Омыртқа жотасыныц веналары оның сыртқы және ішкі беттерінде өрімдер түзеді.
1. Омырткалардың сыртқы веналық өрімі (plexus venosi vertebralis externi) омыртка жотасының алдыңғы және артқы беттерінде орналасады. Сондықтан келесі түрлерін ажыратады:
а) омыртқалардың алдыңғы сыртқы веналық өрімдері (plexus venosi vertebrales externi anteriores) қанды омыртқалар денесінің алдыңғы бөлімінен, алдыңғы бойлық жалғамадан және көршілес бұлшықеттерден (мойынның терең бұлшықеттері) жинайды;
б) омыртқалардың артқы сыртқы веналық өрімдері (plexus venosi vertebrates externi posteriores) омыртқалар доғасының, көлденең және қылқанды өсінділерінің артқы бетінде орналасып, қанды арқа мен омыртқалардың терең бұлшыкеттері мен терісінен жинайды.
2. Омырткалардың ішкі веналық өрімдері (plexus venosi vertebrates interni) омыртка өзегі қуысында орналасып, оның сүйектік қабырғасының ішкі бетінде, қатты ми қабығынан сырт жатады және бойлық орналасқан өрімдер түзеді: а) омыртқалардың алдыңғы және б) артқы ішкі веналық өрімдері plexus venosi vertebrales interni anteriores et posteriores алдыңғы өрімдері ipi веналардан, ал артқылары ұсақ веналардан түзеді. Олар үлкен шүйде тесігінен сегізкөз өзегінің төменгі шетіне дейін орналасады. Алдыңғы және артқы веналық өрімдер көлденең анастомоздармен байланысып, әрбір омыртқа деңгейінде веналық сақиналар түзеді. Сонымен қатар, омыртқалардың артқы ішкі веналық өрімдері омырткалардың артқы сыртқы веналық өрімдерімен, ал алдыңғы ішкі - алдыңғы сыртқы өрімдерімен байланысады. Бұл өрімдер қанды омыртқалардан және ішкі жалғамалардан жинап, үлкен шүйде тесігі тұсында шүйде веналық қойнауымен және негізгі веналық өріммен байланыста болады.
3. Базалді - омыртқалық веналар (vv. Basivertebrales) өзектің кемік затымен жүріп, омыртқалар денелерінің артқы бетіне бағытталады және омыртқалардың алдыңғы ішкі верналық өрімі (plexus venosus vertebralis internus anterior) құйылады. Омыртқалардың ішкі веналық өрімдері омыртқааралық тесіктер арқылы омырткалардың алдыңғы сыртқы веналық өрімімен, мойын бөлігінде омырткалық веналармен, кеуде-қабырғааралық веналармен, бел-бел веналарымен байланысады. Омыртқалар өрімдері жұлынның жұмсақ қабығында орналасатын жұлындық веналармен (vv. Spinales) байланысады. Жұлын мен омыртқалар өрімдерінен қанның ағысы жартылай омыртқааралық веналар (vv. Intervertebrales) арқылы немесе сегментаралық - vv. vertebrales, vv. intercostales, vv. lumbales, vv. sacrales laterales, жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |