3. Ғылымда теориялық пен эмпириялық, фундаментальдық пен қолданбалы түрлері
Теориялық əлемде бəрі анықталып, қайшысыз, рационалды ойлаудың пəндік
бірлігі болу қажет. Ал эмпириялық əлемде болу, яғни, көп жағдайда бақылаудан
өтіп қайталанатын пəндік заттар. Олардың арасында логикалық көпір мүмкін емес;
методологиялық тұрғыдан эмпириялық тəжірибеден теория шығады, деп
тұжырымдау қате. Ғылыми теориялар эмпириялық білімнен логикалық
тұрғыдан шықпайды; олар жоғары түрде конструкцияландырылады (түсіну,
түсіндіру, болжау). Яғни, олар ақылдың шығармашылық қызметі арқылы
жасалады. Ғылыми теориялардан эмпириялық тексерілген салдарды шығаруға
болады деген де методологиялық тұрғыдан дұрыс емес. Ғылыми теориялардан
тек теориялық салдар логикалық жолмен шығады, ал логикадан тыс жағы
кейбір эмпириялық пікірлермен идентификацияландырылады.
Интерпретативті пікірлер кентавр түріне ие, себебі, теориялық пен
эмпириялықты қамтиды.
Қорыта айтқанда, теория тəжірибе арқылы өзіндік түрде емес, қосылған
эмпириялық интерпретациямен бірге, сол себепте, тəжірибенің деректерімен
келісім немесе қайшылық, нақты түрде теорияны дəлелдемеді де, жоққа
келтірмейді де. Салдары: теорияның ақиқаттылығы тəжірибемен салыстыру
арқылы шешілмейді.
Ғылыми білімнің метатеориялық деңгейі. Ғылыми білімнің эмпириялық
пен теориялық деңгейлерімен бірге жалпы - метатеориялық деңгейі бар. Ол өзі
екі деңгейден тұрады: 1. жалпы ғылыми білім; 2. ғылымның философиялық
негіздері.
Жалпы ғылыми білім келесі элементтерден тұрады:
1) дүние бейнесінің нақты ғылыми жəне жалпы ғылыми түрлері;
2) нақты ғылыми, жалпы ғылыми гносеологиялық, методологиялық,
логикалық пен гносеологиялық қағидалары. Ғылымның метатеориялық деңгейі
логикалық-математикалық ғылымдарда маңызды: мысалы, өзгеше
пəндер - метаматематика мен металогика қалыптасты.
Ал табиғаттану мен гуманитарлық білімдерде
метатеориялық деңгей нақты ғылыми жəне жалпы ғылыми қағидалар ретінде
болады.
Ғылыми білімнің құрылысында дүниенің нақты ғылыми бейнесі нақты
ғылымның эмпириялық пен теориялық объектілердің үйлесімділігінің
категориялық түрде көрінісі. Ол қалай пайда болады? Ол теориялық пен
эмпириялық танымның жалпылау нəтижесі емес; ол жалпы философиялық
онтологияның нақты түрі. Ал соңғысы жалпы ажырату мен оппозиция
аумағында ақылдың рефлексивті-конструктивті қызметі.
Дүниенің жалпы ғылыми бейнесі - ол бір кезеңде үстемділікке айналған
нақты ғылыми бейненің бірі. Өздерінің нақты ғылыми бейнесі жоқ
ғылымдардың метатеориялық деңгейінің қосымша элементі; мысалы,
табиғаттануда дүниенің классикалық физикалық бейнесі жалпы ғылыми деп
саналатын Ньютонның механикасының онтологиясына негізделген; механицизм
басқа да ғылыми салаларда үстемді болған. Классикалық емес
табиғаттануда жалпы ғылыми бейненің орнына дүниенің физикалық бейнесі
бастама жасаған, оның негізінде ықтималды теория мен кванттық механика
болған.
Сөйтіп, қазіргі жалпы ғылыми бейне философиялық онтологияға
негізделген.
Қорыта айтқанда, ғылыми білімнің құрылысында үш деңгей бар, олар
мазмұндық жəне қызмет тұрғысынан өзгеше: эмпириялық, теориялық жəне
метатеориялық. Бір жағынан, олар өзгеше, екіншіден, ғылыми білім тұтас
болған соң, олар бір-біріне қажетті, толықтыратын түрлер. Осы деңгейлердің
бірлігі мен байланысы ғылыми пəннің əр-қайсысына өзгешелік, тұрақтылық
пен дамуға ықпал етеді.