1. «Жаңартылған мазмұндағы қазақ тілін оқыту әдістемесі» ғылым және оқу пәні ретінде Қарастырылатын сұрақтар: «Жаңартылған мазмұндағы қазақ тілін оқыту әдістемесі»



бет17/21
Дата21.01.2023
өлшемі157,11 Kb.
#62199
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Қазақ тілінің синтаксистік жүйесі
2.Бастауыш сыныпта синтаксистен берілетін білім мазмұны
3.Сөйлем түрлерін, сөйлемдегі сөздердің байланысын, сөйлем мүшелерін, сөз тіркесін оқыту әдістемесі
Бастауыш сыныптарда синтаксисті оқытудың мақсаты– синтаксистің негізгі бірлігі сөз тіркесі, сөйлем түрлері, синтаксистік байланыстың түрлері және құрмалас сөйлемнің бөліктері, сөйлем мүшелері және олардың жасалу жолдары мен түрлері туралы түсінік беріп, теориялық ұғым қалыптастыру.
Синтаксистік талдау да балалар оқу-жазуға үйренгеннен кейін-ақ басталады. Белгілі бір мәтінде неше сөйлем бар екені, сөйлемде кім я не жөнінде айтылып тұрғаны, сөйлемдердің түрі (хабарлы, сұраулы, лепті) анықталады. Тиісті сұраулар бойынша бастауыш пен баяндауыш, тұрлаусыз мүшелер ажыратылады.
Жазбаша талдауда оқушылар бастауыштың астын бір, баяндауыштың астын екі сызады. Өзара байланысып тұрған сөздерді теріп жазады, берілген бастауыш я баяндауыш бойынша сөйлемдер құрастырады және дәптерлеріне жазады, мәтіннен хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді теріп жазады, сөйлемнің бір түрін басқа түрге айналдырады. Бірыңғай мүшелі сөйлемдерді схемамен көрсетеді
Талдау үнемі тек фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік түрде жүргізілмейді. Қажетіне, мақсатына қарай, тақырыптың сипатына сай, талдау аралас та қолданыла береді. Талдау әсіресе балалардың білімін есепке алғанда жиі жүргізіледі. Бастауыш сыныптарда сөздер құрамы жағынан талданғанда әуелі түбір, сонан соң қосымша, оның ішінде жұрнақтары мен жалғаулары анықталады. Ал сөз табы жағынан сөйлемдегі сөздер бірінші сөзден бастап соңғы сөзге дейін ретімен талданады. Сөйлем мүшелеріне қарай талданған әуелі тұрлаулы мүшелер (баяндауыш, бастауыш), олардың сұраулары, сонан кейін бастауышпен байланысатын тұрлаусыз мүшелер ажыратылады. Сөйлемдегі сөздерді топтау барысында бастауыш пен баяндауыштың сөйлем құрайтынын ескертіп отырған жөн, мысалы: Құстар жылы жаққа ұшып кетті дегенде, құстар ұшып кетті – сөйлем, ал жылы жаққа – сөз тіркесі болады.
Талдауға берілген сөйлемдер, мәтіндер құрылысы жағынан да, мүшелерінің формасы жағынан да әр түрлі сыныпта бағдарламаға сай болуы керек.
Синтаксистік жаттығуларға әдетте пунктуациялық жаттығулар да қосылады: мәтіндегі қойылған тыныс белгілерін талдау, қойылмаған тыныс белгілерін қою, өздері қарастырған сөйлемдер мен мәтіндерге қажетті тыныс белгілерін қойып, түсіндіру.
Сөйлем түрлерін, сөйлемдегі сөздердің байланысын, сөйлем мүшелерін, сөз тіркесін оқыту әдістемесі
Сөйлем – ойды айтудың негізгі формасы. Сондықтан ол 1-сыныптан бастап оқытылады. 1-сыныптың оқушылары сөйлемді сөзден, сөйлеуден ажыратады. Сөйлем соңында дауыстың бәсеңдейтінін, нүкте қойылатынын біледі. 2-сыныпта балалардың сол білімі дамытылады. Оның үстіне сөйлемдердің хабарлы, сұраулы, лепті болатыны, олардың тыныс белгілері, сөйлемдегі сөздердің байланысты, сөйлемнің тұрлаулы мүшелері (бастауыш, баяндауыш) жайында алғашқы мағлұматтар беріледі.
Бұл тақырып бойынша алғашқы сабақты балалардың бұрынғы білімін қорытуға лайықтап ұйымдастыру керек. Балалар алдымен сөйлем сөзден құралатынын, сөйлемдегі әр сөздің бөлек жазылатынын білсін. Соңынан хабарлы сөйлемнің айтылуы, соңына нүкте қойылуы, бас әріптен басталып жазылатын жаттығу жұмыстарын орындау кезінде түсіндіріледі.
Хабарлы сөйлем - сөйлемнің жеңіл түрі. Оны тану, білу 1-сыныптан басталады. Онсыз жыл бойы сабақты дұрыс ұйымдастыру да мүмкін емес.
Сұраулы сөйлемдер әсіресе мұғалімнің сабақ беру әдетінде жиі кездеседі. Мұғалім сұрақ қояды, балалар сұраққа жауап береді. Осыған үйренген бір бала сұраулы сұраулы сөйлем құрап, екінші бала оған жауап берсе (және керісінше), хабарлы сөйлемнен сұраулы сөйлемді айырып түсіндіруге келетін дұрыс жол болмақ. Сұраулы сөйлем жайындағы сабақты осылай бастап, сұраулыдан кейін сұрақ белгісі қойылатынын, оның таңбасын балаларға білдіріп алып, кітаптағы жаттығуларды орындатуға кірісуге болады. Жаттығу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде оқушылар сұраулы сөйлемнің хабарлы сөйлемнен басқаша айтылатынын, соңына сұрақ белгісі қойылатынын, сұраулы сөйлемде қайда, қанша, не, кім сияқты сөздер, ма, ме.... сұрау шылаулары болатынын біліп, өз беттерімен сұраулы сөйлемдер құрай алатын болсын.
Лепті сөйлемді ондай терең оқытуға көп уақыт жұмсамаса да болады. Оның табиғатын түсіну хабарлы, сұраулы сөйлемнен гөрі балаға ауыр тиеді. Оның үстіне баланың тілін дамытуда, оқулықта ондай сөйлемдер онша жиі кездеспейді. Сондықтан– лепті сөйлемдердің жиі кездесетін айқын түрлері ғана практикалық жұмыс үстінде таныстырылады.
Сөйлем жайында олардан басқа да берілетін білімнің жалғасы – «Сөйлемдегі сөздердің байланысы» деген тақырып. Бұған дейін оқушылар сөйлемнің сөзден тұратынын біледі де, бірақ сөздем сөйлем құраудың басты шарты - өзара байланысы - әдейілеп оқытылмады. Енді оқушылардың назарын соған аударғын жөн.
Сөйлемдегі сөздердің байланысы мағыналық және тұлғалық жағынан қарастырылады. Оларды сұрақтар қою арқылы, сөздердің жалғауларын түсіріп айту, түсірілген жалғауларды дұрыс қойдыру арқылы сөздер байланысын аңғартуға болады. Сонымен бірге оқушылар сөйлем мүшелері мен сөз таптарының ара жігін ажырата алатындай болуы керек. Соңында оқушылар сөздер өзара байланысу арқылы ғана сөйлем құрайтынын білсін.
Бастауыш жайында түсінік бергенге дейін оқушылар сөйлемде кім? не? деген сұрауларға жауап беретін сөздерді сөйлем ішінен даралап көрсетуге машықтанады. Содан соң, сөйлемде кім? не? жайында айтылғанын білдіріп, ойдың иесі болып тұрған бұл сөздердің бастауыш екені түсіндіріледі.
Баяндауыш болатын сөздерді түсіндіру үшін алдымен сөз таптары туралы оқушылардың есіне түсіру керек. Баяндауыш бастауыштың іс-әрекеті мен қимылын білдіретіні және олардың сөйлемді аяқтап, тиянақтап тұратыны, сұрақтары түсіндіріледі. Баяндауыш болатын сөз табы етістік екені, кейде сөйлем соңында тұрып, бастауыштың кім, не екенін көрсететін зат есімнің баяндауыш болатынын, бастауыштың сынын, санын, білдіретін сан есім, сын есімдердің де баяндауыш болатыны баяндау әдісімен түсіндіріледі. Бастауыш пен баяндауыш сондай өзара байланысқан сөздер тобы екенін, бастауыш сөйлемнің кім, не туралы айтылғанын білдіретінін, баяндауыш оның ісі, қимылы екенін оқушылар дұрыс түсінетін болсын.
Тапсырмалар мен сұрақтар

  1. Синтаксис ғылымы нені зерттейді?

  2. Бастауыш сыныптарда синтаксисті оқытудың міндеттерін ата.

  3. Сөйлем түрлері қалай ұғындырылады?

12. Дәріс тақырыбы: «Мәтін» тақырыбын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері


Қарастырылатын сұрақтар:
1. Мәтін туралы түсінік беру, мәтіннің өзіндік белгілерін таныту жолдары
2. Бастауыш сыныпта мәтін құрылымын және түрлерін таныту әдіс-тәсілдері
3. Мәтіндегі негізгі ойды анықтауға, ат қоюға, мәтіндегі тірек сөздерді табуға үйрету
Мәтін туралы түсінік беру, мәтіннің өзіндік белгілерін таныту жолдары
Оқушыларға мәтін белгілерін таныту үшін оны өзара мағыналық байланысы жоқ бірнеше сөйлемдер тобымен салыстырады. Сөйлемде белгілі бір ой ғана айтылса, мәтінде сол ойдың ары қарай дамуы көрінетініне оқушы назары аударылады. Оқушыларға мәтін дегеніміз белгілі бір ойдың төңірегінде құрылған бірнеше сөйлемдердің жиынтығы екені, мәтіндегі сөйлемдер мазмұны жағынан өзара байланыста болатындығы, яғни мәтіннің мағыналық тұтастық белгісі таныстырылады. Талдау барысында оқушылар мәтінге ат (тақырып) қоюға болатынын анықтайды. Мәселен, мынадай тапсырма орындатылады:
Бірінші, екінші бағандағы сөйлемдерді салыстырып оқы.
Ара – жәндік. Оқушы құс-. Ара – бал беретін қанатты жәндік. Ол гүл
тың суретін салды. Апам шырынмен қоректенеді. Балды омартаға
көйлек тікті. жинайды.
– Бірінші бағандағы сөйлемдерде не туралы айтылған?
– Екінші бағанда ше? Қандай айырмашылық байқадың?
– Қай сөйлемдер тобы өзара байланысып тұр, қайсысында байланыс жоқ? Неге?
Осылайша талдау арқылы мәтіннің белгілерін, ерекшелігін анықтап, мынадай қорытынды жасайды:
1) кез келген сөйлемдер тобы мәтін бола алмайды;
2) мәтін болу үшін сөйлемдер арасында мағыналық байланыс болады;
3) бұл мағыналық байланыс «ол, балды» деген «тірек» сөздер арқылы жүзеге асады.
Мәтін туралы түсінік берілгеннен кейін орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құра, мәтінді оқып неше бөліктен тұратынын айт, жоспар немесе тірек сөздер бойынша мәтін құра, сурет бойынша мәтін құрастыр деген сияқты тапсырмалар орындатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет