1 Ғылыми басылым Научное издание ҚР және тмд елдеріндегі ғылым



Pdf көрінісі
бет53/71
Дата05.02.2017
өлшемі6,31 Mb.
#3477
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   71

 

 

333 



 

Орыс  тілінде  сөз  тудырушы,  форма  тудырушы  қосымша  морфемалардың  бірі 

ретінде  сөз  алды  қосымша  (префикстер)  аталады.  Префикс  дегеніміз  түбірдің  алдында 

тұратын  сөзтудырушы,  форматудырушы  морфема.  Мысалы:  вы-ход;  делать  –  с-



делать  т.б.  Орыс  тілінде  сөз  алды  қосымшалар  (префикстер)  кейде  сөздің 

грамматикалық, лексикалық мағынасын да өзгертеді. Мысалы: на-писал, пере-писал т. 

б. 

Ал  қазақ  тілінде  сөз  алды  қосымшасы  жоқ,  тек  кірме  сөздерде  -на,  -би,  -бей-  



сияқты  сөз  алды  қосымшалары  кездеседі  және  олар  тек  болымсыздық  мағынаны 

білдіреді:  беймаза,  бейшара,  бейтарап,  нахақ,  наразы  т.б.  Бірақ  префикс  қызметін 

атқармайды.  Иран  тілдерінен  енген  сөздердің  құрамында  бөлшектенбейтін  біртұтас 

тұлға ретінде қолданылады. 

Жалғаудан  кейін  тұратын  қосымшалар  постфикстер  деп  аталады.  Оларға 

аффиксоидтер  мен  интерфикстер  жатады.  Орыс  тілінде  сөз  тудыру  функциясын 

атқаратын  аффикстер  мен  түбір  морфемадан  ерекшеленетін,  түбірден  кейін  де, 

түбірдің алдында да тұратын аффиксоид деп аталатын сөз бөлшектері бар, оған  -полу, 



-горе,  -стан  сияқты  элементтер  жатады.  Мысалы:  Казах-стан,  горе-ученый,  полу-мера, 

полусырой т.б. 

Интерфикс  деп  күрделі,  біріккен  сөздерді  қосып  тұратын  дауысты  дыбыстар 

(сирек 

болса 


да 

дауыссыз 

да 

болуы 


мүмкін) 

аталады. 

Мысалы,                                    

лес-о-руб, тепл-о-ход, земл-е-делие, старш-е-классник, темиртау-е-ец т.т. 

Сонымен,  салғастырылып  отырған  қазақ  және  орыс  тілдері  жүйесі  бөлек 

тілдерге  жататындықтан,  сөздік  құрамдағы  элементтердің  қолданысында  көптеген 

айырмашылықтар  кездеседі.  Сондай-ақ  сөзжасам  және  морфологияда  талғаусыз 

қолданылып  жүрген  негіз  термині  морфология  саласында  емес,  сөзжасам  саласында 

ғылыми  айналыста  тұрақтандыру  қажет.  Ал  түбір  термині  морфологияда  болмаса, 

сөзжасам саласының табиғатына сай келмейтіні сөзсіз.  

Тілдердегі сөздердің сыртқы формаларына және сөздерінің өзгеру түрлері мен 

амал-тәсілдеріне  қарай    жіктелуі  тұрғысынан  табиғаты  бөлек  қазақ  және  орыс 

тілдерінде басқа да айырмашылықтар мен өзгешеліктер барОның үстіне ұқсастық пен 

айырмашылықтар шығу тегі жағынан әр басқа тілдердің ішінде де кездеседі, яғни бір 

негізден  тараған  туыстас  тілдердің  арасында  ғана  емес,  әр  басқа  негізден  тараған 

тілдердің арасында да бола беруі мүмкін. 

 

Әдебиеттер: 

1.  Пірімбетов  Т.Т.  Туынды  сөз  (түрлері)  –  сөзжасам  саласының  өзекті  мәселесі  / 

Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы. – №4. – 2013. – Б. 3-9. 

2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Ана тілі. 1991. – 384 б. 

3. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы, 2002. – 218 б. 

4.  Қазақ грамматикасы. – Астана: Елорда,  2002. – 784 б. 

5. Русская грамматика. – М: Наука, 1980. 

Аннотация 

В  статье    автор    делает    сравнительный    анализ  состава  слова  в  казахском    и 

русском  языках.  Затрагивает  важные    проблемы  состава  слова  и  морфологии,  общие 

вопросы основы и корня в  двух  языках. 

В  процессе  сравнительного  анализа    автор  показывает  особенности  применения 

приставки,  корня,  суффикса,  аффикса,  префикса,  постфикса.  Автор    на  конкретных 

примерах показывает общие и отличительные  моменты,особенности их применения в 

русском и казахском  языках. 

 

 

 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

334 



 

Жанар Мурзагалиевна САУМЕНОВА, 

№ 51 гимназия, ағылшын тіл пәні мұғалімі 

Ақтөбе қаласы, Қазақстан Республикасы 

 

Наия Ганиевна СУЛТАНГЕРЕЕВА 

№ 51 гимназия, ағылшын тіл пәні мұғалімі 

Ақтөбе қаласы, Қазақстан Республикасы 

 

 ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ 

 

                                                   Түйін 

Бiлiм  беру  жүйесi  қоғамның  әлеуметтiк  –  экономикалық  дамуында  жетекшi 

роль атқарады, сондай  – ақ оны әрi  қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, 

дамуының  жалпы  шарттары  философияның  негiзгi  мәселесi  –  рухтың  материяға, 

сананың  болмысқа  қатынасы  тұрғысынан  зерттелетiн  iлiм  таным  теориясы  деп 

аталады.  Таным  теориясының  басқа  ғылыми  теориялардан  түбiрлi  айырмашылығы  – 

ол  бiлiмнiң  қалыптасуы  мен  негiзделуiнiң  жалпы  ұстанымдарын,  объективтiк 

қатынастарды қалыптастырады. 

Мектеп  –  үйрететін  орта,  оның  жүрегі  -  мұғалім.  Ізденімпаз  мұғалімнің 

шығармашылығындағы  ерекше  тұс  -  оның  сабақты  түрлендіріп,  тұлғаның  жүрегіне 

жол  таба  білуі.    Осы  айтылғандарды  жинақтай  келіп,  жаңа  формация  мұғалімі-

рефлексияға  қабілетті,  өзін-өзі  жүзеге  асыруға  талпынған  әдіснамалық,  зерттеушілік, 

дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және 

тағы  басқа  құзыреттіліктердің  жоғары  деңгейімен  сипатталатын  рухани-

адамгершілікті, азаматтық  жауапты,  белсенді,  сауатты,  шығармашыл тұлға ретінде 

ролі мықты болуға тиіс. 

                                       Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда                             



                                       ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның  

                                     мұғалімдігі де жойылады.                

К.Д.Ушинский. 

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі 

деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі 

ұйымдастыру  құқықтық  формадағы,  типтегі  және  түрдегі  білім  беру  мекемелерінде 

іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің 

жиыны.  Бiлiм  беру  жүйесi  қоғамның  әлеуметтiк  –  экономикалық  дамуында  жетекшi 

роль атқарады, сондай  – ақ оны әрi  қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, 

дамуының  жалпы  шарттары  философияның  негiзгi  мәселесi  –  рухтың  материяға, 

сананың  болмысқа  қатынасы  тұрғысынан  зерттелетiн  iлiм  таным  теориясы  деп 

аталады.  Таным  теориясының  басқа  ғылыми  теориялардан  түбiрлi  айырмашылығы  – 

ол  бiлiмнiң  қалыптасуы  мен  негiзделуiнiң  жалпы  ұстанымдарын,  объективтiк 

қатынастарды қалыптастырады. 

 

Орыс  педагогі  К.Д.Ушинский  айтқандай,  қазіргі  заман  талабына  сай,  әр 



мұғалім,  өз  білімін  жетілдіріп,  ескі  бірсарынды  сабақтардан  гөрі,  жаңа  талапқа  сай 

инновациялық  технологияларды  өз  сабақтарында  күнделікті  пайдаланса,  сабақ 

тартымды  да,  мәнді,  қонымды,  тиімді  болары  сөзсіз.  Бұл  жөнінде  Қазақстан 

Республикасы  «Білім  туралы»  Заңының  8-бабында  «Білім  беру  жүйесінің  басты 

міндеттерінің  бірі  –  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді 

ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап 

көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай:  «Болашақта өркениетті 

дамыған  елдердің  қатарына  ену  үшін  заман  талабына  сай  білім  қажет.  Қазақстанды 

дамыған  50  елдің  қатарына  жеткізетін,  терезесін  тең  ететін  –  білім».  Сондықтан, 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

335 



 

қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру 

мәселесін  қойып  отыр.  Оқытудың  әртүрлі  технологиялары  сарапталып,  жаңашыл 

педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. 



 

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты.  Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - 

бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп  – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. 

Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, 

тұлғаның  жүрегіне  жол  таба  білуі.  Ұстаз  атана  білу,  оны  қадір  тұту,  қастерлеу, 

арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, 

мектебін  шексіз  сүйетін  адам.  Өзгермелі  қоғамдағы  жаңа  формация  мұғалімі  – 

педагогикалық  құралдардың  барлығын  меңгерген,  тұрақты  өзін-өзі  жетілдіруге 

талпынған,  рухани  дамыған,  толысқан  шығармашыл  тұлға  құзыреті.  Жаңа  формация 

мұғалімі  табысы,  біліктері  арқылы  қалыптасады,  дамиды.  Нарық  жағдайындағы 

мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары 

болуы,  кәсіби  шеберлігі,  әдістемелік  жұмыстағы  шеберлігі.    Осы  айтылғандарды 

жинақтай  келіп,  жаңа  формация  мұғалімі-рефлексияға  қабілетті,  өзін-өзі  жүзеге 

асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік 

тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары 

деңгейімен  сипатталатын  рухани-  адамгершілікті,  азаматтық    жауапты,    белсенді,  

сауатты,    шығармашыл  тұлға.    Нәтижеге  бағытталған  білім  моделі  мен  басқарудың 

жаңа  парадигмасы  аясында  жекелеген  ұғымдар  мен  нормаларды  және  тиімді 

педагогикалық  технологияларды  меңгеру  үшін  педагогтардың  кәсіби  мәдениетін 

дамытуға  бағытталған  оқу  қажеттіліктері  туындылап  отыр.    Біліктілік  арттыру 

жүйесінде  педагогтардың  оқу  қажеттіліктері  нақты  білімнің  мәнін  түсінуге,  соның 

нәтижесінде  өзіндік  іс-әрекетке  енуге  және  жеке  өміріндегі  тәжірибені  жетілдіру 

мақсаттарына  байланысты  қалыптасады.  Осы  заманғы  мұғалім  оқуға  үлкен 

потенциалдық  мүмкіндіктермен  келеді.    Сондықтан,  олардың  функционалдық 

сауаттылықтарын  кәсіби  шеберлікпен  ұштастыру  үшін  нәтижеге  бағытталған  білім 

беру  үлгісінде  мақсатты  түрде  білім  беретін,  қалыптастыратын,  дамытатын 

андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және 

кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы 

адамдардың  жалпы  мәдениеті  мен  әлеуметтік  белсенділікті  дамытуға  бағытталған 

танымдық  іс-әрекетке  ынталандыру  үшін  білім  беру.  Қазіргі  білім  беру  парадигмасы 

«білікті  адамға»  бағытталған  білімнен  «мәдениет  адамына»  бағытталған  білімге 

көшуді  көздейді.  Бұл  білім  беру  жаңаша  ұйымдастыру-  оның  философиялық, 

психологиялық, педагогикалық  негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта 

қарауды қажет етеді. Сондықтан, бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін 

тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр. 

Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» 

дегендей  оқыту  процесін  технологияландыру,  осыған  сәйкес  оқу  бағдармаларын 

жасау,  ғалымдар  мен  жаңашыл  педагогтардың  еңбектерімен  танысу  жұмыстары 

мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың 

негізгі  мәні  пассивті  оқыту  түрінен  активті  оқытуға  көшу  оқу  танымын 

ұйымдастырудағы  бастамашылдығына  жағдай  туғызу,  субьективтік  позицияны 

қалыптастыру.  Білім  сапасын  арттыру  және  нәтижеге  бағытталған  үлгіге  беталуы 

барысында  мұғалімдер  мемлекеттік  стандарт  берілген  нәтижелерге  жетуде  кәсіби 

шеберлікпен  меңгерген  зерттеу  біліктері  мен  дағдылары  нәтижесінде  проблеманың 

шешімін  таба  алатын,  ақпараттық  –  коммуникативті  мәдениеті  жоғары  тұлғалық  - 

дамытушылық  функцияны  атқарады.  Қазіргі  заман  адамның  осы  құзыреттілікті 

меңгере  отырып  тек  «кәсіби  икемділігін  оңтайландыруды  қамтамасыз  ету  ғана  емес,  

іске  асырылу  мүмкіндігін  «үнемі  оқып  –  үйрену  және  өзін-өзі  жасау  талабын 

қалыптастыра алады. 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

336 



 

Қазақстандағы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 

мемлекеттік  бағдарламасы  жобасында  Қазақстанда  оқитындарды  сапалы  біліммен 

қамтамасыз  етіп,  халықаралық  рейтингілердегі  білім  көрсеткішінің  жақсаруы  мен 

қазақстандық  білім  беру  жүйесінің  тартымдылығын  арттыру  үшін,  ең  алдымен, 

педагог  кадрлардың  мәртебесін  арттыру,  олардың  бүкіл  қызметі  бойына  мансаптық 

өсуі,  оқытылуы  және  кәсіби  біліктілігін  дамытуды  қамтамасыз  ету,  сондай-  ақ 

педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне 

үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі 

реформалар  мен  сыңдарлы  саясаттар,  өзгерістер  мен  жаңалықтар  әрбір  педагог 

қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, 

жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, 

білімнің  сапалы  да  саналы  түрде  берілуі  білім  беру  жүйесіндегі  педагогтердің, 

зиялылар  қауымының  деңгейіне  байланысты.  Дәстүрлі  білім  беру  жүйесінде  білікті 

мамандар  даярлаушы  кәсіби  білім  беретін  оқу  орындарының  басты  мақсаты  – 

мамандықтарды  игерту  ғана  болса,  ал  қазір  әлемдік  білім  кеңестігіне  ене  отырып, 

басекеге  қабілетті  тұлға  дайындау  үшін  адамның  құзырлылық  қабілетіне  сүйену 

арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті 

мәселелердің  бірі.  Жалпы  алғанда  «құзырлылық»  ұғымы  жайлы  ғалым 

К.Құдайбергенова  «Құзырлылық  ұғымы  –  соңғы  жылдары  педагогика  саласында 

тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған 

ұғым.  Құзырлылықтың  латын  тілінен  аудармасы  «сомпетенс»  белгілі  сала  бойынша  

жан  –  жақты  хабардар  білгір  деген  мағынаны  қамти  отырып, қандай  да  бір  сұрақтар 

төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді. Бұл 

жайлы  Б.Тұрғанбаева  «...  өзінің  практикалық  әрекеті  арқылы  алған  білімдерін  өз 

өмірлік  мәселелерін  шешуде  қолдана  алуын  –  құзырлылықтар  деп  атаймыз  »  деп 

анықтаса,    Ресей  ғалымы  Н.Кузьминаның  көзқарасы  бойынша,  «Құзырлылық 

дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның  дамуына негіз бола алатын  білімділігі 

мен абыройлығы ». 

Латын  тіліндегі  «компетенс»  сөзін  ғалым                К.  Құдайбергенова 

«Құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез-құлқын, ең бастысы тұлға 

мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық 

аша  алады.  Олай  болса,  құзырлылық,  нәтижеге  бағдарланған  жаңа  білім  беру 

жүйесінің  сапалық  критерийі  ретінде  әлеуметтік  және  өмірлік  көзқарастарды  есепке 

алу  қажет»  деп  жазса,    Б.Тұрғанбаева  «Құзырлылыққа  бағытталған  оқыту  үрдісінде 

тәжірибелік  жолмен  мәселені  шешу  мүмкіндігі  молаяды.  Осы  жағдай  біліктілікті 

арттырудағы  екінші  үлгіге  көшірудің  негізі  бола  алады.  Өйткені,  құзырлылыққа 

бағытталған  үлгіде  білім    алушылардың  өздерін  ұйымдастыру  -  басты  мақсаты»  деп 

көрсетеді.  Қ.Құдайбергенова  «Құзырды  әртүрлі  кенеттен  болған  ситуацияларда 

мәселелерді  шешу  үшін  қажетті  білімді  немесе  әрекетті  көрсете  білу  қабілеті,  білім 

мен  өмірлік  ситуация  арасындағы  байланысты  орнату  мүмкіндігі  ретінде,  ал 

құзырлылықты адамның өзіндік деңгейіне, даралық қасиеттеріне тікелей байланысты 

тұлғалық,  теориялық,  практикалық  өлшеу  дәрежесі  жоғары  деңгейде  кіріктірілген 

құрылым    ретінде    қарастыру  ұсынылады»  деген  тоқтам  жасайды.  Психологтер  де, 

педагогтер  де  адамның  рухани  интеллектуалдық,  кәсіби  шығармашылықпен  өзін-өзі 

дамытуы  өмірінің  әр  кезеңінде  әр  қалай  деп  көрсетеді.  Мысалы,  ұлы  педагогтер  А. 

Дистерверг,    К.  Ушинский  А.Макаренко,  В.  Сухомлинский,  т.б  мұғалімдік  еңбекті 

адамтану  ғылымы,  адамның  жан  дүниесі  ,  рухани  әлеміне  бойлай  алу  өнері  дей 

отырып,  педагогикалық  шеберліктің  дамуына  зор  үлес  қосқан.  Осы  тұрғыдан  алып 

қарағанда  педагогикалық  шеберлік-кәсіби  әрекетті  жоғары  деңгейге  көтеретін 

мұғалімнің жеке қасиеттерінің , оның білімі мен білігінің жүйесі. Осы мәселені терең 

зерттеген  А.Маркова  мұғалімнің  кәсіби  деңгейге  көтерілуінің  төмендегідей 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

337 



 

психологиялық  критерийлерін  анықтаған.  Обьективті  критерийлер.  Мұғалімнің  өз 

мамандығына қаншалықты сәйкес әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі. 

Жоғары еңбек көрсеткіші, әртүрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері, 

т.б  жататындығын  атап  өтеді.  Оқушылардың  білімділік  және  тәрбиелік  деңгейі 

шешуші  дәрежеде  мұғалімге,  ата-анаға  және  қоғам  қауымдастығына  жүргізілген 

жұмыстарға,  ізденісіне  байланысты.  Педагогика  ғылымында  баланы  оқыту  мен 

тәрбиелеудің  мақсаты  –  жан-жақты  дамыған  жеке  тұлға  қалыптастыру  болса, 

оқытудағы негізгі  мақсат  - өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. 

Жеке  тұлғаның  дамуында  маңызды  роль  атқаратын  оқушының  өз  бетінше  жұмысын 

тиімді ұйымдастыра білу; сол арқылы материалды саналы меңгертудің жүйесін жасау; 

оқушының түрлі дара қабілеттерін арттыру. 

Өз бетінше жұмыс қазіргі жеке тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеуде, білім 

берудің  приоритетін  түбегейлі  өзгертуде,  яғни  бұрынғыша  оқушыны  пәндік  білім, 

біліктердің  белгілі  бір  жиынтығымен  қаруландыруды  түбегейлі  өзгертуде.  Өзіндік 

жұмыстың  негізгі  мақсаты  оқушылардың  танымдық  міндеттерін  қалыптастыру, 

шығармашылық  қабілеттері  мен  қызығушылығын  жетілдіру,  білімге  қүштарлығын 

ояту.  Мұғалім  сабақта  әдіс  -  тәсілдерді  пайдалана  отырып,  балалардың  ұсыныс  - 

пікірлерін  еркін  айтқызып,  ойларын  ұштауға  және  өздеріне  деген  сенімін  арттыруға 

мүмкіндік  туғызып  отыру  қажет.  Әдіс  –  тәсілдер  арқылы  өткізген  әрбір  сабақ 

оқушылардың  ойлануына  және  қиялына  негізделіп  келеді,  баланың  тереңде  жатқан 

ойын  дамытып  оларды  сөйлетуге  үйретеді.  Түрлі  әдістемелік  тәсілдер  пайдалану 

арқылы  қабілеті  әртүрлі  балардың  ортасынан  қабілеті  жоғары  баланы  іздеп,  онымен 

жұмыс жасау, оны жан - жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін 

бақылап отыру әрбір мұғалімнің міндеті. 

Жаңа  технологияны  меңгеруде  мұғалімнің  жан  –  жақты,  білімі  қажет.  Қазіргі 



мұғалім: 

Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын,  педагогикалық өзгерістерге тез 

төселетін, жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын, жаңа педагогикалық технологияның 

ерекшеліктері  –  өсіп  келе  жатқан  жеке  тұлғаны  жан–жақты  дамыту.  Инновациялық 

білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге 

әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен 

білім іздейтін жеке тұрға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. 

Қазіргі оқушы:   дүниетаным қабілеті жоғары, дарынды, өнерпаз, іздемпаз, талапты, 

өз  алдына  мақсат  қоя  білу  керек.    Отбасының  жетекшілік  маңызы  онда  тәрбиеленіп 

жатқан  адамның  тән-дене  және  рухани  дамуына  әсер  етуші  ықпалдар  мәні  мен 

мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді. Ата-ананың ұйымдастыру және бағыттаушы 

ролін,  ата-анамен  бала  арасындағы  өзара  қатынастың  сипатын,  бала  тәрбиесіне  әсер 

ететін жанұяның мақсатты адамгершілік бағыттарын, баланың жанұядағы араласатын 

іс-әрекетінің  алуан  түрлілігін,  ата-ананың  тәрбие  құралдарын,  тәсілдерін,  әдістерін 

пайдалана алу қабілеттерін, баланың белсенділігінің дәрежесін көруге болады.   Ата-

ана арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы, балалардың арасындағы өзара қатынас 

педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері болып табылады. 

Тәуелсіз  ел  тірегі  –  білімді  ұрпақ  десек,  жаңа  дәуірдің  күн  тәртібінде  тұрған 

мәселе  –  білім  беру,  ғылымды  дамыту.  Өркениет  біткеннің  өзегі,сғылым,  тәрбие 

екендігіне  ешкімнің  таласы  жоқ.  Осы  орайда  білім  ордасы  –  мектеп,  ал  мектептің 

жаны  –  мұғалімдердің  басты  міндеті  -  өз  ұлтының  тарихын,  мәдениетін,  тілін 

қастерлей  және  оны  жалпы  азаматтық  деңгейдегі  рухани  құндылықтарға  ұштастыра 

білетін  тұлға  тәрбиелеу.    Бәрімізге  белгілі,  біздің  қоғам  аса  күрделі  жағдайларды 

бастан  кешірді.  Өтпелі  кезеңге  тән  өмірдің  ауыртпалықтарын  ешкім  жоққа  шығара 

алмайды. Бірақ адам қандай жағдайда да өзінің биік адамгершілік сипаттарын, кісілік 

қасиеттерін сақтап қалуға тиіс. Тәрбиенің осы жақтарын қазақ жастарының санасына 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

338 



 

кішкентайынан  терең  енгізу  қажет.  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы» 

Заңында  да  мектеп  оқушылары  бойында  адамгершілік  және  тұрмыс  негіздерін 

қалыптастыру,  азаматтыққа  тәрбиелеу  және  олардың  ақыл  –  ойын  айқындау  басты 

міндет  екендігі  айтылған.  Олай  болса,  қоғам  болашағы-  жас  ұрпақтың  бойына 

адамгершілік,  ізгілік,  мейірімділік,  ақыл-ой,  сана-сезім  қалыптастыратын  салауатты 

тәрбие беру мазмұнын жаңаша құру қажет. Осы орайда, «Сабақ беру – үйреншікті жай 

шеберлік  емес,  ол  –  үнемі  жаңадан  жаңаны  табатын  өнер»  деген,  Жүсіпбек 

Аймауытовтың  сөзін  айта  кету  артық  болмас.    Егеменді  еліміздің  ең  басты  мақсаты 

өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, 

рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол 

жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға  қалыптастыру болып табылады.  Рухани 

бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі - тіл байлығы, өз 

ойын  нақты,  терең  мағыналы  әрі  көркем  жеткізе  білетін,  шешен  де  ойлы  сөйлей 

білетін,  Абайша  сөйлегенде  сөзі  жүрекке  жылы  тиетін,  сөз  құдіретін  игерген 

адамдарда  да  тұлғалық  қасиет  болады.  Рухани  адамгершілікке  тәрбиелеудің  басты 

мақсаты  оқушылардың  белсенді  өмірлік  жолын,  қоғамдық  борышқа  саналы 

көзқарасын,  сөз  бен  істің  бірлігін  қамтамасыз  етіп,  адамгершілік  нормаларынан 

ауытқушыларға  жол  бермеуді  қалыптастыру  болып  табылады.  Сынып  жетекшісінің 

ата-аналармен  өзара  іс-әрекетінің  ерекшеліктерін  Д.Ушинский  айтқандай,  «Мұғалім 

тек өз пәнінен сабақ беріп қана қоймауы керек, сонымен қатар тәрбиеші адал, әділетті, 

шыншыл адам болуы керек». Олай болса, әр мұғалім сабаққа қойған үш мақсатының 

үшеуіне де жетіп, білім мен тәрбиені ұштастыруымыз қажет.  Мектепте оқу жылының 

басында  негізгі  пәндер  бойынша  әр  баланың  білім  деңгейі  анықталады.    Сынып 

жетекшісі  ата-ана,  оқушы,  пән  мұғалімдерін  байланыстырушы  ғана  емес,  қарым-

қатынастарын басқарушы, бақылаушы, кеңесші. 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында  мемлекеттік  саясат 

негізінде  ең  алғаш  рет  әр  баланың  қабілетіне  қарай  интеллектуалдық  дамуы  жеке 

адамның  дарындылығын  таныту  сияқты  өзекті  мәселелер  енгізіліп  отырғаны  белгілі. 

ХХI  ғасыр  -  бәсеке  ғасыры,  бұл  бәсеке  енжарлықты,  керітартпалықты  көтермейді. 

Еліміз  егемендігін  алып,  өзін  бүкіл  әлемге  мойындата  бастаған  осы  кезеңде  біздің 

қоғам дарынды, қабілетті, жан-жақты жетілген адамдарды қажет етеді. Сондықтан да 

еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі 

таңдағы  негізгі  мақсат  -  ұлттық  құндылықты  әлемдік  деңгейге  шығаруға  қабілетті, 

өзіндік  жеке  көзқарасы  қалыптасқан  тұлға  тәрбиелеу.  Ол  үшін  оқушылардың 

белсенділігін  арттыру,  іздемпаздыққа  үйрету  және  білімді  өз  бетінше  алуы  мен 

қолдана  білетін  дарын  иесін  тәрбиелеу  керек.    Жас  жеткіншектердің  бойындағы 

ерекше қабілеттілікті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар 

беру,  оны  сол  бағытта  жетелеу  -  ұстаз  парызы.  Ұлы  ойшыл  Плутарх  кезінде: 

«Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Сондықтан 

әрбір  ұстаз  бұған  жол  бермеуі  керек»,  -  деген  екен.  ХХI  ғасыр  –  білімділер  ғасыры. 

Сол  себептен  де  білім  сапасын  арттыру,  оқушылардың  дарындылығын  айқындап, 

біліміне,  ойлау  қабілетіне  сай  деңгейлеп  оқыту,  ғылыми  ізденіс  қабілеттерін 

қалыптастыру  -  әрбір  ұстаздың  міндеті.  ХХІ  ғасырдың  жан-жақты  зерделі,  дарынды, 

талантты  адамды  қалыптастыруда  білім  беру  мәселесі  мемлекетіміздің  басты 

назарында. Осы тұрғыда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай 

білу  еркіндігі  тиіп  отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет