Тармақтарының жүру жолы: Парасимпатикалык талшықтары кезбе жүйкенің артқы ядросынан (nucleus posterior пеrvi vagi) шығады және жүйкенің құрамында миокардка, ішкі ағзалардың бұлшыкеттік және шырышты қабықтарына, сонымен бірге бауырға және ұйқы безіне, ірі кан тамырларға тарамдалады.
Парасимпатикалық талшықтардан келетін импульстер, жүректің жиырылу жиілігін азайтады, қан тамырларды кенейтеді, бронхтарды тарылтады, асқазан-ішек жолдарының қуысты ағзаларының перисталтикасын күшейтеді.
Кезбе жүйке ми бетіне сопақша мидың артқы латералды жүлгесінің бүйір бетінен өтіп, бұл жүйкенің сабауын құрап, одан әрі мойындырық тесік арқылы ми сауытынансыртқа шығады.
Ми сауытынан сыртқа шықаннан кейін, кезбе жүйке мойынның қан тамыр-жүйке шоғырымен бірге ішкі мойындырық тамыр мен ішкі ұйқы артериясы аралығынан төмен қарай өтіп, кеуде қуысының жоғарғы тесігі арқылы кеуде қуысына кіреді. Кеуде қуысында оң жақ кезбе жүйкесі бұғана асты артериясының, сол жақ кезбе жүйке қолқа доғасының алдынан жанай өтіп, одан әрі төмен бағытта өкпе түбірінің артынан өңештің бойымен құрсақ қуысына өтеді. Өңеш бойында кезбе жүйкенің тармақтары өңеш өрімін (plexus oesophageus) түзейді.
Өңеш тесігінің маңында айтылған тармақтар қосылып, сол және оң кезбе жүйкеге сәйкес, кезбе жүйкенің екі сабауын түзейді: алдыңғы (truncus vagalis anterior) және артқы (truncus vagalis posterior). Кезбе жүйке жүйкелендіретін мүшелерінің аумағы көлемді және құрылысы күрделі болғандықтан, тармақтарының мүшелерде топографиялық орналасуына қарай төрт аймаққа немесе бөліктерге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |