Висцеральды тармақ:
I.Құрсақтық сабау, truncus coeliacus, ұзындығы - 1-2 см қысқа тамыр, құрсақтық қолқаның алдыңгы бетінен XII кеудеомыртқа тұсында,І беломыртқаның жоғарғы жиегінде немесе XII кеуде омыртқасы денесінің төменгі жиегінде басталады. Артерия алға бағытталып, үш тармаққа бөлінеді: сол асқазан артериясы, a. gastrica sinistra, жалпы бауыр артериясы, a. hepatica communis, жэне кекбауыр артериясы, a. lienalis.
1. Сол асқазан артериясы, a. gastrica sinistra, аталған үш артерияның ең кішісі.
2. Жалпы бауыр артериясы, a. hepatica communis, ұзындығы - 4 см, ірілеу тармақ. Екі тармаққа: меншікті бауыр артериясына және асқазан он екі елі ішек артериясына бөлінеді.
3. Көкбауыр артериясы, a. lienalis кұрсақтық сабаудан тар мақталатын артериялардың ең ірісі. Артерия аттас венамен бірге сол бағытталып, үйқыбездің жоғарғы жиегінің артында орналасады. Көкбауыр артериясынан ұйқыбезді, асқазанды және үлкен шарбыны қанмен қамтамасыз ететін келесі тармақтар таралады.
а) Ұйқыбез тармақтары, rr. pancreatici, көкбауыр артериясының барлық деңгейінен тармақталып, без паренхимасына кіреді.
б) Көкбауырлық тармақтар, rr. lienales, көкбауыр артериясының 4-6 есебіндегі соңғы тармақтар, көкбауыр қақпасы арқылы паренхимаға кіреді
в) Қысқа асқазан артериялары, aa. gastricae breves,
г) Сол асқазан шарбы артериясы, a. gastroepiploica sinistra.
II. Жоғарғы шажырқай артериясы, a. mesenterica superior- қолқаның алдыңғы бетінен, кұрсақтық сабаудан сәл төмен (1-3 см), ұйқыбездің артында басталатын ірі тамыр.Жоғарғы шажырқай артериясы келесі тармақтар береді: жіңішке ішекке (тек он екі елі ішектің жоғарғы бөлігіне емес), соқыр ішекке құрттәрізді өсіндісімен, жоғарылаған жиек ішекке және жартылай көлденең жиек ішекке.
Жоғарғы шажырқай артериясынан келесі артериялар тармақталады:
1. Төменгі ұйқыбез - он екі елі ішек артериясы, a. pancreaticoduodenalis inferior.
2. Ішектік артериялар, aa. intestinales, жоғарғы шажырқай артериясы доғасының шығыңқы бөлігінен рет-ретпен тармақталатын 15 мөлшерінде басталатын тамырлар
3. Мықын жиек артериясы, a. iliocolica, жоғарғы шажырқай артериясының жартысынан, жіңішке ішек шажырқайы түбінен оң басталады.
4.Оң жиектік артерия, a. colica dextra. Оң жиектік артерия жиек ішектің жоғарылаған бөлігінен қашықтықта жоғарылаған және төмендеген тармақтарға бөлінеді.
5. Ортаңғы жиектік артерия, a. colica media, оң және сол тармақғарға бөлінеді.
Оң тармақ a. colica dextra-ның жоғарылаган тармағымен, ал сол көлденең жиек ішектің шажырқайлық жиегімен жүріп, a. colica sinistra-ның жоғарылаған тармағымен анастомозданады.
III. Төменгі шажыркай артериясы.
Төменгі шажыркай артерия, a. mesenterica inferior, құрсақтық қолқаның алдыңгы бетінен, III беломыртқа тұсында тармақталып, ішастар артында сол және төмен жүріп, үш тармаққа бөлінеді.
1. Сол жиектік артерия, a colica sinistra, сол шажырқайлық қойнауда, ішастар артында, сол несепағар мен сол атабез артериясыньң (анабез артериясының), a. testicularis (a. ovarica) sinistra, алдында жатып, жоғарылаған және төмендеген тармақтарға бөлінеді.
2. Сигматәрізді артерия, a. sigmoidea, бастамасында ішастар артында, кейін сигматәрізді жиек ішек шажырқайы табақтарының арасында жатады;
3. Жоғарғы тік ішек артериясы, a. rectalis superior, төменгі шажырқай артериясының соңғы тармағы болып саналады.
4. Ортаңғы бүйрекүсті артериясы, а. suprarenalis media - құрсақтық қолқаның жоғарғы бөлімінің бүйір қабырғасынан, одан жоғарғы шажырқай артериясыныц тармақталатын жерінен сәл төмен басталатын жұп, кішкене тамыр. Ол сыртқа көлденең бағытталып, көкеттің аяғын кесіп өтіп, бүйрекүсті безге барады, без паренхимасында жоғарғы және төменгі буйрекүсті артерияларының тармақтарымен анастомозданады.
5. Бүйрек артериясы, a. renalis жұп ірі тамыр. Әрбір бүйрек артериясы бүйрек қақпағына жетпей төменгі бүйрекүсті артериясын, a. suprarenalis inferior, береді, бүйрекүсті без паренхимасына кіріп, ортаңғы және төменгі бүйрекүсті артерияларымен анастомозданады.
6. Атабез артериясы, a. testicularis - кұрсақтық қолқаның алдыңғы бетінен, бүйрек артериясынан сәл төмен (кейде оң және сол артериялар жалпы сабаумен) басталатын жұп, нәзік артерия. Ол төмен және латералді бағытталып, т. psoas major-да жатады, өз жолында несепағарды, шекаралық сызықтың үстінде сыртқы мықын артериясын кесіп өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |