1. Жұлын. Жұлын құрылысының сегменттік принциптері. Жұлынның нейрондары


Жүрек циклы және оның фазалық құрылымы. Жүрек жұмысы кезіндегі, жүрек дыбысының туындауы



бет94/169
Дата31.12.2021
өлшемі231,89 Kb.
#22584
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   169
55.Жүрек циклы және оның фазалық құрылымы. Жүрек жұмысы кезіндегі, жүрек дыбысының туындауы.

Жүректің циклы
Жүрек мниутына 70-72 рет соқса, жүрек циклы (айналымы) 0,8—0,9 секке тең болады. Жүрек соғуы жиілесе не сиресе, оған орай айналым уақыты не ұзарады, не қыскарады. Айналымуақыты көбінесе диастоланың ұзақтығына байланысты, яғни жүрек соғуы жиілесе, оның дем алысы (диастоласы) қысқарады.Систолаға қажет уақыт мөлшері көбінесе өзгермейді.Жүрекайналымы 0,1 секундке созылатын жүрекше систоласынан басталады. Оң жүрекше жнырылуы 0,01 секундтей ертерек басталады. Өйткені онда жүректі қоздыратын синоатриалдық түйін орналасқан. Қозу осы түйінде туады да, оң қарыншаға бұрынырақ жайылады. Систола кезінде жүрекшелерде қан қысымы с.б. б. 5—8 мм-ге жетеді. Бұл уақытта қарыншалар диастоладаболады, ал атриовентрикулярлық қақпақшалар ашық болғандықтан қан жүрекшеден қарыншаға құйылып тұрады.Жүрекше жиырылған сәтте оған қан жеткізетін веналардың өзегі қысылып жабылып қалады. Сондықтан қан жүрекшеден веналарға қарай кері қайтпайды, веналарда қысым төмен болғанмен де қан өтпейді.Систоладан кейін жүрекше диастоласы және қарынша систоласы бір мезгілде басталады. Қарынша систоласы 0,33 секундке созылады, ол ширығу және қан айдау (шығару) кезеңдері болып екіге бөлінеді. Ширығу — 0,08, қан айдау — 0,05 секундке созылады. Ширыгудың өзі екі кезеңнен тұрады: 0,05 секундке созылатын асинхрондық жиырылу мен 0,03 секундке созылатын изометрлік жиырылу. Асинхрондық кезеңде қарынша еттерінің бәрі бірден жиырылмайды. Жиырылу қозуға сәйкес ет талшықтар тобын біртіндегі қамтиды. Қарынша қуысында қысым онша өзгермейді, сондықтанатриовентрикулярлық қақпашалар ашық калгында қалады.Изометрлік кезеңде қарынша еті түгелдей ширығады (қатаяды), бірақ оның қуыстары қанға толы болғандықтан жиырыла алмайды, яғни ет талшықтарының ұзындығы өзгермейді. Сондыктан да бұл кезең изометрлік кезең деп аталған (грек. Isos бірдей, метр ұзындық). Мұнда ет талшықтарының қатаюына байланысты қарыншалардағы қан қысымы біртіндеп көбейеді.Жүрек қақпақшалары жабық қалпында қалады. Сондықтан қан қысымы көтеріледі, ол қарыншалардан шығатын қолқа мен өкпесабауындағы кысымнан асып түскен соң айшық қақпақшалар
ашылып, ширығу кезеңі қан айдау кезеңіне ұласады. Ширығудың изометрлік кезеңінде сол карышада қан қысымы с. б. б.70-80 мм-ге, оң қарынша 15—20 мм-ге жетеді. Оң қарыншадағы қысым сол қарыншадағыдан 3-4 есе төмен болатыны, оның қабырғасындағы еттің соншалық жұқа болуына байланысты.
Қарыншалар систоласының қай айдау кезеңі айшық қақпақшалардың ашылу мезгілінен басталады. Бұл тез және баяу қан айдау кезеңдеріне бөлінеді. Тез қан айдау кезеңі -0, 12, ал баяу қан айдау кезеңі — 0, 13 секундке созылады.Қан айдау кезеңіндеайшық қалпақшалар ашылғаннан кейін қанның қарыншалардан қан тамырларына ығуына мүмкіншілік туып, талшықтары жиырылып қатты қысқарады, сондықтан карыншадағы қан қысымы арта түседі. Баяу кезең аяқтала бастағанда Миоциттер катты жиырылғандықтан қысым одан әрі көтеріледі. Сол қарыншадағы кысым с. б. б. 120-130 мм-ге дейін артады, ал Оң қарыншада 25—30 мм-ге жетеді. Кан айдаудың баяу кезеңіндеқанның қарыншалан колка мен өкпе артериясына өтуін қамтамасыз ету үшін қан тамырлары қысымынан көтеріліп келе жатқан
қарыннадағы қан қысымы жоғары болуға тиіс. Осыған орай жүректің жиырылуы да күшейе түседі.Қан айлау кезеңі аяқталысымен қарынша диастоласы басталады, ол 0,47 секундке созылады. Бұл 4 кезеңнен тұрады: протодиастола, изометрлік босау, қанға толу, пресистолалық.
1. ПротоДиастола кезеңі қарына диастоласының алғашқы
1-ші сатысы, оның ұзақтығы 0,04 секун. Жүрек еттерінің бәрі бірдей бір мезгілде босай алмайды, біртіндеп топ-тобымен босайды.Сондықтан қарыншалардан қан қысымы әлі де болса жоғары болғандықтан, ол біртіндеп төмендейді, айшық қақпақшалар атылган күйінде қалады.

2. Изометрлік босау кезеңінде (ұзақтығы 0,08 секунд) айрық қақпақшалар жабылады да, ал жақтаулы қақпақшалар ашылмай жабық күйінде қалады. Ет талшықтары тұтас және бір мезетте босаңсуына байланысты қарынша қуысында қысым бастайды. Бұл қысымның деңгейі жүрекшедегі қысымнан


мендеген сәтте қос жақтаулы және үш жақтаулы қақпақшалар ашылады да, қан қарыншаға құйыла бастайды. Олан əрі үшінші кезең басталады.
3. Жүректің қанға толу кезеңі ең ұзақ 0,25 секунд созылады. Бұл екі кезеңнен тұрады: тез толу (0,08 с), баяу толу (0,17 с). Қарыншаның қанға тез толу себебі: жүрекше-қарынша систоласы кезінен бастап ұзақ уақыт босаған қалпында (диастола) қалады да әбден қанға толып керіледі, ондағы қан қысымықаннан босаған қарыншадағы қысымнан едәуір артық келеді,
Сондықтан қан жүрекшелерден лақылдап қатты ағады. Бірақ келесі кезенде қарынша қанға тола бастасымен күрекшедегі қанның қарыншаға ағуы баяулай бастайды. Қарынналардың систоласы және диастоласы кезінде жүрекшелер диастола қалпында болғандықтан да оған қуысты веналардың екеуінен де қан құйылып тұрады, сөйтіп жүрек диастоласының үшінші кезеңінде жүрекше де, қарынша да қанға толады. Екеуінің аралығындағы
Қосжақтаулы және унижақтаулы қақпақшалар ашық күйінде қалады. Қорыта келгенде, жүрек көбіне диастола кезінде қанға толады,
4. Пресистола кезеңінде (ұзақтығы 0,1 с) жүрек циклының
жаңа кезеңі басталады, яғни жүрекшелер жиырылады да қарыншаға қосымша қан құйылады.Журек минутіне 65—80 рет соғады. Жүрек соғуы сиресе (минутына 40—50) брадикардия деп, ал жиілесе (минутіне 150) тахикардия деп аталады. Сырқаттанған кезде жүрек шектен тыс жиі соғуы мүмкін. Минутіне 400 рет соқса, оны аyniлдеу (трепетание) деп, ал 600-ге жиілесе, оны жыбырлау (мерцание) деп атайды.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет