Ішкі құлак (auris interna) самай пирамидасының қабатында дабыл қуысы мен ішкі дыбыс жолы арасында орналасады. Ол сүйекті және жарғақты лабиринттен тұрады. Сүйекті және жарғакты лабиринт арасында перелимфамен (perilympha) толған кеңістік болады. Жарғақты лабиринттің іші мөлдір сұйықтық эндолимфамен (endolympha) толған.Сүйекті лабиринттің (labyrinthus osseus) ортанғы бөлігі-кіреберісін, алдыңғы бөлігі-
ұлуды және артқы бөлігі-үш жартылай дөнгелекті өзектерді ажыратады.
Ұлу (cochlea) ұзындығы 20—30 мм иірімді сүйекті өзек, ол кіреберістен басталып екі жарым оралым жасап, ұлу кабыршағына ұқсап оралады. Ұлу өзегі қуысына, оның барлық айналымдары бойында сүйекті табақша
lamina spiralis ossea) өтеді. Ол өзектен аздап қыска және күмбезге жетпей калады. Ұлудың ішкі есту өтісіне қараған негізін (basis cochleae) және дабыл куысына қараған күмбезін (сирula cochleae ажыратады