Париетальды тармақ:
1. Төменгі көкет артериясы a. phrenica inferia. Артерия өз жолында үш тармаққа бөлінеді:
а) Алдыңғы тармақ, r. anterior, көкеттің алдыңғы бөлімдерін қанмен қамтамасыз етіп, a.musculophrenica-мен анастомозданады.
б) Артқы тармақ, r. posterior, көкеттің артқы бөлімдерін қанмен қамтамасыз етіп, аа. intercostales-бен анастомозданады.
в) Жоғарғы бүйрекүсті артериясы, a. suprarenalis superior, төменгі көкет артериясының бастапқы бөлімінен тармақталатын жіңішке тармақ, бүйрекүсті безін қамтамасыз етеді. Өз жолында өңештің төменгі бөлімімен ішастарға бірнеше ұсақ тармақтар береді.
2. Бел артериялары, aa. lumbales I-IV бел омыртқа денелері тұсында құрсақтық қолқаның артқы қабырғасынан басталатын төрт жұп артерия.
Әрбір бел артериясы омыртқалардың көлденең өсінділеріне жеткен соң, артқы тармақ,r.dorsalis, береді.
3. Орталық сегізкөз артериясы, a. sacralis mediana, құрсақтық қолқаның артқы бетінен басталатын тікелей жалғасы. Орталық сегізкөз артериясынан V бел омыртқа аймағында жұп ең төменгі бел артериясы, a. lumbalisima, тармақталады, ол т. iliopsoas-ты қанмен қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |