1. Жүрек қантамырлар жүйесі. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Қантамырлардың жіктелуі, дамуы. Қантамырлардың гемодинамикалық жағдайларға байланысты құрылысы, тіндік құрамы мен өзара байланысы



бет3/31
Дата22.04.2023
өлшемі66,31 Kb.
#85681
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
гисторк2

3. Аралас типті. Құрылысы бойынша бұлшықетті және эластикалық артериялар арасында аралық орын алады. Оларға бұғанаасты, ұйқы артериясы мен мықын артериясы жатады.
Ішкі қабықша құрамына базальді мембранада орналасқан эндотелий, эндотелийасты қабат және ішкі эластикалық мембрана кіреді.
Ортаңғы қабақша құрамында тегіс бұлшықет жасушалары (спиральді орналасқан) мен эластикалық талшықтар тең мөлшерде болады. Тегіс бұлшықет жасушалары мен эластикалық элементтер арасында аз мөлшерде фибробласттар мен коллаген талшықтары кездеседі.
Артерияның сыртқы қабақшасы екі қабаттан тұрады: құрамында бұлшықет жасушалардың жекелеген шоғырынан тұратын – ішкі, және бойлай-қиғаш орналасқан коллагенді және эластикалық талшықтар шоғыры мен дәнекертіндік жасушалардан тұратын – сыртқы қабат ажыратылады.
Сыртқы қабықша құрамында тамырлардың тамырлары мен нерв талшықтары орналасады.
2.Артериялар.Гемодинамикалықжағдайынабайланысыартерияқабырғас ының құрылыс ерекшеліктері. Әртүрлі артериялардың: бұлшықетті,эластикалық жәнеараластиптітүрлерініңқұрылысы менқызметі.
Қан тамырлар дегеніміз диаметрі әр-түрлі тұйықталған түтікшелер. Олар тасымалдау қызметін атқарады, мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуін, қан мен тіндер арасындағы зат алмасуды реттейді.
Қантамырлары:

  • Артериялар;

  • Микроциркуляторлы арна тамырлары;

- Веналар.
Қантамырлардың құрылысы гемодинамикалық жағдайларға (қанағысының жылдамдығына, қан қысымына) байланысты болады.
Қан тамырының дамуы.Қан тамырлары мезенхимадан қалыптасады да, біріншілік және екіншілік ангиогенезге немесе васкулогенезге жіктеледі. Алғашқы бастамасы біріншілік ангиогенез ұрықтық дамудың 3-ші аптаның басында пайда болады.Ұрықтан тыс мүше саруыз қабының қабырғасындағы мезенхима жасушаларынан дамиды. Бұл мезенхима алдымен қан аралшықтарын түзеді.Аралшықтағы жасушалар 2 топқа бөлінеді:
-Гематогенді- қан жасушалары дамитын топ
-Ангиогенді- біріншілік эндотелиоциттердің бастамасын беретін тобы,олар бір-бірімен байланысып алғашқы қан тамырының қабырғасын түзеді.
Келесі екіншілік ангиогенезде пайда болған қан тамырының қуысының қалыптасуы.
-Интраэндотелиальды механизм-жасуша цитоплазмасында вакуольдер пайда болып,бір-бірімен қосылып,жасуша ішінде саңылау қалыптастырады.
- Интраэндотелиальды (жасуша аралық) ттүрі-эндотелиоциттер бір-бірімен байланысып,қан тамырының алғашқы қуысын түзеді.
3-ші апта соңына қарай қан тамыры қабырғасындағы ет жіне дәнекер тінді қабықтары дами бастайды.

Қантамырлардың қабырғасы 3 қабықшадан тұрады:





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет