Иық-бас веналары, оң және сол (vv. brachiocephalicae dextra et sinistra) бастан, мойыннан және қолдан қанды жинайды. Әрбір иық-бас венасы (apertura thoracis superior) аймағында сәйкес төс-бұғана буынының артында екі венаның: ішкі мойындырық венамен (v. jugularis interna) және бұғанаасты веналарының (v. Subclavia) бірігуінен құралады. Оң иық-бас венасы (v. brachiocephalica dextra) оң төс-бұғана буынының артында құрылып, I қабырғаның медиалді шетіне вертикалді төмен түседі де, қарама-қарсы жақтағы аттас венамен қосылады. Венаның оң беті кабырғалық өкпеқабына жанасады. Сол иық-бас венасы (v. brachiocephalica sinistra) оңнан екі есе ұзын. Өзінің түзілген орнынан жоғарыдан төмен, солдан оңға қиғаш бағытталып, төс сабының артында тікбұрыш жасап, оң иық-бас венасымен қосылады. Өзінің артқы бетімен қолқа доғасы мен оның тармақтарына жанасады. Венаның артқы бетіне кезбе және кокет нервтері жанасады.
Иық-бас веналарына құйылады:
Көкірекаралық ағзаларынан бірнеше қатар веналар: а) айырша веналары (vv. Thymicae), б) көкірекаралық веналары (vv. Mediastinales), в) жүрекқап веналары (vv. Pericardiacae); г) өңеш веналары (vv. Esophageae) д) бронх веналары (vv. Bronchioles); е) кеңірдек веналары(vv. Tracheales) ж) жүрекқап-көкет веналары(vv. Pericardiacophrenicae).
Тармақтары
Ең жоғарғы қабырғааралық веналар( vv. intercostales supremae) сол жэне оң, оң жағынан қанды 2-3 жоғарғы қабырғааралық кеңістіктен, ал сол жағынан - 3-4 жоғарғы қабырғааралық кеңістіктен жинайды. Оң ең жогарғы қабырғааралық вена жиі тікелей оң иық - бас венаға немесе қосымша жартылай сыңар венаға қүйылады.
'Төменгі қалқанша веналары (vv. thyroideae inferiores) 1-3 мөлшерінде сыңар қалқанша өрімі веналарынан( plexus thyroideus impar) , басталып, кеңірдектің жоғарғы бөлігінің алдыңғы бетінде және қалқанша бездің төменгі бөлімінде орналасады.
Мойынның терең венасы (v. cervicalis profunda) жұп (m. Semispinalis) үстінде, атланттың артқы доғасы аймағында омыртқалардың сыртқы веналық өрімінен басталады. Мойынның терең венасы шүйде ( V. Occipitalis) анастомоз түзіп, мойын омыртқаларының көлденең өсінділерінің артымен төмен түседі. Қанды шүйде бұлшықеттерінен жинап, кейде иық-бас венага( V. Brachiocephalica), ал жиі омыртқа венасына (V. Vertebralis) қүйылады.
Омыртқа венасы (v. Vertebralis) жұп, үлкен тесіктің артқы шеті аймағында шүйде сүйегінен басталып, шүйде венасымен анастомоз түзеді.
Ішкі кеуде веналары (vv. thoracicae internae) аттас артериялардың жан-жағында екі венадан қосарлана жүреді. Ішкі кеуде веналары іш қабырғасында жоғары құрсақүсті веналары атауымен басталып, аттас артериялармен қосарлана жүреді. Олардың қақпақтары бар; қанды алдьңғы іш қабырғасының жоғары бөлімінен жинап, төменгі қүрсақүсті веналарымен( v. epigastrica inferior) анастомоз түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: |