бесеуден аспайды, десек те бұл кеңесте әр рудан жиналған билер- дің жалпы саны одан да асып кетеді. Сонымен бірге, егер шын- дығында да бұл нақты жеті бидің қабылдаған заңы болатын болса, бұл заң баптарын жадында сақтаған халық бұл жеті бидің де атын атап, ұрпақтан-ұрпаққа беріп отырар еді. Қазақ халқы үшін «жеті» саны киелі болғандықтан солай аталуы мүмкін. Бұл ойды дамытар болсақ, қазақтар арасында тек «жеті» саны ғана емес, басқа да мысалы, тоғыз, сегіз сандарына ерекше мән беріледі. Әуелден мақалдап, мәнерлеп сөйлеуге құмар қазақ халқының әдет-ғұрып жүйелерінің негізі мақалдар мен афоризмдерден құрылғаны белгілі. «Жеті жарғының» сақталған баптарын салыстыра отырып, онда басты жеті мәселенің төңірегін- дегі істерді шешу бағытына байланысты аталды деп қорытынды- лаған дұрыс. Сонымен қатар қазақ арасында сөз ұйқастарының есте сақтау- ға ыңғайлы болуына көп көңіл бөлінгенін ескерткен дұрыс. Мысалы, сан есімдерді пайдалануда: «Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», «Қызға қырық үйден тыю» дегендей. Сондықтан бұл заңды басы-қасында болған билердің оны ұйқасқа, тілге ыңғайлы, тұжырымды болуына орай атауы да мүмкін. Сонымен, қазақ халқының құқықтық заңдары түркі тектес, туыстас халықтардың арасынан ерекшеленіп, өзінше сипат алды. Бұл қағида, ережелер ғасырлар бойы өмірдің өз талабынан пайда болып, ұзақ дәуір ішінде саяси-әлеуметтік жағдайларға сай өзгерістерге ұшырап, қалыптасқан әдет-ғұрып заң нормаларын біздің ата-бабаларымыз ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып беріп отырған. «Жеті жарғы» заңы саяси-әлеуметтік қарым-қатынастар мен рухани қажеттілікті қанағаттандырарлық өзара мәмілегерлік жүйе- лердің жиынтығы екендігін оның әрбір баптарын талдау бары- сында айқындай түсеміз. Мемлекеттің іргетасы қалыптасқаннан бері «жер» мәселесі немесе «жер дауы» әр қоғам мүшесі үшін маңызды орын алатын- дығы белгілі. «Жеті жарғы» бойынша жер дауының мәселесі қарастырылған. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқында жерге рулық меншік түрі болды. Сондықтан да әр рудың, әр ауыл- дың белгілі бір көшіп-қонатын қыстауы, жайлауы анықталып бері- ліп отырған. Бұл ру арасындағы үнемі болып тұратын дау-жанжал- дың тосқауылы болды. Жер иелігі бір рудың мүддесінде болғандықтан, бұл мәселені шешуді олардың иелік етіп отырған жерлерінде ата-бабаларының жерленуіне, құдықтардың салуына, кейбір кезде қазылған арық- тардың болуына қарай анықталып отырған. Жерге иелік туралы Д.Я. Cамоквасовтың жазбасында анық көрсетілген: «Кімде-кім басқа біреудің жерін пайдаланып отырса, бұл жер одан 15 жылдан кейін болса да қайтып алынады немесе жердің көлеміне қарай өзара ризалықпен иеленіп отыра береді, жалпы ілгеріде іздеп алу болмайды». Қазақ қоғамының экономикалық негізі мал шаруашылығы болғандықтан, әр рудың малдарына өзіндік таңба белгіленуі «Жеті жарғыда» көрсетіледі. Бұл ұрланған малды табу оңайға түсетін- дігімен ерекшеленсе, қазақ қауымы арасында малға ғана меншік болғандықтан, бұл рулардың өз ішіндегі таласты, дауды тоқтатуды көздеді. Сонымен қатар мүлікке де таңба салуды талап етті. «Жеті жарғыда» көтерілген келесі бір мәселе отбасы және некеге байланысты, бұл баптары ертеден қалыптасқан салт-дәстүр- лерге сүйенген. Дәстүрлі қазақ қоғамының отбасында әкенің билігі баянды етілген. Ол ұл-қызының, әйелдерінің, құл-күңінің, төрт- түлік малының, жайлау-қыстауының жекедара билеушісі әрі қамқоршысы болды. Әкенің ризалығынсыз отбасының кез келген мүшесі ешбір шешім қабылдамайды. Жеті атадан аспай қыз алыспау деген бап бойынша туыстығы бар қанның араласуына тыйым салынған. Мұндай некеге рұқсат берілмеді. Бұл басқа елдерге жат, тек қазақ халқына ғана тән. Осыған орай, әрбір қазақ өзінің жеті атасын білуге тиіс болды. Халық арасында «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген мақал бар. Н.И. Гродеков қазақтардың өзінің жеке шежіресін жақсы білетін- дігін көрсетіп кеткен. Тәуке хан туысқандық жүйені дамытып, оның беріктігіне көп көңіл бөлген. Туыстардың өзара бейбіт тұруы – рудың бірлігі – жүздің ынтымағы, жүздің ынтымағы – мемлекет- тің нығаюының кепілі болатындығын Тәуке хан өзінің ішкі саясатында дұрыс қолдана білген. Туысқандық жүйенің белгісі, әсіресе, үлкен бір оқиғаларға орай айқын көріне түседі. Мысалы, ас беру, қыз ұзату, үйлену тойын жасау, енші беру сияқты салт-дәстүрлерді жасау туыстары көмегінің нәтижесінде атқарылып отырды. Кеңес дәуірінде болсын, қазіргі заманда да болсын туыстардың қатысуынсыз ешбір іс атқарылмайды. Бұл салт-дәстүрлер заманымыздың қаншалықты өзгергендігіне қарамастан, халық арасында әлі күнге дейін сақталып, қолданылып келеді. Қазақ отбасында әке-шешенің балаларына деген билігі шексіз екендігі «Жеті жарғыда» анық көрінеді. Ата-анасын сыйламаған бала жазаланып отырған. Қазақтар қыз алысу, ұлдарын үйлендіру арқылы жақын туыстасуды көздеген. Көбінесе отбасының тек байлығына қызықпай, олардың тәрбиелі, тәлімгерлігіне қарай құда- ласып отырған. Оны мына мақалдар дәлелдей түседі: «Шешесіне қарап қызын ал», «Бүлінген елден бүлдіргі алма». Баланы тәрбие- леуде олардың нағашы жұртының жиендерге деген ықыласы, пейілі, қызметі ерекше болған. «Жігіттің айласынан ешкім аспас». Осылайша баланы тәрбиелеуде туыстарды сыйлау арқылы әрқашан бірлікте тұруға үйрете білген. Қазақ халқының салт-дәстүрі отбасы, некеге байланысты күр- делі іс-әрекеттерден тұрады. Мысалы, құдаласу, ұлдың үйленуіне байланысты жол-жоралғылары, қыз ұзату, нәрестенің дүниеге келу шілдеханасы, мүшел жасқа толуы, сондай-ақ өлімге, қайғылы оқи- ғаларға байланысты жасалатын салт-дәстүрлердің өзіндік ерекше белгілері ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, оны сақтауды көздеді. Қазақ- тың қалыптасқан салт-дәстүрін қазіргі уақыттың өзінде мүмкінді- гінше қолданылып келеді. Сонымен қатар басқа халықта кездеспейтін қазақ әдетінде әмеңгерлік сақталған. Бұл әдет бойынша жесір қалған әйелге күйеуінің жақындығына қарай туыстары әмеңгер бола алады. Бірақ бұл өз еркімен, тек жесір әйелдің келісімімен ғана іске асады. Әмеңгерлік, көбінесе, қайтыс болған ағайынның артында жас балалары қалатын болса, оларды жат қылмас үшін жасалынып отырған. Тағы бір себебі, ол әйелдің қалың малы төленгендіктен, оны төркінге қайтарудан гөрі, жеке шаңырақты түтетіп отыруын қолдап, жесірді ешқайда жібермеуге тырысқан. Бұл салт-дәстүрлер «Жеті жарғының» баптарында барынша көрініс тапқандығын атап өту керек. Қазақ құқығында өлім жазасы, денеге зақым келтіру түрлері, түрмелер мен зындандар, бас бостандығынан айыру қылмыстық жазалар кең тараған жоқ. Барлық даулар және қылмыстар азамат- тық-құқықтық сипатқа ие болды. Олар үшін мүліктік, мүліктік емес, ұялатын, масқаралайтын, бітімгершілік жазалау нысандары қолданылды. «Жеті жарғыда» басты көтерілген мәселе- бұл кек алу және құн даулауға қатысты. «Жеті жарғының» баптарында «қылмыс» деген ұғым ешқандай мазмұнда түсіндіріліп, көрсетіл- мейді. Мұнда қылмыскерді «күнәһар» деп атаған. Қандай дамыған қоғам болсын, қылмысты мүлдем жою мүмкін емес. Бірақ ұтымды шешімдер арқылы оған тосқауыл қоюға болады. «Жеті жарғы» бойынша бірінші орында кек алу: «қанға – қан, жанға – жан» прин- ципі сақталды. Кейбір жағдайларда кісі өлтіргендігі үшін кесілетін өлім жазасын билер кеңесінің шешімімен құн төлеуге ауыстыру құқы берілді. Бұл осы заңның тарихи прогрестік маңызын айқын- дайтын бап болды. Құн қылмыстының өз басына, болмаса ру мүшелеріне салынады. Кек алу принципі мемлекеттің тұтастығын сақтауда кереғар әсер етті. Оны Л.Ф.Баллюзектің еңбегіндегі мына үзінді айқындай түседі: «Қазақтардың алғашқы тарихи естеліктерінде кек алуға қатысты қанды соғыстардың ғасырларға созылғандығын, соңынан ұрпақтық кек алудың бүкіл ру қауымына келетін зиянын түсіне бастады». «Қанға – қан, жанға – жан» принципі көне грек қоғамында, түркілерде және арабтарда кең тарады. Бірақ көшпелілер қоға- мында ислам дінінің таралуы және шариғаттың кеңінен қолда- нылуы кек алу принципінен құн төлеуге өту үдерісін жылдамдатты. Сондықтан «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» заң жолдарында құн туралы айтылғанымен, Тәукенің тұсындағы- дай кісі өлімі, кек алу жағдайлары бүкіл қоғамды күйзеліске ұшыратқан кек алудың нақты құнмен ауыстырылғаны анық көрсе- тілмеген еді. Қазақ халқының құқықтық институтының қалыптасуына толығырақ тоқталып өтелік. Қылмыстық әрекеттерді жазалау ре- тінде барлық халықтың құқық жүйесі кек алу және құн төлеу арқылы өтті. Ертедегі халықтың заң ескерткіштері құн төлеу арқы- лы жазалау, кек алу принципінің орнын басып, әр түрлі қылмыс түріне қарай бекіткенін көруге болады. Қазіргі зерттеушілерді қа- зақ қоғамындағы «құн» ұғымының қалыптасуы мен оның кек алу жүйесі қандай жағдайда өтті деген мәселе қызықтырады. Құн тө- леу – сатылы институт, ол әр түрлі халықтардың саяси, әлеуметтік- экономикалық, құқықтық даму барысында пайда болып отырды. «Құнның» алғашқы пайда болуы мен кек алу принципін тежеу оның субъективті жағдайларына байланысты болды. Кек алудың қолайсыздығы «құнның» қалыптасуына итермеледі. А.И.Левшин «құнның» енуіне орай, енді кісі өлтірген адам жаза ретінде сол адамның руына мал-мүлік беру арқылы босатылады. Қазақтардағы құнға байланысты мәліметтерді И.Г.Георг, Н.Рычковтың еңбек- терінен кездестіруге болады. И.Г. Георг бойынша: «Кімде-кім ерді өлтірген болса ол өлім жазасына кесіледі немесе өз өмірін жасаған қылмысы үшін құн төлеу арқылы құтқара алады. Ол өлген адамның туыстарына 100 жылқы, екі түйе, бір еріксіз (құл) беруі тиіс. Бір жылқының орнына бес қой алынуы да мүмкін. Әйелді, баланы, құлды өлтіргені үшін ердің жарты құнын төлейді. Адам денесіне жарақат салғаны үшін де құн төлейді. Бас бармақ - 100 қой, кішкене саусақ - 20 қой. 1771 жылы Н.Рычков құн туралы мынандай мағлұматтар береді: «Адам өлтірген кісі қылмысы үшін құн төледі. Құн түрі жүз жылқы, бір тұтқын құлдан, екі түйеден, қара түлкінің терісі, шұға- дан тігілген бешпет, бүркіт немесе қаршыға және әскер салт- саймандарынан тұрды. Мұның барлығының өлген кісінің ең жақын мұрагеріне табыс етілуі, осы әдетке сай туыстары ешқандай қарсы- лық көрсетпеуі тиіс. Барлығы осы әдетке бағынады. Бұл тәртіп қазақтарда құн деп аталады». Кісінің денесіне жарақат салынуы нәтижесінде ол еңбекке жарамсыз болып қалса, ол да өлім жазасымен теңестіріледі. Ұрлық- қа қарсы заң қазақтарда «айбана» деп аталады. Қой немесе жылқы ұрланған кезде ұсталса, ол шешім бойынша 27 қой немесе жылқы төлеуге міндетті. Кейбір құқықтану ғылымының зерттеушілері құнның қалып- тасуын ислам дінінің енуімен байланыстырады. Рас, қазақтың әдет- ғұрып нормаларына шариғаттың әсері болғаны сөзсіз. Бірақ «құн» ұғымын, оның принциптерінің қалыптасуын алғашында «құнның» пайда болуына өзіндік әсерін тигізген қазақ қоғамындағы рулар арасындағы үнемі болып отырған жауластық жағдайларды тоқта- туға жасалған әрекеттің нәтижесі деуге болады. Әйтсе де «Жеті жарғыда» көрсетілген «құнның» мөлшері, ХІХ ғасырдағы барлық орыс жазбаларында көрсетілген «құн» деген сөздің ұғымы парсы тілінде «Қан, қан төгу» деген мағынаны білдіреді. Ал түрік, татар тілінде бұл «қан құны» деген ұғымда қолданылған. Қазақтың өз тілінде «құн» негізінен белгілі бір нәрсенің жалпы мөлшері мағынасында қолданылды. «Құн» мөлшеріне байланысты А.И. Левшин: «Өлген ер адам үшін 1000 қой, әйел үшін 500 қой беруі керек. 100 түйе –200 жылқыға немесе 1000 қойға тең» деп көрсетсе, Көбек Шүкірәлиев: өлтіргені үшін 200 жылқы төлеуі тиіс дейді. Мұны Тәуке хан тұсындағы құн төлеу арқылы қарастырылатын дау-жанжалдың бітімі туралы халық арасында сақталған мағлұматтар арқылы білуге болады: 1. Ер құны – жүз жылқы, не оның баламасы, әйел құны мұның жарымы. 2. Ер құны жолаушы, жортушы деп екіге бөлінеді. 3. Құл құны бір ат, не оның баламасы, күң құны оның жарымы (ит құны да, құл-күң құнымен бірдей болады). 4. Мұнда қалың мал түрлері берілген: 47,37,27,17 ат; аттың ботадан басқа да баламасы болады, ал ат ботамен есептегенде 5 дөнежін, құнан- құнажын тұяғы 20 болады. «Құн» түрлері Ералы қолжазбасында да кездеседі. І. Ер құны – 100 жылқы, 6 жақсы түйеден тұрды; әйел құны қалың мал мөлшерімен теңестірілді. ІІ. Өнер құны – бұл ауыл, жыраулар үшін төленген құн. ІІІ. Сүйек құны – өлген адамның сүйегі үшін төленетін құнның түрі. «Жеті жарғы» бойынша құн төлеу, егер адамның денесіне жарақат салынса, мысалы, А.И.Левшиннің мәліметінше, үлкен саусақ – 100 қой, шынашақ – 20 қой, сол сияқты белгіленген мал мөлшері төленіп отырды. «Құн» институтының Тәуке хан тұсында кең қолданыста болуы қазақ даласындағы әр ру мүшесінің құқығын қорғау қажеттігінен туындады. Қазақтардың құқығында жауапкершілік пен жаза түрлері аса бай, әрі көп түрлі болды. Олардың түрлерінің көптігі соттардың әрекеттерінің кеңістігін қамтамасыз етті. Тәуке хан қазақ қоғамындағы орын алған іріткілер кек алу принципі екенін, халықтың мазасын алатын, ру-рудың арасындағы бас араздықтың қоздырушы күш екендігін жақсы білді. Бұлар сол кездегі Тәуке маңайына жиналған ойы озық, айтары бар билердің шешімінде негіз тапты. «Жеті жарғыда» қаралатын тағы бір мәселе, мал дауы екендігі белгілі. Ертеден мал шаруашылығымен айналысқан қазақ үшін төрт түлік мал баға жетпес байлық болды. Алғашқы сәлемі малы- ның амандығынан басталатын қазақ мал-жанның амандығына, саулығына көп көңіл бөлген. Сондықтан мал ұрлаушыларды қатаң жазаға тартып отырған. Мысалы, ұрылардың жазасы ұрлағанынан тоғыз есе етіп қайтару керек болды. «Тоғыз айыбы» мына түрде белгіленген: бас тоғыз немесе түйе бастатқан тоғыз; ат бастатқан тоғыз; аяқ тоғыз немесе өгіз бастатқан тоғыз. «Жеті жарғы» бойынша егер айыпты құн төлеуден жалта- ратын болса, билер сотының немесе ру басшыларының келісімімен олардың малына барымта жасалынады. Орыс жиһанкездерінің жазбаларында қазақ халқындағы осы барымтаны ұрлықпен теңеу жиі кездеседі. Қазақтың әдет құқығында «барымтаның» орны ерек- ше. «Барымта» қазақ жеріне келген жазбагерлердің түсіндіруінше, жасырын ұрлық делінсе, ол «Жеті жарғыда» барымта билердің арнайы шешімдерімен орындалды делінген. Орыс авторларының еңбектерінде «барымта» басқа біреудің малын білдірмей айдап әкету деп көрсетеді. «Жеті жарғы» барымтаны айыпты адам мен оның руластарына билер сотының шығарған билігін еріксіз орын- датқызудың басты әдістерінің бірі ретінде заңды етті. «Барымтаны» ертеден келе жатқан рулық институт деуге болады, ХVIII- ХIХ ғасырларда қоғамдық қатынастардың шиеленісуі рулық қырқы- сулардың түріне айналды. Н. Рычков барымтаны «ұрлық-тонауға» теңеді. Бірақ басқа біреудің малын ұрлау, затын тонау қазақ қоғамында ешқашан барымта деп есептелмеген. Барымтаны жасау- шыларды ешқашан ұры деп санамаған, керісінше барымта- шылыққа қатысу үлкен игі іс болып саналды. Жасыратыны жоқ, барымта, негізінен қоғамның ішкі жағынан ыдырауына әсер ететін құбылыс. Билер барымтаның заңда болуын қозғамаған. Ш.Уәлиханов барымтаға былайша түсінік берген: «Ескі заманда барымта деп алынбай жүрген құн, борыш немесе қалың мал үшін басқа біреудің малын немесе басқа бір мүлкін тартып алғанды айтқан... Барымта тапа-тал түсте жұрттың көз алдында күшпен алынған, ал немесе жасырын ұрланып та істелінген. Ұрланып істелінген күнде барымта алушы – «мен пәлендей жазаң үшін сенен барымта алдым» деп үш күннен қалмай мал иесіне хабар беруге міндетті болған». Н.И. Гродеков те барымтаға былай деп сипаттама беріп өткен: «1) Жорыққа түнде емес, күндіз шыққан; 2) Барымта аламын деп ашық жариялайды; 3) Көздеген мақсаты – кеткен шығынды, ұрланған мүлікті, өлтірген адамның құнын өтеу. Осы кескен үкімді жауапкер орындамаған жағдайда барымта алынған». «Жеті жарғы» бойынша барымталап әкетілген малды ұрланған мал ретінде санамаған. Барымтаның қарымта, сырымта, жырымта деген де қосалқы түрлері болды. Барымтада артықтау кеткен малды кінәлі жақ арқылы қайырып, бұларға артық кеткен малды жәбірленуші жақ сырымта және жырымта бойынша қайырып есебін теңестірген. Заңгер С.Зиманов барымтаның әлеуметтік-экономикалық негізін былай көрсетеді: «Көшпелі қазақ қоғамында мал үшін ру- лық қырқысу көрінісі болмаған. Барымта біреудің жасаған қыл- мысы үшін өтелмеген құны болғанда ғана жасалынды. Бұл жағдай біреудің жеке меншігіне қол сұғуға болмайтындығын көрсетеді». «Жеті жарғыда» хандықтың әскери жүйесінің сипатын айқын- дайтын бап та бар: «Әрбір еркек бес қарусыз жүрсе, оған айып салынады». Көшпелі өмірде хан, билердің бұйрық, жарлығын, соғыс хабарын тез жеткізу шараларының бірі әрбір қазақ түтіні ханның, бидің жасағы мен шабарманын жазда да, қыста да қабылдап, ат-көлік, азық-түлікпен қамдауға міндетті болды. «Жеті жарғыға» сәйкес арнайы мал-мүлікке таңба белгіленді және салық түрлері аманаттық салық, ру басыларының борышын төлеу, қару- жарақ, т.б. белгіленді. «Жеті жарғының» прогрессивтік маңызын айтып келіп, оның сол дәуірдегі қоғамның сипатын толығымен ашып бере алмайты- нын байқаймыз. Мысалы, қылмысты тексеру және сот процестері- нің сипаты мүлдем көрсетілмеген. Сот процесінің ашық жұрт алдында жүргізілгендігі ғана көрсетіледі. Қазақ қоғамындағы экономикалық қатынастар, жерді иелену формасы, меншіктің түрлері толығымен көрініс таппаған. Осыған қарамастан «Жеті жарғы» кең мағынада алғанда заң да, билік те, қоғамдық болмыс пен өнегеліктің қайнар көзі де, рухани құндылық та болды. «Жеті жарғы» әдеттік-құқық ережесі өзінің мазмұнында қамтылған мәселелер аясынан кең қызметтерді атқарды: реттеушілік, басқарушылық, біріктірушілік, қорғаушы- лық. ХІХ ғасырда да қазақ даласында осы атқарушы қызмет түбегейлі өзгеріске ұшырамай жалғасын тапты. Қазақтың құқықтық тарихының қайнар көзі болып есептелетін әдет-ғұрып нормаларын, шариғат нормаларын және жеке билеуші- лердің құқықтық заң ережелерін, «хан жарлықтарын» терең қарастыру дала заң жүйесінің іс-әрекетін толығымен ашып бере ал- майды. Қазақтың әдеттік-құқықтық жүйесі тарих бойы қалыптасқа- нын ескерсек, оның консервативтік сипаты және көшпелі өркениет аясында үнемі дамып, қозғалыста болғандығы байқалады. Осын- дай өзгерісті, қозғалысты ғасырлар бойы жадында сақтап, оның қолданыста жүруіне тұтқа болған «билер институты». Би – қазақ- тың құқықтық дәстүрлерінің сақтаушысы және оның қоғамның талаптарына сай өзгеруін қадағалаушы, әрі қолданушы. Сондықтан болар қазақтың заңдық негізінің қайнар көзін толықтырып, жан- жақты зерттеуге жол ашатын осы билердің қызметі. Қазақ қоға- мындағы билер институтының қалыптасуының алғышарттары мен мәніне және билердің саяси-әлеуметтік негізіне тарихи талдау жасалған арнайы зерттеулер бар. Қазақ тарихында билер институты өз бастауын ХІІІ ғасырда өмір сүрген Майқы биден алатындығы белгілі. Олай болса, зерттеулерде Тәуке ханның ережелерінің қабылдануындағы билердің қызметін нақты көрсетсе, Шыңғыс ханды хан көтерген 12 биді «Жасақ» нормаларының талапқа сай құрастырушысы ретінде қарастыру әбден мүмкін. Себебі бұл билердің кәсіптік қызметінің міндетті қыры болып табылады. Сот ісін жүргізу, дауды шешу, жаза түрін қолдану, сын айту осының бәрін құқық тарихында билердің қызметі арқылы қарастыруға мүмкіндік алуға болады. Билер сотының шешіміндегі негізгі мақсат – әділеттілікке жету. Бидің әдеттік-құқықтық білімі және терең логикалық ойлау қабілеті істі шешудегі негізгі ұстаным болды. Дауды шешуде билер тарапынан екі жақтың шағымын қатар қарап, олардың өкілдерінің тікелей сот ісіне қатынасуға мүмкіндік беру ерекшелігімен, сот процесінің шынайылығымен сипатталады. Соттық функцияны атқарған бидің істі шешудегі еркіндігі сақталды. Бірақ әділ шешім қабылданбаған жағдайда жүгінушінің талабына орай бірнеше билер бірігіп істі қайта қарады. Сот жүргізу тәртібінде істің күрделілігі ескерілді. Сот құрамында бидің жеке бір өзі болып, шешім қабылданды. Бұл қарапайым істерге қатысты. Күрделі дауды әділ, білгір, беделді билер алқасы шешіп отырды. Олардың ішінде басты шешім қабылдайтын Төбе би тағайындалды. Сот жариялық түрде өткендіктен, мұнда ашық пікір білдіруге әр рудың билері қатыса алды. Әрине, ол Төбе бидің тарапынан реттеліп отырды. Сот ісіне екі жақтан руластары қаты- сып қолдау жасағанымен, олардың тікелей іске араласып, шешімге ықпал жасауына тыйым салынған. Көп жағдайда дауды шешуде әр рудың қайсысы болса да беделділігін көрсетуге тырысты. Себебі көп жағдайда жеке индивидтің іс-әрекеті үшін жауапкершілік, айып, жаза ру мүшелерінің барлығына да тиесілі болды. Сот ісі алдын ала келісілген мекенде немесе бидің отауында өткізілді. Дала заңдары ертедегі көшпелі бірлестіктердің өмір сүру жағдайларына сәйкес табиғи жолмен қалыптасқан әдет-құқық жүйесін қалыптастырып, бұл жүйенің еркін дамуына жағдай ту- ғызды. Олардың мазмұны мен құрылымына Қазақстан аумағын мекендеген түркі халықтарының және түркі текті емес халықтар- дың одақтары мен мемлекеттері өз үлесін қосып, байыта түсті. Қазақтың заңдары өзінің түп-тамырын байырғы жергілікті қоғам- ның құқықтық мәдениетінен бастау алып, екінші жағынан қазақ елінің өміріне сай қоғамдық құрылымдар мен негізінен түркі және өзге де халықтардың құқықтық үлгілерін өз бойына жинақтаған жүйе ретінде қолданыс тапты. 4Жеті жарғы – Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. 17-ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. (Мысалы, бұл қағидаларға Абай да үлкен мән бергені және кезінде өзі жасаған заң жобасында ескергені белгілі.) Жеті жарғы, қазақтың ұлттық шешендік өнеріне сай, негізінен, афоризмдерден, мақал-мәтелдерден, қанатты сөздерден құралған. Бұл жүйені мазмұндық-кезеңдік жағынан “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолына” негізделген және Тәуке ханның өз дәуіріне, саясатына сай енгізілген өзгерістер деп үшке бөлуге болады. Жеті жарғының толық нұсқасы сақталмаған. Кейбір үзінділері К. Шүкірәлиевтің (1804), Я. Гавердовскийдің (1806), А. Левшиннің (1832) жазбаларында кезігеді. Олардан басқа Н.Гродеков, Л.А. Словохотов, А.П. Чулошников тәрізді орыс ғалымдарының зерттеулері мен айтқан ой-пікірлері шежіреші Ә. Қайнарбайұлынан алынған нұсқаға жақын келеді. Аталған нұсқада Жеті жарғының аталуы Тәуке хан енгізген жеті өзгеріске байланысты деген тұжырым жасалынған. Бұл өзгерістерде төрелер мен қожаларға ерекше құқық беру арқылы билікті нығайту мақсаты көзделгені айқын байқалады. Онда жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қорлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдеп-ғұрып заңдары көрініс тапқан. «Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл де әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық: «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтайды. Ол заманда бас кетсе де әділ сөйлеген. Бізге белгілі, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «жеті жарғысы» осы хан кеңесінің шешімі арқылы жарыққа шығып, елге таралған. Жәңгір ханның ұлы Тәуке «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын» өз дәуіріне сай етіп, сондағы ережелердің жеті түріне күрделі өзгеріс енгізгендіктен, ол өзгерістер «Тәуке ханның Жеті жарғысы» («Жеті жарлығы») аталып кеткен делінеді.
Жеті жарғы
1-жарғы. Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын.(Бұл жарғы мемлекеттің бүтіндігі талабынан туды).
2-жарғы.Түркі халқының мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы халықтың ортақ мүддесі – елдің бүтіндігін қорғаған біртұтас қоғамдық сананың жемісі).
3-жарғы. Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы да жабайылықтың төменгі сатысына тән кісі өлтірушілікке тыйым салған және мәдениеттіліктің белгісі ретінде танылуға тиіс өте елеулі жаңалық).
4-жарғы. Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап, ақ некені бұзушыларға өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы да шаңырақтың бірлігін қамтамасыз еткен, неке парызына адалдықты талап еткен маңызы зор жаңалық).
5-жарғы. Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын. (Ол кезде «ер қанаты – ат» елдің, мемлекеттік соғыс күші ретінде бағаланады).
6-жарғы. Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін: а) біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді, ал қызы жоқ болса қыздың қалыңмалын береді. ә) төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.
7-жарғы. Ұрланған жылқы, өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірілсін. «Жеті жарғыны» қазақ халқы ХІХ ғасырдың ортасына дейін қолданып келді. Ал кейбір заңдар Қазан төңкерісіне дейін қолданылды. Сонымен бірге «Жеті жарғының» өз кезінде қағазға түсірілмегені де белгілі. Кеңестер дәуірінде «Жеті жарғыға» «феодалдық қатынастардың сарқыншығы» деген сипат тағылып, мүлдем зерттелінбеді. Бізге «Жеті жарғы» орыс ғалымдарының жазбалары негізінде белгілі. Алғаш рет орыс ғалымы Г. Спасский жаппас руының старшыны Күбек Шүкіралиевтің мәліметтері негізінде «Жеті жарғының» 11 үзіндісін 1820 жылы «Сибирский вестник» баспасөзінің бетінде жариялады. «Жеті жарғының» екінші нұсқасы (34 үзінді) А. Левшиннің зерттеулерінде беріледі. Бұл нұсқалар «Жеті жарғы» дүниеге келгеннен кейін 100 жылдан соң халық ауыз әдебиеті негізінде жариялады. Сондықтан бұл заңдар жинағының толық нұсқасының бізге жетпегені белгілі.

«Жеті жарғы» заңдар жинағы мемлекеттің ішкі жағдайын күшейтуге бағытталды. Осы заң негізінде қазақтың тайпа, ру басыларын жылына бір рет жиналуға міндеттеді. Бұл жиындарда мемлекеттің сыртқы және ішкі жағдайына байланысты мәселелер дауыс беру негізінде шешілді. Жиынға қару асынып келген азаматтардың ғана дауыс беру құқықтары болды. Сонымен бірге қару ұстап келген азамат жылына өз байлығының жиырмадан бір бөлігін салық ретінде мемлекетке беруге міндеттелді. Жиынға қатысушы әр рудың өз таңбасы болды. Бұл таңбалар құрылтайда мемлекеттік рәміз дәрежесінде бекітілді. Қазақтың негізгі байлығы мал болғаны белгілі. Сондықтан «Жеті жарғы» заңдарына сай әр меншік иесі өз малдарына ен салуға міндеттелді. Сонымен қатар, әр рудың жайылым жер меншігі қатаң белгіленді. «Жеті жарғыда» қылмыстық іс - құқық нормаларына үлкен орын бөлінген. Қылмыс ретіне: кісі өлтіру, мертіктіру, әйелді зорлау, соққыға жығу, қорлау, ұрлық істеу және тағы басқалары жатқан. Кінәлілер жасаған қылмыс деңгейіне сай әртүрлі жазаға кесілген. Бұл жинақта «қанға қан» заңы сақталды. Бірақ билер сотының екі жақ келісуі бойынша жазаны құн төлеумен алмастыруға мүмкіншілігі болған. Құн төлеу төрт жағдайда рәсімделген. Олар: егер әйелі күйеуін өлтірсе және күйеуінің туыстары оны кешірмеген жағдайда, егер әйел некесіз туған баласын өлтірген жағдайда, жұбайлар арасындағы «көзге шөп салушылық» дәлелденген жағдайда және «құдайға тіл тигізгені анықталған жағдайда». Өлім жазасының екі түрі болған: дарға асу және тас лақтыру әрекеттерін қолдану. Жазалаудың ең көп таралған түрі – құн төлеу болған. Қылмыскердің және өлген адамның әлеуметтік жағдайына байланысты құн мөлшері өзгеріп отырған. Мысалы, өлген ер адамның құны 1000 қой болса, әйел адамның құны 500 қой болған. Ал өлген адамның әлеуметтік жағдайы ақсүйек болса құн мөлшері жеті есе өскен, яғни сұлтан немесе қожа тұқымынан өлтірілгендерге жеті адамның құнын төлеген. «Сұлтан» немесе «қожаға» тіл тигізгені үшін 9 мал, қол жұмсағаны үшін 27 мал төленетін болды. Құлдың құны бүркіттің немесе тазы иттің құнымен теңескен. Дене мүшелеріне зақым келтірген қылмыскер де белгілі мөлшерде құн төлеген. Атап айтқанда, бас бармақ – 100 қой, шынашақ 20 қой болған. Ұрлық жасалған кезде ұрланған заттың құны иесіне «үш тоғыз» етіп қайтарылған. Мысалы, ұрланған 100 түйе 300 жылқыға немесе 1000 қойға теңелген. Бұл баптардан біз «Жеті жарғыға» сай қылмыс істеген әр әлеуметтік таптың құқықтары заңдастырылғанын көреміз. «Жеті жарғы» бойынша өлім жазасы мен құн төлеуден басқа жазалар да қолданылған. Мысалы, әкесіне қол жұмсаған ұл баланы қара сиырға теріс отырғызып масқаралаған. Ата-анасына дауысын көтерген қыз баланың жазасын шешесі шешкен. Күйеуін өлтірген екіқабат әйел елден қуылса, христиан дінін қабылдаған адамның мал-мүлкі тәркіленген. Құдайға тіл тигізгендігі жеті адамның куәлігі арқылы анықталған адам таспен атып өлтірілген.6. «Жеті Жарғы» – қазақтың рухани-әлеуметтік болмысының туындысы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет