1-жаттығу: аяқты ұрлап әкету



бет2/3
Дата05.11.2022
өлшемі18,75 Kb.
#47644
1   2   3
Тырысу неліктен болады
Тырысудың негізгі және ең көп тараған себебі аяққа жүктеме (артық) дұрыс түспегеннен. Ал белгілі бір сәтте ол тырысу түрінде пайда бола бастайды. Мұндай стресті не тудыруы мүмкін? Оның туындау себебі бұған дейін болған сколиоздан және құйымшақ-сегізкөз аймағындағы жарақаттан болуы мүмкін. Ал соның салдарынан жамбас сүйектері жайылып, содан аяққа жүктеме дұрыс түспейді.
Негізінде бұл адамның жүруіне кедергі болуы керек еді. Бірақ біздің ағзамыздың кереметтігі сонша, ол бейімделіп алады. Бірақ бұлшықеттер сау денеге қарағанда көбірек жұмыс істей бастайды. Сонда оларға денені тігінен ұстап тұру үшін, қатты күш жұмсауға тура келеді. Ал адам ұйқыға жатқанда, ол демалғандай болады, бірақ аяқтың бұлшық еттері босаңсымайды. Ұйқы кезінде, қан айналымының ұлғаюына байланысты қозғалыс кезде жоғалып кететін, батырып, керіп ауыртатын әсер пайда болуы мүмкін.
Әдетте, отыру, жүру, секілді кез келген қозғалыс бұлшықетке түсетін күшті жеңілдетеді, бірақ егер төменгі дененің механикасы бұзылса, бұл жеткіліксіз болмақ. Сондықтан, бұл процесс түнде жалғасады, ал ұйықтап жатқанда аяқтың бұлшықеті тартыла бастайды. Соның салдарынан адам оянып кетуі және тіпті ұйқысыздықтан зардап шегуі мүмкін. Бұл тынышсыз аяқтың синдромы деп аталады. Шын мәнінде, тырысу деген осы.
Сондай-ақ бұлшықеттердің тырысуын тудыратын себептердің арасында мыналар бар:
– Дене белсенділігі: ұзақ жүру, қарқынды жаттығулар. Тысыру бұл жағдайда бұлшықеттердің қалпына келмегені, демалмағаны және оларда жинақталған алмасу өнімдерінің толығымен жуылмағаны туралы белгі береді.
– Спортшылар денеге шамадан тыс күш түсіріп, спортпен жаттығып жатқан кезде де жиі тырысу пайда болады.
Сонымен бірге, жүкті әйелдерге өспелі күш түскенде тырысу пайда болуы мүмкін. Жүктілік лакмус қағасы сияқты жұмыс істейді. Яғни, ол тірек-қимыл аппаратындағы қиындықтар мен бұрынғы жасырын ақауларды ашады.
– Қалқанша жанындағы бездің жұмысының бұзылуы. Ал оның салдарынан кальций ішекте баяу сіңіріледі.
– Гипогликемия немесе қандағы глюкоза деңгейін төмендеуі.
– Д дәруменінің жетіспеушілігі. Әрине, бұл тікелей себеп емес. Дегенмен, бұл витаминнің жетіспеуі тырысудың жанама белгісі болуы мүмкін. Ал Д дәруменіне тапшылық тұрғындардың көпшілігінде кездеседі, және бұны елеумеуге болмайды.
Егер, мұндай синдром үнемі пайда болса жәнеол аяқтың бұлшықеттеріне ғана емес, басқа жерлерге де әсер етсе міндетті түрде эндокринологпен кеңесу керек.

Ал егер жүзу кезінде, мысалы, бассейнде аяғыңызды төменге тартып бара жатқандай әсер болса, бұның екі себебі бар. Біріншіден, бұл шамадан тыс жүктемеге үйренбегеннен болады. Яғни, балтыр бұлшықетіне қатты күш түсіп, саусақтардың созылуынан осындай әсер болады. Екінші себеп – суықтан. Өйткені, төмен температура спазмды өздері тудыруы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет