34. Бас ми негізіндегі бас-ми нервтері түбіршектерінің топографиясын жазып беріңіз.
І жұп – Иіс сезу нерві (nervi olfactorii) – мұрын қуысынан 15-20 жіңішке нерв жіпшелері түрінде торлы сүйектің торлы табақшасы (lamina cribrosa ossis ethmoidalis) арқылы бассүйек қуысына кіріп, иіс сезу буылтығына (bulbus olfactorius) жалғасады.
ІІ жұп – Көру нерві (nervus opticus) – сынатәрізді сүйектің sulcus chiasmatis аймағында жартылай қиылысып, chiasma opticum құрайды.
ІІІ жұп – Көзқимыл нерві (nervus oculomotorius) – үлкен ми аяқтарының медиалды жүлгесі (sulcus cerebri cruris cerebri).
ІV жұп – Шығыршық нерві (nervus trochlearis) – ми аяқшаларын латеральды жағынан орап өтіп, дорсальды бетіне шығады.
V жұп – Үшкіл нерв (nervus trigeminus) – ми көпірі мен мишықтың ортаңғы аяқшаларының арасында.
VI жұп – Әкететін нерв (nervus abducens) – ми көпірі мен сопақша мидың арасында.
VII жұп – Бет нерві (nervus facialis) – мишықтың ортаңғы аяқшалары мен оливаның арасында.
VIII жұп – Кіреберіс-ұлу нерві (nervus vestibulocochlearis) - мишықтың ортаңғы аяқшалары мен оливаның арасында, бет нервінен латеральды.
IX жұп – Тіл-жұтқыншақ нерві (nervus glossopharyngeus) – оливадан дорсальды кішкентай жүлгеден алдыдан артқа қарай.
X жұп – Кезбе нерв (nervus vagus) - оливадан дорсальды кішкентай жүлгеден алдыдан артқа қарай.
XI жұп – Қосымша нерв (nervus accessorius) - оливадан дорсальды кішкентай жүлгеден алдыдан артқа қарай, сопақша мидан, жұлынның жоғарғы сегменттерінен.
XII жұп – Тіласты нерві (nervus hypoglossus) – пирамида мен оливаны бөліп тұрған алдыңғы бүйір жүлгеден (sulcus lateralis anterior).
Достарыңызбен бөлісу: |