1 Ғылыми басылым Научное издание ҚР және тмд елдеріндегі ғылым


Әсел Көптілеуқызы КАРИБЖАНОВА



Pdf көрінісі
бет29/71
Дата05.02.2017
өлшемі6,31 Mb.
#3477
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   71

Әсел Көптілеуқызы КАРИБЖАНОВА

Павлодар қаласы химия – биология бағытындағы НЗМ, 

 физика пәні мұғалімі,   

Павлодар қаласы, Қазақстан Республикасы 

 

АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ – 



МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГН ДАМЫТУДЫҢ КЕПІЛІ 

 

Түйін 

Ұсынылып  отырған  мақалада  қазіргі  білім  беру  жүйесіндегі  өзекті  болып 

отырған  мәселенің  бірі  –  физика  сабақтарын  дәстүрлі  емес  әдіс  –  тәсілдер  арқылы, 

ақпаратты – коммуникативті технологияларды қолданып қалай тиімді ұйымдастыруға 

болатындығы  туралы  жазылған.  Қарапайым  компьютер  құралдары  арқылы 

мұғалімдердің  сауаттылығын  арттырумен  қатар,  оқушылардың  танымдылық 

белсенділіктерін арттыру мәселелері қарастырылады. 

 

Күнделікті  өмірді  компьютерсіз  елестету  мүлдем  мүмкін  емес.  Компьютерлер 



тұрмыстық өмірдің барлық саласында кездеседі. Бұл қатарда, әрине білім беру жүйесі 

де шектеп қалған жоқ. Физика курсын оқыту, пәннің өзіндік ерекшелігіне орай қазіргі 

ақпараттық технологияларды тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Қазіргі ақпараттық – 

коммуникативтік технологияларды (АКТ) сабақта қолдану оқыту сапасын арттыруға, 

оқушылардың білім алуға деген қызығушылықтарын дамытуға бағытталған. 

Білім  беру  жүйесінің,  соңын  ішінде  физика  пәнін  оқыту  әдістемесінің 

міндеттерінің  бірі  -  үздіксіз  білім  беру  жағдайында  оқушылардың  ақпараттар 

ағынында дұрыс бағдарлана алу қабілеттерін дамыту болып табылады. Сонымен қоса, 

оқушыларға  танымдылық,  өнегелік,  этикалық  тәрбие  берумен  қатар,  жалпы 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

187 



 

адамзаттық  құндылықтарды  түйсіне  алуға  баулиды.  Осыған  сәйкес  білім  беру 

мақсаттарын  жекелеген  мақсаттармен  нақтылауға  болады:  іс-  әрекет  арқылы 

оқушыларда  ғылымға  жалпы  физика  ғылымына  деген  жағымды  қарым  –  қатынасты 

қалыптастыру;  физикалық  білімге  деген  қызығушылықты  арттыру;  ғылыми  –  құнды 

мақалалар мен өмірдің елеулі  мәселелеріне деген жағымды қарым  – қатынас орнату. 

Физика  ғылымы  -  қазіргі  ғылыми  –  техникалық  прогресстің  негізі  болып  саналады, 

сонымен қатар оқытудың төмендегідей нақты мақсаттарын айқындайды:  ғылым мен 

өндірісте  физика  ғылымының  алатын  орнын  түсіну,  экологиялық  мәдениеттілікті 

тәрбиелеу, физикамен байланысты өнегелік және этикалық мәселелерді түсіну [1, 27б]. 

Қазіргі  таңда  қарқынды  дамудағы  қоғам  білім  беру  жүйесіне  жаңа  міндетер 

қоюда, яғни оқытудың дәстүрлі жүйесін сапалы жаңа білім беру жүйесіне алмастыру;  

жаңа  қоғам  мен  өмірге  бейімделген,  сауатты,  шығармашылықпен  саналы  ойланатын 

тұлғаны  тәрбиелеу  әр  ұстаздың  ұстаздық  міндетінің  бірі.  Жаңа  оқу  –тәрбиелеу 

үрдісінде  оқушылардың  өздігінен  білім  алуы  мен  өзін-өзі  дамытуы  қолға  алынған. 

Осыған  орай,  қазіргі  таңда  оқушыларға  білім  беруде  әр  бала  өзін  –өзі  

шығармашылықпен  дамытуға,  өздігінен  білім  алуға  жағдайлар  жасауда.  Осы 

міндеттерді  шешуде  ең  негізгі  бағытттардың  бірі  оқыту  үрдісіне  АКТ  енгізу.  Бұл 

мақалада,    АКТ  физика  сабақтарында  қолдану  тәжірибемнің  жалыпылама  көрінісі 

ұсынылады.  Әр  ұстазға  АКТ  қолдануда  сауаттылық  қажет  екендігіне  келетін  болсақ, 

қазіргі таңда оқушыларымыз бірқатар ұстаздарға қарағанада компьютерлік техниканы 

жетік  меңгергені  жасырын  емес.  Сондықтан,  ұстаздарымыз  жаңа  өмір  талаптарынан 

шектеліп  қалмай,  техникалық  сауаттылыққа  ұмтылатын  болса,  ұстаздарымыздың 

құзіреттілігінің артуының бір көрінісі деп ойлаймын [2, 12б]. 

Білім  беру  жүйесінде  қолданылатын  техникалық  құралдарды  жіктеуге  болады. 

Бұл жіктелу негізгі өлшемдер арқылы сипатталады. Екі топқа бөліп көрелік. 

Дәстүрлі аналогты техникалық құралдар: 

-

 



аудиоқұралдар  (электрофондар,  магнитофондар,  микрофондар,  дыбыс 

зорайтқыштар, 

акустикалық 

жүйелер, 

диктофондар, 

радиоқабылдағыштар, 

лингафондық құралдар, касеталар, пластинкалар); 

-

 



графикалық  және  фотографикалық  құралдар  (фотоаппарат,  фильмоскоп, 

диапроектор, эпидаскоп, диафильм, слайдтар, пленка бейне қоры); 

-

 

кинопроекциялық техника (кинокамера, кинопроектор, кинопленкалар); 



-

 

видео  және  теледидар  құралдары  (теледидар,  монитор,  телекамера, 



видеокамера, видеомагнитофон, видеоплеер, видеопректорлар, видеокассеталар). 

Сандық техникалық құралдар: 

-

 

аудиоқұралдар  (сандық  диктофондар  және  плеерлер,  сандық  компакт  – 



дисктер); 

-

 



графикалық және фотографикалық құралдар (сандық фотоаппараттар, лазерлік 

және магниттік дисктер, электронды жады карталары); 

-

 

проекциялық техника (мультимедиялық проектор, интерактивті тақта); 



-

 

видео және теледидар құралдары (сандық  видеокамералар, DVD-ойнатқыштар 



және DVD-плеер, лазерлік және магниттік дисктер, электронды жады карталары). 

Техникалық  құралдар білім беруде әртүрлі типтегі  ақпараттарды, мәтін, дыбыс, 

фото және бейнелерді өндеуге толық мүмкіндік береді. Бұл құралдар техникалық және 

технологиялық бағытында өте қиын болуы да мүмкін. Ақпаратты өндеуде компьютер 

әмбебап  құрал  болып  табылады.  Оқытудың  барлық  техникалық  құралдарының 

мүмкіндіктерін компьютер арқылы бір жерге тоғыстыруға болады.  

Компьютердің  дидактикалық  ерекшеліктеріне  тоқталатын  болсақ:  ақпартаттың 

жеткіліктігі,  кеңістік  шектеулерді  жеңе  білуі,  қарастыратын  құбылыстар  мен 

процесстің  мәніне  түсінуге  деген  мүмкіндік,  зерттелетін  құбылыстардың  даму 

деңгейін көрсете алу, нақтылықты бейнелей алу мүмкіндігі [3]. 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

188 



 

АКТ қолдану әрекет деңгейлеріне орай жіктеледі (1-кесте). 

 

Іс-әрекет түрі 



Мұғалімнің іс-әрекеті 

Оқушылардың іс-әрекеті 

Сылбыр әрекет 

Суреттер 

мен 

фотолар 


көрсету. 

Дайын 


интерактивті 

моделдер 

сұлбасын 

көрсету, 

оқушыларға сұрақтар қою 

Мультимедиялық  курстан 

берілген 

мәтіндерді 

экранға  қарап  оқып  шығу. 

Дайын  моделдерді  қарау, 

мұғалімнің 

сұрақтарына 

жауап беру 

Жігерлі әрекет 

Зертханалық 

жұмыс 


ретінде 

интерактивті 

моделдермен жұмыс жасау. 

Тестілеуді ұйымдастыру 

Зертхана 

жұмысын 


орындау,  тест  жұмысын 

орындау  және  есептер 

шығару 

Шығармашылық әрекет  Интерактивті 



моделдер 

және 


моделдеу 

бағдарламасымен 

шығармашылық 

жұмыс 


ұйымдастыру  

Жеке  зерттеу  жұмысы, 

жоба. 

Танымдылық 



қандай да бір өнімді жасап 

шығару 


1-кесте. АКТ қолдану деңгейлері 

Осыған  орай,  қазіргі  таңда,  білім  беру  жүйесінің  талаптарына  сай  бірқатар 

кабинеттер  жаңа  ақпараттық  технологиялық  құралдармен  толық  жабдықталған. 

Кабинеттер  қосымша  proACTIV  board  -  тақталар  (интербелсенді  тақтамен)  берілді. 

Интербелсенді  тақтамен  қосымша  ACTIVOTE  (тест  тапсырмалары  арқылы  тестілеу 

жұмыстарын  жүргізетін  құрал  «тестр»)  және  PASPORT  Xplorer  GLX  (көп 

функциналды  автономды  қолмен  басқарылатын  есептегіш  құрылғы,  GLX  сызбалы 

және  сараптамалы  берілгендер  жиыны,  GLX  бір  уақытта  төрт  PASPORT 

көрсеткіштерімен  жұмыс  жасайды,  берілгендердің  сараптамалар  мен  тапсырмаларын 

орындау  үшін  компьютерлерге  қосуды  талап  етпейді  «джйлекс»)  құрылғылары 

орнатылған. Әртүрлі иллюстративті материалдар, мультимедиялық және интерактивті 

моделдер оқыту үрдісін жаңа бір деңгейге көтереді. Бұл жағдайларды психологиялық 

факторлармен  алмастыруға  болмайды,  себебі  қазіргі  заман  оқушылары  ақпаратты 

кесте,  жазба  плакаттары  арқылы  қабылдағаннан  гөрі,  ақпартты  тез  жылдам  әрі 

қызықты дерек ретінде қабылдауға бейім. Оқушылар интерактивті элементтер арқылы 

білімді  игерудің  белсенді  формасына  көшеді,  кез  келген  құбылыстар  мен  физикалық 

үрдістерді  өздігінен  моделдеуге  мүмкіндік  алады.  Мұндай  әдістер  оқушылардың 

өздігінен  шығармашылықпен  жұмыс  жүргізуге  талпындырады.  Топ  болып,  жұп 

болып,  жеке  дара  бір  тараудың  аяқталуына  орай  қосымша  болып  табылатын 

презантациялар, виртуалды зертхана жұмыстарын құрасытурға болады.  Ал оқушылар 

өз алдында жасаған жұмыстарының қаңық, толық дәйекті болуына талпынады.  

Физика  сабақтарында  АКТ  қолданудың  бірқатар  мысалдарын  қарастырып 

көрелік.  Сабақ  барысында  proACTIV  board  тақтасын  пайдалану  сабақтағы  бірқатар 

жұмыс  түрлерін  жеңілдетеді.  Компьютер  құралдарын  қолдану  дәріс  берудің 

мүкіндіктерін  арттырды.  Дайын  бағдарламлар  арқылы  құбылыстар  мен  физикалық 

үрдістеді  моделдеуге  болады.  Көрсетілімі  қиынға  түсетін  жағдайларды  моделдеп 

беруге  болады.  Компьютерді  оқыту  үрдісіне  тиімді  қолдану  бірнеше  факторларға 

тәуелді,  яғни  техниканың  деңгейі,  қолданатын  бағдарламаның  сапалылығы, 

мұғалімнің қолданатын әдіс –тәсілдері мен компьютерлік сауаттылығына байланысты 

болады.  Физика  –  эксперментті  қажет  етітін  ғылым.  Сондықтан,  оқыту  барысында 

әрқашан  көрсетілім мен зерттеу жұмыстары қатар жүруі қажет. Қазіргі таңда физика 

кабинеттерінде  әртүрлі  көрсетлім  мен  зертханаға  арналған  құралдармен  қатар, 

мультимедиялық проектор мен қажетті есептеу құралдары болуы қажет. Мысалға кез 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

189 



 

келген  тақырып  өту  барысында  физикалық  шама,  шаманың  өлшем  бірлігі,  өлшейтін 

құрал,  қолданылатын  формулаларын,  келтірілген  мысалдарын  алдын  ала  флипчарт 

беттеріне  толық  жазып  қойып,  сабақ  кезінде  тек  дайын  деректі  ашып  көрсету,  сол 

ашық  тұрған  күйінде  оған  өзгерулер  енгізу,  яғни  қалам  көмегімен  өзгерту  енгізу, 

сызғыш,  сағат  құралдарының  дәлдігі  т.б.  сабқты  түсіндіруде  жеңілдіктер  тудырады. 

Мысалы, 8 сыныпта Заттың меншікті жылу сыйымдылығы, Денені қыздыруға қажетті 

немесе  ол  суығанда  бөлінетін  жылу  мөлшерін  есептеу  тақырыбын  өту  барысында: 

массасы  1  кг  заттың  температурасын  1

0

С  –қа  өзгерту  үшін  қажетті  жылу  мөлшерін 



көрсететін  физикалық  шаманы  заттың  меншікті  жылусыйымдылығы  деп  атайды 

деген  анықтаманы,  жылусыйымдылығын  с  әрпімен  белгілейді,  өлшем  бірлігі  



Дж/кг*

0

С,  мысалы  алюминийдің  меншікті  жылусыйымдылығы  920  Дж/кг*

0

С,  ал 

судың  меншікті  жылусыйымдылығы  4200  Дж/кг*



0

С,  жылу  мөлшерін  есептегенде 

Q=cm(t

2

  –  t

1

)  формуласын  пайдаланамыз.  Осы  мәліметті  алдын  –ала  флипчарт  бетіне 

жазып  қойып  сол  жерде  түсіндіре  беруге  болады.  Бұл  мәліметтің  барлығын  сабақ 

түсіндіру  барысында  кәдімгі  тақтаға  бормен  жазып,  сызғышпен  сызып  көрсетіп 

жатқанда  қаншама  уақыт  жоғалтатынбыз  және  кейбір  оқушылар  мұғалім  тақтамен 

жұмыс  жүргізу  барысында  жазу  мүмкіндігі  болмай,  мұғалімнің  тақтадағы  жазуын 

аяқтауын  тосып  отыратын.  Мысал  көрсету  барысында  мұғалімдердің  кей  жерлерде 

қателесіп  кетуі  жиі  кездеседі,  бұл  елеусіз  қателіктер  болса  да,  мұғалімді  жітік 

таңымайтын  оқушыларда  (мысалы  7  сыныпта  физика  жаңа  басталады,  алғашқы 

сабақтарда  оқушы  мұғалімге  деген  сын  көзбен  қарап  отырады)  мұғалімге  деген 

сенімсіздік тудыруы мүмкін. Ал флипчарт арқылы кейбір мысалдарды, қорытылатын 

формулаларды  алдын  –ала  жазып  тек  ашып  көрсету  қолайлы.  Және  құрылған  бір 

сабақты қажетті  өзгертулер енгізіп келесі  параллель сыныптарға да,  алдағы жылдада 

қолдануға болады. Ол компьютерде қажетті уақытқа дейін сақталап тұрады. 

Сабақ  барысында  тест  тапсырмасын  өткізуде,  оны  сол  жерде  тексеріп,  бағасын 

қойып,  жеке  –  жеке  оқушыларға  қандай  сұрақты  білмегендігі  туралы  айтып  жатуға 

уақыт жетпейді. Сондықтан көбінесе, сабақтың соңында тест тапсырмасын бір қағазға 

жазғызып,  оны  сабқтан  соң  тексеріп,  келесі  сабақта  дұрыс  жауабын  және  нәтижесін 

айтып  жатамыз.  Ал,  кейбір  оқушылардың  көбі  алдыңғы  сабақта  қандай  сұрақ 

болғанын  оған  қалай  жауап  бергенің  жітік  еске  түсіре  бермейді.  Сондықтан, 

ACTIVOTE тест тапсырмасын жүргізуде тиімділігі өте жоғары деп санаймын. Физика 

сабағында ACTIVOTE құралын пайдаланудың тиімділігі, біріншіден, бұл тест құралы 

болғандықтан  оқушылардың  білімдерін  тексеріп,  бағалауда  таптырмайтын  бірден  – 

бір  құрал.  Тест  тапсырмасы  алдын  ала  флипчарттың  арнайы  сұрақ  –  жауап  бөліміне 

жазылып қойылады. Тағы бір тиімділігі  оқу жылының басында әр сыныптың базасы 

енгізіледі.  Осы база бойынша сабақтың басында үй тапсырмасын тексеру кезінде, не 

тақырыпты бекіту барысында тест өткізуге болады. Сабақтың басында оқушылардың 

қолына  ACTIVOTE  құралдары  таратылып  беріледі.  РroACTIV  board  тақтасында 

шыққан  тізім  бойынша  оқушылар  өз  аты-жөндерінің  жанында  жазылған  әріптерді 

басып,  енгізу  сілтемелерін  басу  арқылы  жүйеге  енгізіледі.  Тапсырма  дайындап, 

флипчартқа  жазып  алғаннан  кейін,  сұрақтардың  алдын  –ала  дұрыс  жауаптары 

белгілініп және ол сұраққа тиісті уақыт мерзімі беріледі. Тест тапсырмасының бірінші 

сұрағы proACTIV board тақтаға шығады және берілген уақыт шамасы көрсетіледі де, 

мүмкін болатын жауаптар тізбесі беріледі, әдетте бес жауап беріледі де (A, B, C, D, E), 

біреуі  ғана  дұрыс  болады.  Әр  оқушы  қолындағы  құрал  арқылы  өзінің  дұрыс  деген 

жауабын  белгілейді.  Соңында  ол  сұрақтың  дұрыс  жауабы  көрсетіліп,  кімнің  дұрыс, 

кімнің қате жауап бергендігі көрсетіледі. Тест тапсырмасы  не 10 не 12 сұрақтан тұруы 

мүмкін, ол тақырыптың көлеміне байланысты болады. Барлық сұрақтар аяқталған соң, 

әр  оқушының  қанша  ұпай  жинағаны  және  оның  пайыздық  өлшемі  көрсетіледі.  Ал 

оқушыларға  алдын  ала  әр  тақырыпқа  байланысты  бағалау  сынымасын  айтып  қоюға 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

190 



 

болады.  Мысалы,  7  сыныптардың  қозғалыс  тарауы  бойынша  тарауды 

қорытындылайтын тест тапсырмасының сынымасы 90-100 пайыз – «5» деген баға, 80-

90 пайыз – «4» деген баға, 70-80 пайыз – «3» деген баға, 70 тен төмен «2» деген баға 

деп  алдын  ала  таныстырып  қойып,  тест  тапсырмасы  аяқталған  соң  әркімнің  тиісті 

бағасын  қоямын,  және  ол  мәліметті  арнайы  «жауап»  папкасында  сақтап,  мүмкін 

болған  жағдайда  сол  жерде  қағаз  бетіне  шығарып  алып,  журнал  ретінде  бір  папкаға 

тіркеуге болады. 

Сонымен  қатар,  компьютерлік  моделдеу  оқу  әрекетінің  дәстүрлі  емес  түрін 

ұйымдастыруға  мүмкіндік  береді.  Мынындай  мысал  қарастыралық:  «Фотоэффект» 

тақырыбы  бойынша  11  сыныптарда  зерттеу  –  сабағы.  Оқушыларға      өздігінен 

фототоктың  түскен  сәуле  жиілігіне  тәуелділігін  зерттеу  жүргізу  ұсынылады.  Зерттеу 

жұмысы  компьютерде  жүргізіледі.  Компьютерлік  моделді  пайдаланып,  қажетті 

нәтижелерді алу ұсынылады. Баршамызға белгілі «Физика в картинках» бағдарламасы 

аздаған уақыт мезетінде осындай зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл 

жағдайдарда оқушылар өздігінен шығармашылықпен жұмыс жүргізу барысында білім 

алуға талпынады, ал мұғалім тек бағыттаушы, жетелеушінің рөлін атқарады [4].  

Физика  сабағында  оқушылардың  танымдық  белсенділіктерін  арттыру  үшін, 

тәжрибелік  сабақпен  қоса,  зертханалық  сабақты  дұрыс  жүргүзудің  де  маңызы  зор. 

Зертханалық  сабақ  жыл  көлемінде  арнайы  бағдарлама  бойынша  не  бір  тоқсанда  бір 

рет, не үш рет өткізіле береді (әр сыныптың күнтізбелік жоспары мен бағдарламасына 

сай).  Зертханалық  жұмыс  жүргізуде  барлық  қажетті  құрал  –  жабдықтардың  әр  топ 

оқушыларына жетіспеушілігі және жеткен жағдайда олардың бірқатарының жарамды 

мерзімдеренің  өткендігі  қиындық  тударады.  Зертханалық  жұмыстарды  орындауда 

оқушылар  жеке  дәптерге,  жасалатын  зертханалық  жұмыстың  тақырыбы,  мақсаты, 

құрал  –жабдықтары,  суреті,  кестесін  сызып,  суретке  қарап  құралдарды  жинақтап, 

оның дұрыс іске қосылуын қадағалап көп уақыт шығындайды. Ал, PASPORT Xplorer 

GLX құралы арқылы зертханалық жұмыс жүргізу барысында уақытты тиімді үнемдеп, 

үнемделдген  уақытты  тағы  қарма-қайшы  келетін  жағдайды  қарастырып  көріп, 

сараптама  жасауға  жіберген  тиімді.  Зертхана  жұмысын  жасар  алдында  оқушыларға 

зертханалық  жұмыс  парағы  таратылады.  Парақта  зертханалық  жұмыс  тақырыбы, 

мақсаты,  кестесі  және  әр  топтың  есептеу  жүргізетін,  қортынды  жазатын  бос  орын 

қалдырылып  кетеді.  Әр  топ  өзіне  берілген  PASPORT  Xplorer  GLX  құралын  алып, 

қажетті сенсорларды бекітіп, жадысындағы қажетті зертханалық жұмыстың мәліметін 

ашады.  Мәліметке  өлшейтін  шамаларды  белгілейді,  өлшем  бірліктерін  енгізеді. 

PASPORT  Xplorer  GLX  автоматты  болғандықтан  өзі  өлшеп  дайын  мәліметті  кестеге 

тек тіркеп отырады. Есептелу де арнайы енгізілген формулаға байланысты автоматты 

түрде жүргізіледі.  Тәуелділік графигі  0,01 дәлдікпен сызылып  көрсетіледі.  PASPORT 

Xplorer  GLX  құралына  төрт  бірдей  сенсор  қосып  жұмыс  жүргізуге  болады.  Барлығы 

бір  жерде  компьютермен  басқарылуы  мүмкін  немесе  компьютерге  қосусыз  да 

жұмыстар  жүргізуге  болады.  Зертханалық  жұмыс  аяқталған  соң,  оқушылар  өз 

құралдырына  жұмысты  сақтап  немесе  электронды  нұсқасын  ортақ  папкаға  саылып, 

мұғалімнің жұмыс папкасына салады. Мұғалім сол папкадағы мәліметті тексере келе 

әр топтың жұмысты қалай орындағандығына баға бере алады. Техникалық құралдарды 

пайдаланып 

зертханалық 

жұмыстарды 

жасау 


барысында 

оқушылардың 

қызығушылақтары  артып,  танымдылық  белсенділіктері  дамиды.  Мысалға,  «Дененің 

көлбеу  жазықтығымен  қозғалғандағы  үдеуін  анықтау»  тақырыбына  зертханалық 

жұмысты  орындауда  PASPORT  Xplorer  GLX,  PASPORT  қозғалыс  сенсоры,  1,2  м 

PASСО  трек,  GOcar  қажет.  Берілген  үлгімен  құралды  жинақтаймыз.  GLX  арқылы 

алғашқы  мәліметтерді  жазып  алып,  (бір  оқушы  GLX  сызба  нұсқаларын  дәлдеуге 

жауап  берсе,  екінші  оқушы  орнатылған  арбашаға  жауап  берсе  жеңіл  болады)  трек 

бойымен  түсетін  және  көтерілетін  арбашаның  үдеуін  анықтайды.  Зертханалық 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

191 



 

жұмыстарды жаңартылған құралдар көмегімен басқаруда оқушылар өздерін кішігірім 

зерттеушілер  ретінде  сезініп,  өздеріне  жүктелген  тапсырмаларға  мұқият  болуға 

тырысады.  Бұл  да  оқушылардың  танымдылық  белсенділігін  арттырудың  бірден  –бір 

жолы. 

Осы  жоғарыда  қарастырылған  материалдардың  барлығының  тоғысуы 



электронды  оқыту  құралдарында  жинақталған.  Электронды  оқыту  құралдарының 

тиімділігі,  көп  материалдың  бір  жерге  шоғырланып,  жүйеленуі,  ол  мұғалім  үшін 

таптырмас  құрал  болып  табылады.  Сабақтарымда  оқу  –  әдістемелік  сипатындағы 

бірқатар электронды оқулықтарды пайдаланамын. Бірақта, ол оқулықтардың кейбіреуі 

оқу  материалының  мазмұнына,  сынып  ерекшеліктеріне  сай  болмай  жататындығы  да 

шыңдық.  Сондықтан,  оны  толығымен  қолданамын  деп  айта  алмаймын,  кейбір 

жекелеген  тақырыптар  мен  оқуышларға  тест  жұмыстарын  өткізгенде  және  т.с.с. 

пайдалану тиімді. 

Бір сөзбен айтқанда, сабақта оқушы белсенділігін арттыру – оларды терең білім 

алуға,  танымдық  қабілетін  дамытуға,  шығармашылық  жұмыс  жасауға  ұмтылдырады. 

Ал, АКТ қолдану әр мұғалімнің сауаттылығы мен құзыреттілігін дамытады. 

Сонымен, 

оқушының 

пәнге 


деген 

қызығушылығының 

артуы 

және 


белсенділігінің дамуы пән бойынша білім сапасының нәтижесінде көрініс береді. 

 

Әдебиеттер: 

1.

 

Дворецкая А. В. О месте компьютерной обучающей программы в когнитивной 



образовательной технологии. – Педагогические технологии. №2, 2007. 

2.

 



Сериков  В.  В.  Проектная  деятельность  как  средство  формирования 

профессиональной  компетентности  специалиста/  В.  В.  Сериков  //Организация 

проектной деятельности в образовательном пространстве колледжа. – Волгоград, 2008. 

Аннотация 

В  данной  статье  идет  речь  о  необходимости  проведения  уроков  физики  в 

оригинальной, 

нетрадиционной 

форме, 

о 

применении 



информационно-

коммуникационных  технологий  на  таких  уроках.  Используя  ИКТ  можно  не  только 

повысить  компьютерную  образованность  учителей,  но  и  активизировать 

познавательную активность учащихся. 

 

 

Дина Акимкуловна КАСЫМОВА, 



«№58 Жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, бастауыш сынып мұғалімі, 

Қарағанды қаласы, Қазақстан Республикасы 

 

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР МЕН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ  



ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН, БЕЛСЕНДІЛІГІН  

АРТТЫРУ ЖӘНЕ  ІЗДЕНУШІЛІГІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ 

 

Түйін 

 

Мақалада ақпараттық технологияның жаңа әдіс-тәсілдері қарастырылған.Автор 



үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді  болуы ғана емес, білімді  өздігінен алуы және 

алған білімдерін қажетіне қолдану білу болып табылады. Бүгінгі бала  – ертенгі жаңа 

әлем.  Сондықтан  да  ақпараттық  ортада    өз  ойын  жүйелі  түрде  жүзеге  асыратын  

коммуникативті  және  ақпараттық  мәдениеті  дамыған,  интерактивтік  тақтаны 

пайдалана  алатын,  Он-Line    режимінде  жұмыс  жасай  алатын  тұлғаны  қалыптастыру 

қажет. 


 

ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет