Кезбе жүйкенің кеуде бөлігінің тармақтары: Кезбе жүйкенің қайырылма көмей жүйкесі (nervus laryngeus recurrens) аралас, кеуде қуысының жоғарғы тесігі маңында кезбе жүйкеден шығады. Оң жақ қайырма көмей жүйкесі оң жақ бұғана асты артериясының жанынан, ал сол жақ қайырма жүйке — қолка доғасымен шектескен жерден шығады. Екі жүйке те өңеш және кеңірдек арасындағы жүлгеден көтеріліп, осы ағзаларға тармақтар береді. Соңғы тармағы төменгі көмей жүйкесі (nervus laryngeus inferior) көмейге барып қозғалтқыш талшықтары барлық бұлшықеттерді, ал парасимпатикалық және сезімтал талшықтары — көмейдің шырышты қабығын жүйкелендіреді. Қайырма көмей жүйкесінің сезімтал және парасимпатикалық тармақтары кеңірдекті, өңешті, қалқанша және қалқанша маңы бездерін жүйкелендіруге қатысады.
Кеуде маңынан басталатын жүректің жүйке тармақтары (rami cardiaci thoracici) сезімтал және парасимпатикалық, кезбе жүйкенің қайырма көмей жүйкесі шығатын жерінен басталып, жүрек өрімін түзуге қатысады.