1. Гипогликемиялық комада алғашқы берілетін дәріні белгіле: а изотониялық натрий ерітіндісі в 40% глюкоза ерітіндісі



бет2/4
Дата21.06.2023
өлшемі0,56 Mb.
#102769
1   2   3   4
Инсулин мөлшерін енгізу.
Инсулин – түссіз сұйықтық, 40, 80, 100 Б 1мл флаконда шығарылады. Жиі жай инсулин (6-8 сағат) және ұзақ әсерлі (12-36 сағат) қолданылады.
Әзірле: инсулин, арнайы шприц, мақта тампондары, 70 % этил спирті, лоток.

  1. Қолымызды жуып, кептіреміз, этил спиртімен өңдейміз.

  2. Инсулин флаконын алып спиртке батырылған мақта тампонымен сүртеміз, темір қақпағын аламыз, резинка қақпағын спиртке батырылған мақта тампонымен сүртеміз.

  3. Арнайы шприцті ашып, инсулинді керек мөлшерде жинаймыз, 1-2 бөлік артық аламыз. Ауасын шығару арқылы керекті мөлшерге жеткіземіз.

  4. Тері астына енгіземіз. Сан мен иықтың сыртқы аймағына, жауырын асты аймағына, іштің төменгі бөлігіне, жамбасқа енгізеді. Асқыну – липодистрофия болмас үшін енгізу орындарын «жұлдызша» тәртібімен сағат тілімен алмастырылып отырады. Инсулинді аурудың ауырлығына байланысты тәулігіне 1-3 рет, 15-20 минут тамаққа дейін енгізеді.



Инсулиннің мөлшерін есептеу.
Инсулин тері астына тамақтанудан 30 минут бұрын енгізіледі. Инсулин флакондарда 5 мл-ден шығарылады. 1 мл-де 40 Ед инсулин бар. Инсулинді енгізу үшін арнайы инсулин- шприцін қолданады. Жиі аралас шприцті де қолданады.
Липодистрофия асқынуды болдырмау үшін егу жасайтын жерлерін жиі ауыстыру керек.
Іс - әрекет алгоритмі:
1.Инсулинді сорып алудың алдында инсулин шкаласы «бөлігінің бағасын» анықтаңыз.
Инсулин шкаласының қішкентай бөлігі 2 бірлікке сәйкес.
2.Пропорцияны пайдаланып, қай бөлікке дейін Сізге инсулиннің дозасын сорып алу керектігін санаңыз:
1 бөлік – инсулиннің керек дозасы.
2 бөлік – инсулиннің керек дозасы.
Мысалы: инсулиннің 10 бірлігін сорып алу керек:
1 бөлік – инсулин 2 Ед
Х – 10 Ед
Х=10 = 5 (бөлік)
2
3.Аралас шприцті колданған кезде, басқаша есептеуге болады. 1 мл – 40 Ед бар екенін еске алып.
0,1 – 4 Ед инсулин
Х мл – (керек дозасы) Ед инсулин.
4.Шприцке керек мөлшерінен көбірек сорып алыңыз. Шприцтен ауаны шығарғанда және иненің өткізгіштігін тексергенде инсулин сыртқа шығады.
5.Спиртке малынған 2 мақта шаригін дайындаңыз.
6.Егілетін жерді спиртпен өңдеу: бірінші мақтамен көбірек жерді, екіншісімен тек егетін жерді өңдейді. Екінші мақтаны тастамай, саусақпен қысып ұстапңыз.
7.Сол қолымен теріні қысып ұстап, шприцті теріге 45 градуста оң қолыңызбен ұстап, иненің 2/3 бөлігінің тереңдігіне енгізіңіз. Дәріні жіберіңіз. Спиртке малынған мақтамен егу жасаған жерді басып, инені тез суырып алыңыз. Дәрі жақсы сіңуі үшін, сол қолыңызбен мақта шаригімен егу жасаған жерді уқалаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет