2. Жартылай дөңгелекті түтіктер (ductus semicirculares) сүйекті жартылай дөңгелекті өзекшелерде орналасады және олардың кұрылысын қайталайды. Жартылай дөңгелекті түтіктердің де ампулалық және қарапайым
аяқшалары болады. Түтіктердің түкті сезімтал жасушалары ампулалы қырларда (cristae атpullares) орналасады. Олар көлденең қатпар
түрінде әрбір ампуланың үштен бір бөлігін алып жатады. Осы клеткаларда кіреберіс түйіні клеткасының дендриттері аяқталады. Басты бұрған кезде жартылай дөңгелекті түтіктерде эндолимфа жылжып, ол түкті жасушаларды тітіркендіреді, ол VIII бас сүйек жүйкелерінің вестибулярлы бөлігінің ұштарына беріледі. Бұл қозулар дененің күйін және көз алмасын
түзететін (коррекциялайтын) бұлшықеттердің рефлекторлы түрде жиырылуына алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |