53) Иіс сезу миы.Құрылысы және қызметі
Иіс сезу миы (гр. rhinencephalon; rhinos — иіс, encephalon — ми) — соңғы мидың төменгі бетінде орналасады. Ол иіс баданасынан (сұрзаттан тұрады — біріншілік иіс орталығы), латеральды және медиальды иіс жолдарынан (өткізгіш жолдар), иіс үшбұрышынан, алмұртша бөліктен тұрады. Иіс үшбүрышы мен алмұртша бөлік — сұрзаттан тұрады. Бұлар екіншілік иіс орталығының қызметін атқарады. Өткізгіш жолдар ретінде жүйке талшықтарынан құралған латеральды және медиальды иіс жолдары — сұрзаттан құралған латеральды және медиальды иіс қатпарларын сыртынан қаптай, біріншілік иіс орталығы — иіс баданасын, екіншілік иіс орталықтары — иіс үшбүрышымен және алмұртша бөлікпен байланыстырады. Иіс үшбүрышы - латеральды және медиальды иіс жолдарының арасында жатады. Латеральды иіс жолы алмұртша бөлікке, ал медиальды иіс жолы — жол бойы иісмаңы алаңын жасап, ми жабынының медиальды бетіне өтеді. Латеральды және медиальды иіс жолдары — қабылданған тітіркеністі иіс баданаларындағы біріншілік иіс орталықтарынан, иіс қатпарларына, иіс үшбүрыштарына, иісмаңы аландарына, алмұртша бөліктердің сұрзатындағы екіншілік иіс орталықтарына, одан әрі аралық ми гипоталамусына және ортаңғы миға өткізеді. Алмұртша бөліктің ішіндегі қуысы — бүйірлік ми қарыншасының артқы жалғасы. Алмұртша бөліктің ішкі қабырғасында аммон мүйізінің ұшы аяқталады. Алмұртша бөлікті артқы және ішкі жақтарынан гиппокамп саңылауы шектейді.
54) Асықты жілік артериясының тармақтарын,қанмен қамтамасыз ететін аймақтарын ата.
Достарыңызбен бөлісу: |